• Ақпарат
  • 16 Тамыз, 2012

БОКС БАҺАДҮРІ

 

Иә, біз солай дегенбіз. Олимпиадашыларымыз дүбірлі додаға аттанып жатқанда «Иә, сәт! Қажымұқан бабамыздың аруағы қолдасын!» деп жүрекжарды тілегімізді айтқанбыз. Алла тағала ниетімізді қабыл етті. Біздің спортшыларымыз ел мерейін асырды. Қазақ елінің көк байрағы Лондон аспанында сан мәрте желбіреді. Алтыншы алтынды қанжығамызға бөктеріп, асып-тасып тұрғанымызда, «Шіркін-ай, жетіншісін де жетектеп кетер ме еді» деп бұл «несібемізден» де қатты дәмелендік. 7 саны қазақ үшін қасиетті саналатын. Қазақтың бағы бар екен. Бұл тілекті де Жаратқан қабыл етті. Боксшы Серік Сәпиевке – мың мәрте алғыс. Бокс өнерінің нағыз баһадүрі екен. Қарсыластарынан мерейі үстем болып, Олимпиаданың алтын медалін иеленді.  Спортшыларымызға дүйім елмен бірге Елбасы Н.Назарбаев та зор сенім артқан еді. Үлкен жолға шығар алдында үміткерлерімізді өзі қабылдап, иықтарына ауыр жүк артқан. Ол жүк – ел сенімі. Ақырында Елдің де, Елбасының да сенімі ақталды. Мемлекет басшысы әр спортшы жүлделі орынға ие болған сайын, өзінің жүректен шыққан құттықтауын жолдап отырды. Енді ертең, яғни 17 тамызда Елбасының қатысуымен жүйріктерді, ұлттық құраманы салтанатты ұлықтау рәсімі өтпек. Жеңімпаздар мемлекеттік наградалармен марапатталмақ. Оларды Елбасының өзі табыстайтын болады.

3068 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5984

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5595

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3333

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2717

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2680

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2655

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2389

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2374

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы