• Ақпарат
  • 02 Мамыр, 2024

Ерік Абитов, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: Әр азамат өзіне жауапты болуға тиіс

Президенттің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы онлайн-форматта өтті. Жиынға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахым, ҚХА мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ассамблея жастары, медиация, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары  қатысты.
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблея­сының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында бес кеселден аулақ болуды тапсырды. Бұл іске Ассамблеяны тікелей жұмылдыру керек екенін айтты. Мемлекет басшысы: «Ассамблея жастардың идео­логиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды», – деп қадап айтты. 
Сессия отырысында да Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.
Президент сөзінің жаны бар, жоғарыда аталған кесел – ұлтқа келген тажал. Расында, қалыпты һәм қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі, жағымсыз әрекеттен біржола арылуымыз керек. Ол үшін балалар мен жастарға дұрыс тәрбие берген абзал. 
«Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Ендеше, бір нәрсені естен шығармайық, «ұлы істер шағын әрекеттерден басталады».  Сол себепті әр жан өзінің іс-әрекетіне жауапты болуға тиіс. 
Президент айтқандай, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысқан дұрыс деп ойлаймын. 
Ал сан ұлттың басын қосқан Алматы облысында 105 этнос өкілі тұрады. Облыста  Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 мүшесі, ал аймақта барлығы 26 этномәдени орталық бар. Облыстық этномәдени бірлестіктер – 12. Аудандық – 11. Қалалық этномәдени орталықтар – 3. Аккредиттеуден өткен – 19 (9  облыс­тық, 8  аудандық, 2  қалалық).  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің саны – 146, оның ішінде  1 облыстық, 1 қалалық, 9 аудандық, 135-і ауылдық округтерде құрылған.  Жалпы мүшелерінің саны 919 адамды құрайды. Ақсақалдар  кеңесі – 141, оның ішінде 1 қалалық, 9 аудандық,130 ауылдық округтерде құрылған. Ал жалпы мүшелерінің саны – 1 203. Облыс бойынша 1 медиация кабинеті, 18 медиативтік алаң бар. Облыс бойынша ҚХА жанында реестрде 26 медиатор (2 кәсіби, 24 қоғамдық медиатор) тіркелген. 
Жалпы, Президент тапсырмаларын орындау – біздің міндетіміз. Сондықтан «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыс­тық өкілеттілігі, кәсіпкерлер қауымдас­тығы, жетекші журналистер клубы, Ассамблея мүшелері мен этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенді мүшелері сессияда берілген тапсырмаларды орындау мен алдағы міндеттерді жүзеге асыруды барынша қолдайды.

936 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8763

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7060

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4804

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4190

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4152

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4113

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3843

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3843

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы