• Ақпарат
  • 20 Мамыр, 2010

Күйге көрсетілген құрмет

tlendiev_nurgisa_1Тараз қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатының ауласынан дәулескер күйші, дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды. Туынды авторлары Болат Құсайынов пен Елдар Исақов күйші бейнесін асқан шеберлікпен сомдап шыққан.Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) – «Алтын таулар» операсы (Қ.Қо­жамьяровпен бірлесіп жаз­ған), «Достық жолымен» балеті (Л.Степа­новпен бірлесіп), оркестрге арналған «Ата толғауы», «Аққу» поэ­маларының, 40 шақты өлеңдер мен романстардың авторы. Ол 100-ге тарта спектакль, көркем және деректі, мультипликациялық фильмдерге музыка жазған. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (1953-1961), Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің (1961-1964) бас дирижері болған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» ор­кестрін ұйымдастырып, өмірінің соңына дейін оның жетекшісі болып қалды. Сондықтан құрылғанына 10 жылдан асқан аталған мектеп оқушылары үшін бұл игі бастаманың ұлағаты мол болары анық. Ескерткіш мүсіннің ашылу салтанатына Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні мен қызы Дінзухра және күйші мұрасы жанашырларының бірі Оралжан Масатбаев қатысты. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Төлепберген аяулы майдангер күйші жайында тебірене сөз сөйледі. Майталман өнер иесінің оркестр алдында шалқып тұрған сәтін еске салатын айшықты мүсіні бұған дейін тек қана Жамбыл баба бейітінің қасындағы күйші қабірінің басында болатын. Сондықтан Жамбыл облысының орталығындағы Нұрғисаның мү­сінін еліміздегі алғаш рет ашылып отырған ескерткіш деуге толық негіз бар. Осы орайда ұлт өнерінің жанашыры, академик Ахмет Жұбанов 1945 жылы соғыс аяқталуға небары екі ай қалғанда елге демалысқа келген Нұрғисаны сол кездегі республика партия ұйымының бірінші хатшысы Жұмабек Шаяхметовке алып барып, елге домбырашылар қажет деп қолқа салып, алып қалғанын көбіміз біле бермейміз. Сондықтан ескерткіштің Жеңіс мерекесі қарсаңында ашылуы да тегін емес. Кезінде Парламент Сенаты­ның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов Қазақстан Республикасы Үкіметінен Нұрғиса Тілендиевтің көзі тірісінде тұрған пәтерін оның мұражайына айналдыруды сұраған еді. Биыл атақты композитор, білікті дирижер әрі домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 85 жыл толып отыр. Ендеше, игі шаралар легі үзілмесін! Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

3504 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5952

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5571

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3309

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2693

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2656

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2631

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2365

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2350

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы