• Ақпарат
  • 29 Шілде, 2010

«Астана» – жеңіс айғағы немесе брэндке жаңа үлес

270710-11«Күйінсін жауың, сүйінсін досың». Бұл бүгінде егемендігін кәмелет жасына толтырып отырған қазақ жасампаздығының әрбір күніне арналған ода тәрізді. Күні кеше Франция Президенті Николя Саркози Қазақстан басшысын «Astana» велокомандасының «Тур де Франста» табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Оның ішінде команда көшбасшысы Альберто Контадордың бас жіктелуде жеңіске жетуі ағымдағы жылы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп жатқан елімізге қосымша брэнд капиталын үстеді десе де болғандай. Иә, елдік брэндинг үшін бұл өте ұтымды дерек. Қазіргі таңда әлем кеңістігінде өзін «табысты да жеңімпаз мемлекет» ретінде тұғырлап жатқан байтағымыз үшін «қарлығаштың қанатымен су сепкен» демекші, қаны қазақ болмаса да намысы қазақ велоспортшымыз Альберто Контадордың жеңісі аса құнды. Және де оның символдық мәнге толы «Astana» командасы есебінде алға шығуы бір оқпен екі қоянды атып алғанмен бірдей десек артық айтқандық емес. Қалай десе де Қазақстан үстінен жетістіктің тартымды кемпірқосағын көрген, жандасып, жалғасуға мүдделі батыстық ел басшылары өз державаларымен Қазақстан арасында жылы қатынастар орнатуға тиімді әрбір сәтті мүлт жібермейді. Франция Президенті Саркози да аталмыш психологиядан тыс емес. Оның үшбу жолдаған лебізі Парижде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті Қайрат Келімбетовке сол елдегі мүдделі тараптармен жұмыстық кездесуі барысында айтылған. «Оны ЕҚЫҰ төрағалығын атқарып жатқан мәртебелі елге көрсетілген ілтипаттың бірі екендігін атап көрсете отырып, француз президентінің дипломатиялық кеңесшісі Жан-Давид Левитт хабарлады» дейді бізге жеткен ақпарат көздері. Өз кезегінде осынау салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов те қатысқан екен. Тағы бір ақпарларға сүйенсек, жиын соңында «Astana» командасының бас демеушісі болып табылатын «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ басшылығы ҚР Франциядағы елшілігінің қолдауымен велокоманда мүшелеріне арнап қа­былдау ұйымдастырылған. Оған БАҚ өкілдері, Францияның қо­ғамдық-саяси және іскер топтары серкелері қатысқан. Осылайша екі тарапты ресми өкілдердің Сена жағалауындағы пікіралмасулары стратегиялық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылаумен бітпесе де тактикалық жағынан өзара достық қарым-қатынастарды бекіте түсуге және бір себеп берген деуге болады. Сонымен қатар, көтеріңкі лебіз­дерден велоспорттық финалға сонау қияннан арнайы ат артып келген Қазақстан делегациясы да кен­де қалмапты. «Astana» командасы­ның тамаша жеңісіне байланысты олар Францияның спорт істері жөніндегі жауапты хатшысы Рама Ядтан, француз астанасының мэрі Бертран Деланоеден, Франция велосипед спортының президенті Давид Лаппартиеннен, «Тур де Франс» ұйымдастыру комитетінің басшылығынан, француз спорт ұйымдары өкілдерінен құттықтаулар алған көрінеді. Әрине, қайсыбір шолушы атап көрсетпекші, жүздеген миллион көрерменнің назарын өзіне аударған мәртебелі жарыс­та Қазақстан командасының жеңімпаз атануы, «Astana» командасының даңқының артуына және Қазақстан Респуб­ликасы мен оның астанасына қызығушылықтың арта түсетіні анық. Әсіресе Қанат Саудабаев сынды іс басындағы төрағаның жетекшілігімен ағымдағы әлемдік дүрдараздықтармен күресіп жатқан ЕҚЫҰ үшін өз «тірек» елінің қандай да бір жетістігі ортақ іске қосылған үлес. Биылғы жылы Қазақстан бүкіл әлем алдында тұрған ортақ қауіптер мен қатерлерге байланысты мәселелерді шешу үшін ұйымның тиімді саяси сұхбат тұғырнамасының маңызды рөлін атқаруды жалғастыруға барлық күш-жігерін жұмсауға бекініп отыр. Осы мәселенің маңызын түсінген Елбасымыз Н.Назарбаев Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылғанына 35 жыл, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына 20 жыл толуына орай Астанада ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыруға ұсыныс жасады. Ендеше, спорт­шы­ларымыздың арқасында «Тур де Франста» жеткен жетістік­тер тізбегі Елордамыздағы кезекті әлем­дік басқосуда саясаткерлері­міз ар­қылы жалғасын таба береді де­ген сенімдеміз. Өйткені Ас­та­на шы­ғыс пен батыстың оң қа­сиет­терін бойына теңдей жиған бір­ден-бір геосаяси әмбебап ор­та­лық ретінде табыс пен жетістік­тің, алымдылықтың символына айналып келеді. Ал бұл үдеріс­тің барысында маркетинг тілімен айтқанда, «жұлдызды» сәулеміздің арта түсуіне атсалысу әркімге-ақ міндет. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстанның беделі арта түсуіне жол ашатын, іскерлік және қоғамдық топтар арқылы халықаралық қаржы және экономикалық құрылымдардың өңірдегі тұрақтылық негізі болып табылатын біздің мемлекетімізге деген сенімін арттыратын маңызды саяси оқиға. Бұл басымдықтарды жүзеге асыру басқа да көптарапты ұйымдар аясында, екіжақты қатынастар форматында елдік позициямызды нығайтатын болады, отандық дипломатиялық қызмет пен мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтере береді. Абылайхан ҚАЛНАЗАР

2517 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5840

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5500

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3236

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2621

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2583

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2561

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2294

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2277

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы