• Ақпарат
  • 05 Маусым, 2009

Бизнесте сапалық өзгеріс байқалады

Алматыдағы Рахат Палас қонақүйінде «National Business Forum-2009 spring» атты бизнес форумы өтті. Жиынға бас-аяғы 200-дей адам қатысып, оған ҚР Премьер-министрі орынбасары Серік Ахметовтың басшылық жасады. Форум National Business журналы мен Қазақстан кәсіпкерлері Форумы, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қолдауымен ұйымдасытырылды.   Пленарлық кеңестің беташарын ашқан вице-премьер Серік Ахметов әуелі ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың форум қонақтарына жолдаған сәлем хатын оқып берді. Онда National Business Forum-ның бүкіл әлем сын сағатында тұрған уақытта өтіп жатқандығы басты назарға алыныпты. Ал бұл тығырықтан ұлттық экономиканы барынша гүлдендіріп, керісінше ұтып шығу үшін күш біріктіру керек. Дағдарыстан кейінгі кезең қандай болмақ, қазірден бастап осыны ойлау керек делінген. «Елбасы күні кешегі өткен «Нұр Отанның» кезектен тыс съезінде күн тәртібіндегі бірінші өзекті мәселе ретінде елді индустриялизациялауды атаған еді. Өз кезегінде мұндай үлкен міндеттің үдесінен шығу үшін бизнес қауымдастықтың бірігіп әрекет еткені керек», – деді министрлер кабинетінің басшысы өз сөзінде. Сондай-ақ ол, басқасы басқа, нақ кәсіпкерлердің өтінші бойынша Үкімет жанынан дағдарысқа қарсы кеңестің құрылғандығын атап өтті. «Ең басты мақсат – бизнеске барынша көмек беру ғана емес, дағдарыстан кейінгі кезеңнің де қамын ойлау» деп «қыстың қамын жазда ойлау» керектігін еске салды. Ол үшін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тауар-технологиямыздың сапасына көңіл бөлу бірінші кезекке шықпақшы екен. Дәстүр бойынша, ұлттық бизнес форумда тек қана макроэкономиканың үлкенді-кішілі мәселелері ғана талқыланбады. Гуманитарлық секция да жиылған көпшіліктің назарына ұсынылды. Сарапшылар осы тұста «Интелектуальдық ұлт – 2020» стратегиясының басымдықтарына кеңінен тоқталды. Олардың айтуынша, «Болашақтықтар» Қазақстанның бүгінгі индустриализацияға бағдары үшін таптырмас қуат көзі. Тіпті, әлемнің жетекші ЖОО осы күннің өзінде «made in Kazakhstan» маркасымен шығатын тауарлардың күн санап көбейіп бара жатқандығына үрке қарап жатқан көрінеді. Бұған қатысты ой толғаған «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек басқаша құндылықтарға сусындаған жаңа элита қалыптасып жатқандығын, бастысы сандық емес, сапалық өзгеріс барлығын мақтанышпен айтты. Абылай Қалназар

2529 рет

көрсетілді

46

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5812

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5480

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2544

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2277

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2259

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы