• Ақпарат
  • 27 Қазан, 2010

Арулар сыны

d0b0d180d183-1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл бойы өткізіліп келе жат­қан «Ана тілі» аруы – 2010» бай­қауының қоры­тынды сы­нағы болды. Оған оқу ор­ны­ның барлық фа­куль­тетте­рінен іріктеліп алынған 14 ару қатысты.  Байқау алдында сөз сөйлеген универ­ситеттің тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева мұндай шаралардың тәрбиелік, тағы­лымдық мәні зор екендігіне назар аударды. Арулар «Таныстыру», «Поэзиялық композиция», «Сән үлгісі», «Сұрақ-жауап», «Өне­рім – өнерім» тақырыптары бойынша сын­ға түсті. Айта кеткен жөн, байқауға қатысушы­лар бұл кезеңге өте жоғары дайындықпен келіп­ті. Сол себепті де қазылар алқасына жүлдегер­ді анықтау оңай тимеді. Қыздар сан қырлы талант иелері болып шықты. Олардың арасында әнші де, биші де, суретші де, спортшы да... бар. Журналистика факультетінің студенті Ирина Тен ұлты кәріс болғанымен, қазақ қызынан кем емес өнер көрсетті. Биология факультетінің студенті Меруерт Донбаеваның кәнігі бишілер­ден еш кемдігі жоқ. Шығыстану факультетінің студенті Толқын Мырзакимованың тілге арналған өлеңі жиналған қауымға ой салды. Қыздардың ерекше қасиеттері жайлы осылай жалғастыра беруге болады. Сонымен қорытынды сәт те келіп жетті. Қа­зылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде өнерімен де, сах­надағы жүріс-тұрысымен де ерекшеленген филология факультетінің студенті Әйгерім Әшірәліге берілді. Бірқатар аруларға номинациялар бойынша дипломдар, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ш.Нұрсұлтанқызы

4375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6359

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5792

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3533

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2915

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2876

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2855

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2585

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2570

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы