• Білім және ғылым
  • 03 Сәуір, 2009

«ҚазҰУ қалашығы – көзімнің қарашығы...»

Өткен сенбі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қарашаңырақтың 75 жылдығына арналған «Студенттік көктем» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. «Студенттік көктем» фестивалі – университеттің барлық факультеттері мен колледж студенттері қатысатын кең ауқымды шығармашылық жоба ғана емес, студенттердің әсерлі, ұмытылмас мерекелерінің бірі. 28 бағыт бойынша жобаға қатысушы 2000-нан астам сайыскерлер екі айға жуық бақ сынасқан. Сайыстың 3 кезеңі бойынша іріктеліп алынған студенттер классикалық, халық, эстрада әндерін орындау және би билеу мен авторлық сазды шығармалар, студенттік бейнесюжеттер, фотосуреттер, пародия, цирк қойылымдары және ұлттық аспаптарда ойнауда өнер көрсетті. Әсіресе, ұлты кәріс, халықаралық қатынастар факультетінің студенті Александр Цойдың Үкілі Ыбырайдың «Гәккуін» әуелете шырқауы көрерменге ерекше әсер сыйласа, химия факультеті студенттерінің киім үлгілері кәсіби дизайнерлердің қолынан шыққандай сәнді де сапалы көрінді. Бұл сында ҚазҰУ-дей «қара шалдың» сүт кенжесіндей болған колледж басқа факультетттерден оқ бойы озық келді. Одан бөлек жүлделі екінші орынды халықаралық қатынастар фаультеті, ал үшінші орынды биология мен экономика және бизнес факультеттері өзара бөлісті. Өнерде топ жарған жеңімпаздарды ҚазҰУ ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов құттықтап, арнайы диплом мен сыйлықтар табыс етті. Бұл әдемі де әсерлі кеш талай жанның жастығын «ұрлаған» ҚазҰУ-де мәңгі көктем екенін дәлелдей түскендей болды. Өкініштісі сол, ҚазҰҰ қабырғасында осыдан бір-екі жыл бұрын ғана тұсауын кескен «Адаспаңдар», «Бағдаршам» атты қанатқақты қойылымдарымен-ақ көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, республикалық басылымдардарда аға буынның батасы мен бағасын алған «Біз» жастар театрын да, оның әртістерін де бұл байқаудың жеңімпаздары арасынан көре алмадық.

4069 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7182

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6188

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3929

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3320

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3277

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3247

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2975

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2962

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы