• Мәдениет
  • 05 Мамыр, 2009

«Гүлдер» жүрген жерге гүл өседі

Қазақ эстрадасының «төлқұжатына» айналған «Гүлдер» ансамбліне биыл 40 жыл толды. Сонау 60-шы жылдардың соңында қазақ эстрадасында тұсауын кескен «Дос-Мұқасан» ансамблі жігіт атаулыға шаш қою мен серілік дәуреннің мектебі болса, «Гүлдер» ансамблінің қыздарына қарап әр қазақтың қызы бой түзеді. Алғаш қазақы оюланған сахналық костюмді осы жерде киген жастар үлкендердің батасын алу үшін қаздай тізіліп, Жазушылар одағына барыпты. Міне, өнеге деп осыны айтыңыз. «Гүлдердің» төңірегіне жиналған бір топ өнерлі жас Лермонтов театрының сахнасында 1969 жылы 29 қазанда концерт қойды. Ансамбльдің алғашқы адымының табысты болғаны соншалық, театрға келгендер тарамай қояды. Бұл қазақ эстрадасында жаңа жұлдыздың туып келе жатқанын сездірді. «Гүлдер» гастрольдік сапармен төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел кезді. Тіпті аптасына Мәскеуге үш рет, Францияға екі рет барып келетін ансамбльдің күніне 5-6 концерт қоятын да кездері кездесті. Олар дүниенің қай тарапына барса да, «Привет, казахскому мюзиклу!» деп құшақ жая қарсы алатын. Күн санап даңқы дүрілдеп келе жатқан ансамбльге әлем елдері халықтарының қол соғып, таңдай қағатындай жөні бар еді. «Гүлдердің» әншілері әр қайсысы сахнада тоқтамастан 20 әнге дейін жанды дауыспен ән шырқаса, бишілері 40 күн қатарынан аяқтарынан тік тұрып билеуге бар жігерлі жастар-тұғын. Тіпті салған жерден сол елдің де биін қағып ала қоятын олардың талантына тамсанатындар жетіп-артылатын. Ол кезде «Гүлдерге» мемлекет тарапынан көмек көл-көсір болды. Гастрольдік сапардан «Гүлдер» де құралақан оралмайтын. Атышулы ансамбльдің алғашқы құрамы әу баста 6 қыз, үш жігіт болған дегенге бүгінде біреу сенсе, біреу сенбейді. Олардың сахнасы – қазақтың дархан даласы еді. «Гүлдер» кішкентай ауылдың мәдениет үйінің шұрық-тесік еденінде тұрып та өнер көрсетті. Қала берді, бүкілодақтық байқауларды былай қойғанда, Франция, Германия сынды әлемнің жүздеген әйгілі сахналарында да жұлдыздары жарқырады. «Гүлдер» ансамблі ешкімге еліктеген жоқ. Өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан қазақ эстрадасы бола білді. Дүниежүзінің халықтарына қол соқтырған да осы ұлттық бет-бейнесі еді. «Гүлдер» талай қазақ жастарына өнер жолына ғана емес, өмір жолына да жолдама берді. Оған дәлел де бар. Қазақ жерінің әр түкпірінен жиналған жастардың арасынан өз жартыларын осы жерден тапқандары қаншама. Мәселен, «Гүлдердің» алғашқы бағдарламасын жасаған талантты режиссер Серік Елеусізов пен Әсембала Елеусізова, Қайсабек Әшімов пен Светлана Әшімова, Қапаш Құлышева мен Еркін Сілетдинов, Қайрат Бердібеков пен Жәміш Мұсылманқұлова, Рахым Тәжібаев пен Ажаргүл Тәжібай, Құдайберген Сұлтанбаев пен Набат Айдәулетова сынды өнер тарландары осы қара шаңырақта бас қосып, жұп құрап, өнер айдынында бірге жүзді. Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығаштарын өнер көгіне ұшырған «Гүлдердің» басында бұлт үйірілген замандар да болды. «Гүлдерді» таратып жібергісі келгендер, оны басқа ұжымға қосып, құтылғысы келгендер де кездесті. Алайда ансамбльде әр кездері басшылық жасаған азаматтардың бәрі өнер өз ортасынан шыққандықтан, «Гүлдердің» шаңырағын шайқалтпай ұстап қалды, ұстап та келеді. «Гүлдер» талай жанды есейтті. «Гүлдерге» келгенде он сегіз жасар қыз Қапаш Құлышева бүгінде әже атанса да, осы ұжымда жүр. Қысқасы, «Гүлдер» жүрген жерге гүл өсті. Динара СЕРІКҚЫЗЫ

3861 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7056

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6132

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3870

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3263

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3217

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3192

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2920

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2908

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы