• Ақпарат
  • 29 Қаңтар, 2009

Кауфманның әдісі әлі де қауіпті

Түркістанда 16 ұлттың өкілі тұрады. Бірақ, бұлардың басым көпшілігін қазақ пен өзбек халқы құрайды.Қаладағы мектептің саны – 31, осының 4-еуі аралас орыс-қазақ орта мектебі. Осы төрт мектепте оқитын таза орыс халқының балалары – 164 және оған украин – 3, грегі – 7, кәрісі – 13, полягі – 2, осыларды қосқанда барлығы 189 оқушы. Міне, бас-аяғы жиылып екі жүзге де толмайтын орыс пен өзге ұлттардың балалары үшін қазақ пен өзбек халқының бірнеше мыңдаған ұл-қыздарын туған діні мен тіліне теріс қаратып, ұлттық әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінен жеріндіріп жатырмыз.

Кезінде Сырдария губерниясының генерал-губернаторы К.П.Кауфман Ақмешіттегі орыс-түзем мектебін арнайы көруге келіпті. Орыс тілінде оқып жатқан қазақ балаларының орыс тілін жап-жақсы меңгеріп қалғандарын байқайды. Бірақ, үзілісте ойнап жүрген әлгі қазақ балаларының өз тілдерінде сөйлеп жүргендерін көреді. Міне, осыдан кейін генерал-губернатор мектепті аралас етуге тапсырма береді. Арада біраз күндер өткеннен кейін тапсырмасының қалай орындалғанын білу үшін екінші рет келгенде, қазақ балалары мен орыс балалары араласып, орыс тілінде еркін сөйлесіп, ойнап жүр екен. Бұл әдісті кезінде Н.И.Ильминский де құптап, барынша қолдайды. Сөйтіп, К.П.Кауфман мен Н.И.Ильминскийдің отарланған аз ұлттардың бәрін ортақ бір тіл мен дінге келтіру саясаты аралас мектеп арқылы өмірге осылай келді. Ал, бұл саяси әдісті кешегі Кеңес үкіметі жетілдіріп, өте әдемі пайдаланды.

Жасыратыны жоқ, қызыл империяның кезіндегі солақай сол саясат өз алдымызға егеменді ел болғанымызға 17 жыл болса да біздің санамызға судай сіңіп, тастай батып, әбден қалыптасып қалғандықтан күні бүгінге дейін әлі жалғастырып келеміз.

Осы аралас мектептерден біздің күнделікті көріп-біліп жүргеніміз: таза ұлттық мектептерде оқитын балаларға қарағанда, мінездері шәлкем-шалыс, қазақы өмірге икемсіз, мейірімсіз, ата-ананы сыйлауы төмен, үлкенге де, кішіге де сен деп сөйлейтін, автокөліктерге мінерде де үлкендерге жол бермей, бұрын мінетіндер де, тар жерден ары-бері өткенде де үлкен кісілерді итермелеп, кезекке қарамайтындар да осы аралас және орыс мектептерде оқитын оқушылар. Ал, өзіміздің ұлттық мектепте оқитындардың мінез-құлықтары аналарға қарағанда – тіпті өзгеше. Міне, осы жағдайды алдын ала болжаған қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов 1914 ж. «Қазақ» газетіне жариялаған «Бастауыш мектеп» атты мақаласында: «Орысша школдарда тәртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Бірақ сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе – қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып орыс тіліне түсіреміз дейді. Хүкіметке жағымдысы – қол астындағы жұрттың жазу-сызу тілі, діні бір болу. Орыспен бірдей болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал, әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу» – деп, баяғыда-ақ дәлелдеп, жұрты сақтандырған болатын. Бірақ, А.Байтұрсыновтың бұл ойын жалғастырып, іске асыратын мүмкіндіктің болмағаны рас. Өйткені, коммунистік партияның қаһары өте күшті болды. Оған дәлел: Қазақстан бойынша 1991 жылға дейін аралас мектептердің жалпы саны – 1689-ға жеткен болатын.

Жасыратыны жоқ, сол рухани құлдықтың санамызға мықтап сіңгенінің белгісі – тәуелсіздік қолымызға тигелі бері де осы аралас мектептерден біртіндеп құтылудың орнына, қайта оны көбейтіп жатырмыз. Тап қазірдің өзінде біздің елімізде 2068 аралас мектеп бар. Ал Түркістанда кеңес дәуірі кезінде аралас мектеп екеу болса, бүгінгі таңда оның саны төртеуге жетті. Оның есесіне қалада тұратын еврейлер тегіс көшіп кетті, орыстар да жыл өткен сайын бірте-бірте азайып бара жатыр. Сондықтан орыс тілдес ұлттардың шоғырланған жеріндегі аралас мектептің біреуін соларға арнап, осы мектепке шеттен келгендердің балаларын (орыс, украин, кәріс, неміс, грек балаларын) оқытқан өте орынды әрі тиімді болар еді. Сөйтіп, аралас мектептен түбегейлі арылуға мүмкіндік туар еді. Өйтпесек, аралас мектептердің пайдасынан тигізер зияны көп, оның шет-жағасын жоғарыда айттық. Бұған тағы да қосарымыз: үзіліс кезінде және сабақтан тыс уақыттарда аралас мектептің оқушылары өзара ұлтқа бөлініп, түрлі жағдайда ерегістер, ұрыс-керістердің болып тұратынын көріп те, естіп те жүрміз. Мектеп басшылары мен сынып жетекшілері оны жасырады. «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды» дегендей, сол мектептерде оқитын балалар арқылы қандай жағдайлардың болып жатқанын біліп отырамыз. Оның үстіне аралас мектеп оқушылары – негізін қазақ пен өзбек және түрлі аз ұлттың балаларынан құралғандықтан ол мектептерде сөйлеу орталығы тек орыс тілі болады да, мемлекеттік тілдің мерейін көтеруге үлкен кедергі келтіретіні белгілі.

Бірақ, қалаға келген әкімдердің бәрі де осы секілді ұлттық мүддені көздейтін күрделі мәселелермен айналыспайды, зерттемейді. Ал оқу мен білім саласындағы басшылардың бұған мән бермей, кеңес кезіндегі ескі сүрлеумен жүріп келе жатқандары өкінішті-ақ!

Елтай Бимаханбетұлы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зейнеткер

2904 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7104

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6152

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3891

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3283

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3238

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3212

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2940

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2927

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы