• Ақпарат
  • 20 Мамыр, 2010

Түркияда келінді тәрбиелеу курстары бар

16 мамырда «Анкара» қонақүйінде KATEV білім қорына қарасты «Шаһлан» түрік бастауыш мектебінің ұйытқы болуымен түрік қолөнерінің жәрмеңкесі өтті. 2000 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шарада Қазақстандағы түрік әйелдері жасаған сыйлық заттар, тұрмыстық бұйымдар, Түркиядан әкелінген өнімдер көпшілік назарына ұсынылды.1994 жылы ашылған «Шаһлан» мектебінде Қазақстанда қызмет етіп жатқан түрік азаматтарының балалары білім алуда. Егер бұл жәрмеңкеден түсетін қаржының жоғарыда аталған мектеп қорына құйылатынын ескер­сек, Анадолы халқының ұрпақ тәрбие­сіне қаншалықты мән беретіндігін аңға­руға болады. Әрі бұл базардағы өнім­дердің басым бөлігі – түрік әйел­дері­нің қолынан шыққан бұйымдар. Сондықтан үй шаруасындағы түрік қыз-келіншектері 6 айда бір рет қолөнер жәрмеңкесін өткізеді. Бұған 2 айда бір рет түрік тағамдарының көпшілікке ұсынылатынын қоссаңыз, қазақ келіндеріне де үлгі болар жайт екені даусыз. «DA. Қазақстан» журналының редакторы Мәлік Отарбаевтың айтуын­ша, Түркияда «Келін тәрбиелеу» орталықтары бар екен. Бұл мекемелер кей облыстарда мемлекет тарапынан қаржыландырылатын көрінеді. Тіпті қоғамдық ұйымдар да осындай курстардың ақылы бөлімдерін ашып, отанасы болған қыз-келіншектерге тамақ пісіруді, тоқуды, киім тігуді үйретеді екен. Қазақстандағы түрік ағайындардың жұбайлары арнайы Түркияға барып, қолөнер бұйымда­рын жасауды үйреніп, елімізге келген соң көрген-түйгендерін осылай көпшіліктің назарына ұсынып әрі ақша тауып, қаражатты ұрпақтың сапалы білім алуына жұмсайды. Байқасаңыз, сөрелерде түрлі ыдыс-аяқтан бастап, көрпе-жастыққа дейін орын алған. Мұндағы кестелі сүлгілер де сұранысқа ие. Қыз-келіншектердің бір тобы орамалдардың саудасын қыздырып тұр. Олардың қайсысы болмасын үстеріне ұзын көйлек, бас­тарына орамал тағыпты. Қайырымдылық көрсетуді бас­ты назарға алған аталған жәрмеңке жарнаманы қажетсініп отырған жоқ. Олардың негізгі мақсаты – жоғары­да атап өткендей, ұрпақтың білімі мен отанасының білігін арттыру. Енде­ше, түрік халқының бұл игі ісін ұлт­тық қолөнерді дамытуда пайдалансақ, бас­тама баршаға пайдалы болары анық. Жанар Елдосқызы

2380 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5977

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5588

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3326

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2710

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2673

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2648

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2382

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2367

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы