• Ақпарат
  • 20 Мамыр, 2010

Трансазиялық парламенттік форум: ынтымақтастық бастауы

Жуырда Алматыда «ЕҚЫҰ Еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламенттік форумы болып өтті. Парламентаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту мақсатын көздейтін бұл шара Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі шеңберінде көрініс тапты.

Форумға ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемле­кеттер Парламенттерінен, Жерорта теңізі және азиялық әріптестер Ұйымдарынан делегаттар, сондай-ақ Ауғанстан, Пәкістан және Йордания парламентшілері, ха­лықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары, дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысты. Шараның ашылу салтанатында Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумшыларға арналған үндеуін ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев оқыды. Онда бүгінгідей қатерлі заманда бірауызды бола білу және де өзара әріптестікті арттыру керектігі баса айтылған болатын. Жиында Парламент Сенатының Тө­раға­сы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея­сы­ның вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алды. Ол өз сөзінде ЕҚЫҰ-ның трансаймақтық ынтымақтастықтағы және қазіргі әлемдегі қатерлерге қарсы іс-қи­мылдағы ЕҚЫҰ-ның ерекше рөлін атап өтті. – Қазақстан, оның реформаларды табыс­ты жүзеге асырудағы және ха­лықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тә­жірибесімен бұл үдерісті жүргізуге және ЕҚЫҰ-дағы жалғасып келе жатқан оң өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір, – деді Парламент Сенатының Төрағасы. Мұнан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов құттықтау лебізін білдірді. Оның айтуынша, парламентаралық форум ЕҚЫҰ кеңістігінде ынтымақтастық пен өзара түсіністік үрдісінде жаңа серпін береді. Өйткені осы маңызды басқосуға қатысушылар өз халқының сенімді өкілдері болып табылады. – Сондықтан да ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер парламентшілерінің Қазақ­станда басқосуы қазіргі заманғы маңызды мәселелерді тиімді шешудің жолдарын айқындау үшін өте маңызды болып отыр, – деп түйіндеді ол өз ойын. Әрине, айтса айтқандай-ақ, қазіргі таңда ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азиялық бағыттың маңыздылығы артуда. Сол себепті де, қайсыбір сарапшылар айтпақшы, ЕҚЫҰ қызметінің еуразиялық қырына қатысты тақырыбы өте өзекті. Бұған дау жоқ. Осыған орай форум барысында бағдарламалық үш сессия жұмыс істеді де. Мұны да айрықша атап өткен жөн. Біріншіден, «Аймақтық қауіпсіздік. Ауғанстан, терроризм және есірткі заттарымен күрес, қарусыздану» тақырыбы қаузалған болса, екіншіден, «Еуразия: Дамушы нарықтар және өріс алған шақырулар. Экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек көші-қон, экологиялық мәселелер» атты мәселе талқыға салынды. Ал үшінші ретте «Адамзаттық өлшем. Діни төзімділік, саяси даму, адам саудасымен күрес, гендерлік теңдік» сынды түйткілдері жан-жақты екшеленді. Олардың ішінде Қырғызстандағы қауіпсіздік және тұ­рақ­тылық мәселелері күн тәртібіндегі басты тақырып ретінде сын нысанасынан түспеді. Ерболат МАМЫРАЙХАН

3169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5953

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5572

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3310

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2694

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2657

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2632

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2366

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2351

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы