• Ақпарат
  • 20 Мамыр, 2010

Тәуелсіздік және тұлға

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР конституциялық заңы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заңы екі оқылымда қабылданды.

Парламенттің қос палатасы бірінен соң бірі қабылдаған бұл заңдар бүгінде қазақ қоғамында қызу талқылануда. Оның объективті себептері де жоқ емес. Айталық, бірінші заң Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру­ге бағытталды. Құжат бойынша Мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін айқындау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің конституциялық мәртебесін оның жұртшылыққа танылған Елбасы мәртебесіне сәйкес келтіру мақсатында бірқатар конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, заң жобасында мем­лекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамаларды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымен келісу қажеттігі көзделеді. Сондай-ақ оның ҚР Президенті – Елбасы өкі­леттіктерін орындау кезінде жасаған, ал олар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайтындығын айқындау ұсынылады. Мұнымен қатар оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе оның жеке басын тексеруге болмайды. Сонымен бірге заң жобасымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы мен бюсті орналасатын жерлер оның туған жері мен Қазақстан Республикасы астанасы болып табылатыны айқындалған. Екінші заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлаға­ны және абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұққаны, суретін бүлдіргені, заңды қызметін атқаруына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Және де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің конс­­ти­туциялық мәртебесін оның жалпыға ортақ танылған Елбасының мәртебесіне сәйкес келтіруді көздейтін түзетулер енгізілген. Осы орайда айта кетерлік жайт, қабылданған заң бо­йынша конституциялық заңға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы – Қазақстан Республикасының негізін қалаушы» деген өзгерту енгізілді. Құжаттың бастамашысы болған Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадовтың айт­уынша, Парламент қабылдаған заңнамада респуб­лика Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша тарихи миссиясына байланысты оның мәртебесін, өкілеттігін нақтылау мен қызметін қамтамасыз ету ке­пілдігін қарастыру көзделген. Атап айтқанда, қолданыстағы «Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президенті туралы» конституциялық заңның кіріспесінде «Тұңғыш Президент Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қа­лаушылардың бірі» деп көр­сетілген. – Сол сөздерді «Қазақстан Республикасының негізін қалаушы» деп өзгерту ұсыны­лады. Тұңғыш Президенттің – Елбасының мәртебесін «Қа­зақстан мемлекеттілігін құру­дың бастауында тұрған және демократиялық зайырлы құ­қықтық және әлеуметтік мем­лекет ретінде егемен Қазақ­станды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ел­басы болып табылады» деп ай­қындау қарастырылды, – деді Р. Халмұрадов. Парламент қабылдаған бұл заңдар бүгінде Мемлекет бас­шы­сының қол қоюына жіберілді. Абылайхан ҚАЛНАЗАР

3005 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5978

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5589

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3327

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2711

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2674

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2649

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2383

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2368

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы