• Ақпарат
  • 21 Қазан, 2010

Астана – әлем руханиятының үнқатысу орталығы

Апта басы еліміз үшін бұрын-соңды болмаған маңызы ерекше оқиғамен басталды. Елордада тұңғыш рет Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы өтті. “Әлем мәдениет арқылы” халықаралық қауымдастығы, “Рухани келісім конгресі” халықаралық қоры, Қазақстанның, Ресей мен Еуропа елдерінің бірқатар ғылыми және қоғамдық ұйымдары бірлесіп ұйымдастырған форумға жер шарының 71 елінен әлемге әйгілі ғалымдар мен саясат және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен рухани ілім ұстаздары қатысты.Форум қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау арнады.

«Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Жыл сайын Қазақстанда рухани келісім күні атап өтіледі. Біздің Елордамыз – Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтетін орынға айналды. Бейбітшілік, сенім, толеранттылық, мәдени дәстүрлердің бір-бірін байытуы және үнқатысуы Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің күн тәртібіне енгізілген. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Дүниежүзілік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін» деген Мемлекет басшысының Жолдауын Парламент Сена­тының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізді. Осынау үлкен жиынды форумның ұйым­дастыру комитеті төрағаларының бірі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов ашты. Алғашқы сөз Парламент Сенатының Тө­рағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді. Сенат төрағасы бұл жиынның біздің Елордамызда өтуі кездейсоқтық еместігін тілге тиек ете отырып, Астана – өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мол үлес қосқан және халықаралық қоғамдастықтың қолдауына ие болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ұдайы өтетін үнқатысу орталығына айналғанын сөз етті. Дәл осы пікірді жексенбі күнгі БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәс­лихатында сенатор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстан Елордасының дүниежүзілік рухани астана болуына қатысты идеяны осыдан екі жыл бұрын Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Иосиф Кобзон айтқанын, сол 2008 жылдан кейін осы тақырып қайта қозғалып отырғанын жеткізген еді. Ал Иордания Парламенті Төменгі палатасы­ның бұрынғы спикері Абделлатиф Арабиат: «Бұл форум Қазақстанның мәдени және діни мәсе­лелерді дамытуда зор табысқа жеткенін көрсетеді. Біз қаласақ та, қаламасақ та жаһандану үдерісі үздіксіз жүріп жатыр. Міне, осы жағдайда әр ортада түрлі қөзқарастар, ойлар орын алатыны шындық. Ал бүгінгідей басқосу ортақ көзқарастар тұжырымдауға көмектеседі деп білемін. 2001 жылдың 11 қырқүйегінде және онан соң болған террорлық актілер тәрізді қателіктер қайталанбас үшін біз осындай қадамдар жасауға тиіспіз» деп нақтылады. Оның айтуынша, жер бетіндегі адамдардың 65 пайызы жасы 30-ға толмағандар екен. Сол жастарды оқытып, біліммен қатар рухани құндылықтың, рухани үрдістің не екенін үйрету – осы жиналған қауымның басты мәселесі. Форум жұмысына Мәскеу және Бүкілресей Патриархы Кирилл құттықтау хат жолдапты. Оны Астана митрополиті Александр жиналған қауым алдында оқыды. Мұнан өзге әлемге белгілі көптеген адамдардан құттықтаулар келіпті. Алқалы басқосудың негізгі баяндамасын Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон жасады. Ол адам­зат тарихының жаңа парақтары ашылып жат­қандығын сөзіне арқау ете отырып, Бүкіләлемдік форум бейбітшілікті қамтамасыз етуге негіз қалайтындығына, әлем халықтарының ұлтына, дініне қарай бөлуге қарсы тұруға, жікшілдікке бөліну қатерге соқтыратындығына тоқталды. Аталмыш форумның екінші күні Елордада­ғы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде жалғасты. Бұл күні форум қонақтары сан түрлі тақырыптарды қамтыған секциялардың жұмыстарына қатысты. Соның бірі – «Үшінші онжылдықтағы білім беру: жанұя, мектеп, қоғам» тақырыбындағы Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының төртінші секциясы. Оған еліміздің бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының жетекшісі Сара Назарбаева қатысты. Форумға қатысушылар әлемнің мәдени түрлендіру идеологиясы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл форум – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өз ұсынысымен басталып, тікелей жетекшілігімен өткен Бүкіл­әлем­дік рухани келісім конгресінен кейін туындаған ізгі шара. Сондықтан аталған шараның жұмыс ауқымы да кең болып, онда пленарлық және бөлімдік мәжілістер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, жұмыс топтарының құрылуы жүзеге асырылып, екі және көпжақты кездесулер өткізілді. Әлем тәжірибесінде алғаш рет рухани мәдениеттің қос қанаты: діни руханият пен дүниелік руханиятты қосуды көздеген үш күндік Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы күні кеше аяқталды. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6648

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5935

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3678

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3067

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3023

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2999

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2729

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2713

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы