• Ақпарат
  • 14 Шілде, 2010

Елбасы оң баға берді

001_original_12790288236601Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алатаудың баурайындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақты аралап көрді. Табиғатты өзіне жақындатып, орманды, бау-бақшалы етіп жасалған тұмса кешенді аралаудың соңы жуырда ғана ашылған ең ірі әрі биік субұрқақты тамашалауға жалғасты.

Бұрынғы әл-Фараби даң­ғылы мен Дулати көше­сінің қиылы­сындағы ең көркем дендросаябаққа Тұңғыш Президенттің есімі беріл­геніне де көп бола қоймаған-ды. Алматы қаласының бас сәу­летшісі Сайран Фазылов Мемлекет басшысына саябақтың макетін көрсетіп, аумағы 73 гектардан астам жерді алып жатқанынан, ондағы отырғызылған 8 мың ал­уан түрлі ағаштың жасы он жыл шамасында екендігінен хабардар етті. Өз кезегінде Мемлекет басшысы саябақтың аумағындағы алдағы уақытта атқарылатын жос­парлармен танысты. Сондай-ақ ол саябақ аумағында гольф-алаңын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды, демалыс орнын одан әрі сәулеттендіруді тапсырды. Дендробақ сәулетшілердің идея­сы бойынша қаланың таби­ғи-экологиялық қалқанын қа­лып­тастырудың іргетасы болмақ. Онда Алматының қонақтары мен тұрғындарына демалыс үшін қолайлы жағдай туғызылмақ. Қазір дендробақта шаһардағы ең ірі субұрқақ жұмыс істейді, ол музыкалық және түрлі-түс­пен безендірілген. Болашақта дендробақтың орталық бөлігінде танымдық сипаттағы нысандар орналастырылады, атап айтқанда, жабық климатрондарда оңтүстік және солтүстік жарты шардың өсімдіктері өсіріледі, тау өзенінен ландшафтық композициялар, жасанды су көздері мен тау жыныс­тары жасалады. Ал ертеңіне Елбасы 2011 жылы VII Қысқы Азия ойын­дары өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бол­ды. Онда спорт сарайының ди­рек­торы Юрий Захарин қонақтар­ды соң­ғы атқарылған істер тізбегі­мен та­ныс­тырды. Мемлекет басшысы ондағы күр­делі жұмыстарының барысына өз ризалығын білдірді. Онда алдағы уақытта жабық кешендегі Азия ойындары өтетінінен құлағдар болды. Сондай-ақ шілденің 6-11-і күндері өткен «ҚР Президенті кубогі» XVII Халықаралық турнирінде биыл қатарынан екінші рет бірінші орын алған волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншыларымен кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. – 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келген спорт сарайы физикалық және моральдық жағынан әбден тозған болатын. Өткен жылы басталған күрделі жұмыстардың қазір 95 пайызы аяқталды. Онда трибунадағы орындар 5 мың орынға дейін ұлғайтылып, 10 мың шаршы метрлік бірқатар қосымша спорт бөлмелері салынды. Жыл соңына қарай 650 орындық көлік тұрағы мен жаттығу мұзайдыны іске қосылмақ, – дейді Юрий Захарин. Оның сөзіне қарағанда, жөндеу жұмыстарына алғашқы кезекте 14,5 миллиард теңге жұмсалған. Қазір екінші кезектегі жөндеу жұмыстарының сметасы жасалып жатыр. Оған 7-8 миллиард теңге бөлінбек көрінеді. Ерболат МАМЫРАЙХАН

2610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5840

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5500

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3236

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2621

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2583

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2561

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2294

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2277

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы