• Ақпарат
  • 14 Шілде, 2010

Алаштың әр баласы ана тіліне алаңдауы керек

Күнделікті күйбеңмен тұрмысымыздың кем-кетігін жамауда алдымызға жан салмаймыз, ал қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасуы өзімізге байланысты екенін түсінігіміз келмейтіндей. Тіпті әдейілеп кіріспесек те, жол-жөнекей қолымызға ұсынылған қағазға қарап мазмұнына мән бергенімізбен, ана тіліміздің қолданылуына көңіл бөлмейтініміз бар. Ұлтымыз – қазақ, ана тіліміз – қазақ тілі болғандықтан, мемлекеттік тілге деген құрметіміз болуы керек емес пе?! Бұны, ең алдымен, еліміздің болашағы – жастарымыздың бойына сіңіруіміз керек. Былтыр шілде айында Қарағанды қаласындағы «Водоканал и К» ЖШС-нен хабарлама алған едім. Пәтерімдегі су есептегіш құралдарын тексерту мерзімі келгені жөнінде екен. Құжаттың астыңғы жағында жап-жақсы жарнамасы бар. Алайда мем­лекеттік тілде бірде-бір сөзді көре алмадым. Бұрын-соңды аталмыш кәсіпорын операторы су есептегіш көрсеткішін телефон арқылы қазақ тілінде қабылдамай жүрген. «Мен сөйлеген тілде сөйлемедің» деп, тұтқаны қоя салатын. Ай сайын қайталанатыны осы еді, шыдап-ақ жүргенмін. Мына хабарламаны көр­ген соң, тіл қолданысы бойынша құқымның бұзылып жүргенін айтып, «Водоканал и К» кәсіпорнының директоры М.О.Ермолаевтың атына хат жолдауды жөн көрдім. Хатта мәселелерді көтере отырып, хабарламаны мемлекеттік тілде жіберуін сұраған едім. Талабым орындалып, ұзақ күттірмей кәсіпорын хабарламасы мен жарнамасының қазақ тілдегі нұсқасы қолыма табысталды және бұдан былай телефон арқылы ақпараттың қазақ тілінде де қабылданатыны айтылды. Тағы бір жолы қалалық салық басқармасы өзінің салық салу жөніндегі хабарламасы мен түбіртегін әдеттегідей бір тілде жазып әкелген еді, мен қалалық салық басқармасына хабарлама мен түбіртекті мемлекеттік тілде жіберуді сұрап, хат жолдадым. Бастықтың орынбасары Т.Горяев­тен хат келді. Сөйтіп, жер салығы мен мүлік салығының хабарламалары да, түбіртектері де мемлекеттік тілде жеткізілді. Былтыр осылайша мемлекеттік тілдің жоқтаушысы болып, ана тіліміздің мерейін бір көтеріп қойғанымыз бар. Биыл «Водоканал и К» кәсіпорны біздің қалада жұмыс жасамайды (су есептегіш құралдарын бес жылда бір тексереді екен). Сондықтан құжаттарын әлі де мемлекеттік тілде жазып жүр ме, жоқ па – біле алмай жүрмін. Ал қалалық салық басқармасы биыл да бір істі екі етпей, салық төлеу хабарламасын тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілінде салар деген ойдамын. Жалпы, әр азамат хабарла­ма­лардың, бланкілердің, өтініш үл­гілерінің мемлекеттік тілдегі нұсқасын талап етіп, ана тілінің жоғын жоқтаса, мемлекеттік ті­ліміздің мерейі үстем болары сөзсіз. Бұған күмәніміз жоқ. Төлен РАМАЗАНҰЛЫ ПАВЛОДАР

3097 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5853

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5507

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3244

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2628

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2589

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2567

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2301

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2284

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы