• Ақпарат
  • 14 Шілде, 2010

Копенгаген құжаты жайлы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған кез­ден бастап-ақ мемлекеттің саяси құрылымын халық­ара­лық стандарттарға сай етіп құруға ұмтылды. Біз­дің бі­луімізше, халықаралық стандарттар, негізі­нен, халықтың жағдайын жақсартуға, адам құқықта­­рын қорғауға, өмір сүру сапасының деңгейін арт­тыруға, халық алдында ашық әрі таза басқару саяса­тын жүзеге асыруға, бір сөзбен айтқанда, билік пен халық арасындағы жайлы қатынас құруға бағытталған.

Осылайша демократиялық институттарды қалыптастыру мен дамытуды мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарының бірі ретінде айқындаған Қазақстан демократиялық құқықтар мен адам бостандықтары саласындағы маңызды болып саналатын бірқатар халықара­лық құжаттарды мойындады. Солардың ішінде 1990 жылы 29 маусымда қабылданған ЕҚЫҰ Азаматтық өлшем жөніндегі конференциясы­ның Копенгаген Кеңесі құжатын мойындаған болатын. Бұл Қазақстанның өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына, Қазақстан халқының жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге жасаған айтарлықтай қадамы деп бағалауға болады. Негізінен, кез келген елдің ЕҚЫҰ-ға төраға болуы мемлекеттің ішкі саяси жағдайына халықаралық қауымдастық тарапынан көңіл салуы еселеп артатынына әкелетіні құпия емес. Әсіресе, ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған негізгі міндеттер мен стандарттардың жүзеге асырылуы әрдайым назарда болмақ. Оның ішіне, сөзсіз, адам құқықтары мен демократиялық ұстанымдарды сақтау мәселесі кіреді. Дәл қазір Қазақстан осы жағдай кейпінде. Бүгін біз «Копенгаген құжаты» тақырыбы төңірегінде әңгіме көтеріп отырған себебіміз – кеше, яғни 2010 жылдың 29 маусымында, бұл тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толды. Осы орайда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы – Қазақстан­ның тарапынан, сонымен қатар Дания Сыртқы істер министрлігінің тарапынан үстіміздегі жылдың 10-11 маусым аралығында Копенгаген қаласында «ЕҚЫҰ Копенгаген құжатының 20 жылдығы: қазіргі жағдайы және болашақ перспективасы» атты мерейтойлық Копенгаген конференциясы ұйымдастырылған болатын.

Бұл конференция барысында делегаттар ЕҚЫҰ барлық аумағында Копенгаген құжатын­да көрсетілген міндеттемелердің сақталуының жалпы процесін қарастырды. Сонымен қатар құжатта қарастырылған міндеттемелерді жүзеге асыру барысында мүше мемлекеттердің кезігетін мәселелері айқындалып, бұл мәселелерді шешуге және міндеттерді жүзеге асыру барысында олқылықтарды азайтуға арналған шаралар талқыланды. Аталған шара ұйым басшыларына демократия, заңның үстемділігі, ұлттық азшылық және ЕҚЫҰ азаматтық өлшемі бойынша ЕҚЫҰ-ның ұстанымдарын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік берді. Себебі бұл іс-шара 300-ге тарта мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің басын қосты. Қазіргі кезде Қазақстанның осы құжат бойынша ілгері жүріп келе жатқаны даусыз. Осыған орай аталған конференция барысында кең ауқымды әрі халыққа қажетті мәселелер талқыланғандықтан және біздің бұқаралық қауым өкілдеріне қарастырылған құжат толығырақ түсінікті болу үшін бүгінгі тақырыбымызды Копенгаген құжатын қысқаша талдауға арнап отырмыз. Оның үстіне Қазақстан бұл құжатқа қол қойып, сол бойынша жұмыс жасап отырғанда, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аталған принциптерді алға тартып жатқанда барлығымыз бұл құжаттарды білуге міндетті секілдіміз. Сонымен 1990 жылы 29 маусымда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің Азаматтық өлшем жөніндегі Копенгаген конференциясында Копенгаген құжатына қол қойылып, уақыт өте бұл құжат ЕҚЫҰ-ның барлық аймағындағы іргелі кодекске, ЕҚЫҰ азаматтар өлшемі саласындағы ережелердің жиынтығына айналды. Бұл жұмыс, негізінен, айтылған саладағы міндеттемелердің жүзеге асырылуын үнемі әрі үздіксіз бақылауға және қажетті көмек көрсетуге бағытталған. Құжат 5 тармақтан тұрады. І тармағында мүше мемлекеттер құқықтық мемлекет құру үшін бірқатар саяси институттардың болуы және белгілі принциптерді жүзеге асыру қажеттігін мойындайды. Бұл институттар мен принциптерге еркін сайлау, атқарушы билік сайланған заңнамалы билік органдарының алдында жауап­ты болу секілді – басқарудың өкілдік нысаны, мемлекет пен саяси партиялардың аражігін ажырату, азаматтық биліктің қарулы күштер құрылымынан үстемділігі, заң қабылдау рәсімінің жариялылығы және міндетті түрде баспасөз беттерінде жариялануы, сонымен қатар әкімшілік шешімдердің жариялануы, соттар мен адвокатураның тәуелсіздігі, күдікті мен айыпталушының процессуалдық құқықтары­ның сақталуына кепілдігі, адам құқықтары саласында халықаралық стандарттардың сақталуы және т.б. жатады. Құжаттың ІІ тармағында мүше мемлекеттермен мойындалып, қолдау тапқан және саяси құқықтарды ерекше көрсеткен адам құ­қықтарының тізімі берілген. Осылайша, мысалы, өз пікірін еркін білдіру құқығы, бейбіт жиналыстар мен демонстрациялар құқығын келтіруге болады. Бірнеше бабы түрлі ассоциациялар құру құқығын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне арналған (соның ішінде адам құқықтарын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдарды құруға және қатысуға және осы тектес шетел ұйымдарымен байланыс орнату секілді құқықтары қосылған). Сонымен қатар бұл тармақта мүше мемлекеттер тиімді құқықтық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндеттеледі (адекватты заңнамалық көмек, адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша басқалардан көмек алу және керісінше басқаларға көмек көрсету және адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық органдармен байланыс орнату құқығына ие болу). ІІІ тармақ қайтадан демократиялық инсти­туттардың, мемлекеттер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы сот құрылымы, жергілікті өзін-өзі басқару, заңды қолдану және т.б. салаларындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу мәселелері қарастырылады. IV тармақта ұлттық азшылық өкілдері құқықтарының тізімі қарастырылған. Бұл жерде өзін-өзі айқындау құқығы, діни ұстанымдар құқығы, ана тілімен қолдану құқығы секілді мәселелер көтеріледі. Онымен қоса кемсітуге, нәсілдік, діни және ұлттық алалауға жол бермеуге және бар күш-жігерімен ұлттық азшылық өкілдерінің құқықтарын жүзеге асыруға ба­ғытталған мүше мемлекеттердің міндеттері айқындалған. Азаматтық өлшем бойынша процедура­лардың тиімділігін арттыру туралы шаралар V тармақта көрсетіледі. Бұл жерде, Веналық қорытынды құжатында ескерілгендей, азамат­тық мәселелер жөнінде екіжақты кездесулер өткізу қажеттілігі айтылады. Негізі, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ға мүше болып кірген кезінде жоғарыда аталған сияқты құжаттарға қол қойып, халықаралық стандарттарға сай жүруге бел байлаған болатын. Бұл – халықтың бостандығы мен құқықтарын қорғайтын бірден-бір құрал. Жалпы, ЕҚЫҰ-ның өзі – халық мүддесіне, қауіпсіздігіне жұмыс жасайтын керемет құрал. Және тәуелсіздік тарихымыздың небары 20 жылдығында осы құралға төраға ретінде жол сілтеп отыру – Қазақстан үшін де, халқы үшін де үлкен жетістік. Нұрбек Жолтайұлы

3153 рет

көрсетілді

39

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5872

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5519

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3256

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2640

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2601

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2579

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2313

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2296

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы