• Ақпарат
  • 21 Қазан, 2010

Қазақстан – ұлағатты істердің ұйытқысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтті. Кезекті сессияның тақырыбы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Транспаренттік. Толеранттық» деп аталады. Ассамблея сессиясының жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толуымен құттықтады.Президент келер жылы Ассамблея алдында ұлттық бірлікті нығайтумен байланыс­ты бірқатар жаңа міндеттер тұрғандығын атап, нақты тап­сырмалар берді. Солардың ең алғашқысы – еліміздің Тәуел­сіздіктің 20 жылдығына қадам басуы. Бұл мерейтой – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Сондықтан да Елбасы Қазақ­стан халқы Ассам­блеясының алдына бұл бағыттағы шаралар патриоттық тұрғыда жар салған сөздерден емес, нақты істер мен жауапты қадамдардан көрінуі тиіс деген міндет қойды. Соны­мен қатар мемлекеттік тілді да­мыту маңызды басымдық болып қалады. Ассамблеяның сессиясының барысында да мемлекеттік тіл­дің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді дамыту ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Елбасы тіл мәселесі жайында сөз қозғағандарға қазіргі таңда ең алдымен қазақ тілінде оқытатын мектептер желісінің кеңейгенін сөз етті. Бүгінде қазақтілді мектептердің саны 4 мыңға жеткен. Бұған тәубе деуіміз керек. Бұл 90-жылдардың басына қарағанда екі есеге көп. Елбасының пікірін­ше, тіл үйренуге ниет еткендер үшін қазақ тілін оқытудың 100-ден астам орталығында жұмыс жолға қойылған. Қазақтілді БАҚ-тарға да жан-жақты қолдау көрсетілу­де. Тәуелсіздік жылдары қазақ тіліндегі баспа басылымдары 7 есеге көбейген. Жалпы, халықтың қолдауы­мен құрылған Ассамблея бү­гінде беделді конституциялық органға айналды. Ассамблея­ның құрылуымен этносаралық және конфессияаралық теңдіктің құқықтық базасы құрылып, қаржылық және материалдық базасы нығайтылды. Алқалы жиын соңында сессияға қатысушылар республика азаматтарына бірлікті нығай­ту, Қазақстан Президенті­нің саясаты жанына ұйысу туралы үндеу қабылдады. (Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVI сессиясы туралы кең көлемді мақаланы газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар). Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6315

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5765

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3505

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2887

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2849

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2828

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2558

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2543

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы