• Қоғам
  • 17 Қараша, 2010

Отанды сүю иманнан басталады

01_original_1289962984605Елбасы Алматы сапарында Орталық мешітте болып, жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.  «Отанды сүю – иманнан» деген сөз бар. Біз­­дің Ислам, мұсылман деген сөздің бір ма­ғы­насы – бейбітшілік. Тілегіміздің барлығы Алладан қабыл болсын. Елдің бірлігі, халық­тың ты­ныштығы болашақтың баянды болуы болып саналады. Тәуелсіздік тұғыры да сонда жатыр», – деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.   Елбасы осы сапарында 2011 жылы VII Қыс­қы Азия ойындары өтетін Алматыдағы спорт нысандарының әзірлігімен танысу үшін Ал­­матыдағы «Медеу» спорт кешенінде болды. Қысқы Азия ойындарына қатысатын үздік шаң­­ғышылармен және жаттықтырушылармен кездесіп, ой бөлісті. Дүбірлі дода «Азиада – 2011» сайыстарына қатысудан үміт­кер шаң­ғышылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесу барысында қазақ­стандықтар үмітті ақтап, сенімнен шы­ғуға бар күшін жұмсайтындықтарын атап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Құрман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ат басын тіреді. Елбасы мұнда консерватория студенттері дайындаған концертті тамашалады. Мемлекет басшысы мәдениет әрқашан өзінің басты назарында екендігін қадап айтты. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – қазақтың өнері мен музыкасының қарашаңырағы. Осы жылдар ішінде 8 мыңнан астам маман дайындап, бүкіл Қазақстанға, дүниежүзіне аты шыққан оқу орны бола білді. Елдің рухы биік болмай, мықты тәуелсіз ел болмайды. Халқы аз болсын, көп болсын, рухы биік елді ешкім жеңе алмайды. Рух деген – елдің тарихы, елдің тілі, елдің дәстүрі. Елдің музыкасы – анамыздың сүтімен сіңген ұлттық біздің тәжірибеміз, тәрбиеміз болып саналады. Оның ең үлкені, әрине, әдебиет, музыка», – деп атап өтті.

«Елімізде 50 театр, 164 мұражай жұмыс істейді. Астана қаласын сала бастағаннан бастап алдымен өнерге қатты көңіл бөлдім. Бейбітшілік пен келісім сарайында үлкен керемет театр жұмыс істейді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында 3500 орындық Орталық Қазақстан концерт залы пайдалануға берілді, жақында Академиялық опера және балет театры ашылады. Қазір Өнер институтын салып бітірдік. Бұл бәсекеге түсетін оқу орындарыңыз болады», – деді Елбасы. Елбасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Студенттер үйі» кешенінде болды. Аталмыш оқу орнының ректоры Шәмша Беркімбаева Елбасына студенттер үйінің ауласында қойылған университет өмірінен хабар беретін материалдармен таныстырды. Одан кейін Елбасы заманауи талапқа сай салынған «Студенттер үйін» аралап, ішкі жайымен танысты. Сонда тұрып жатқан студент жастардың өмірімен танысып, жастармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситетінде болып, «Қазақстан-Жапон» инновациялық орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ 5 бөлімнен тұратын агроинновациялық көрмені аралап көрді. Көрмені аралап көрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқытушылардың ғылыми жұмысына өз ризашылығын білдіріп, биыл 80 жылдық мерейтойын атап өткен жоғары оқу орнына көлік сыйлады. Мемлекет басшысы Алматыда көрнекті қоғам қайраткері, академик Салық Зимановты қабылдады. Кездесу барысында құқық қорғау жүйесін реформалау және ізгілендіру барысы төңірегінде, сонымен қатар отандық ғылымды дамыту және ұрпақ тәрбиесі жөнінде әңгіме болды. Өз сөзінде академик Елбасы жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын жеткізді. Одан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Дулат Исабековпен кездесті. Кездесу барысында мәдениет және ұлттық әдебиет төңірегінде әңгіме қозғалды. Мемлекет басшысы қаладағы қатынас жолдарының ахуалымен таныс­ты. Елбасы шаһардағы шығыс айналма жолында болды. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 7,8 шақырым болатын айналма жолдың 5,6 шақырымы аяқталған. Айналма жолдың қаланың экологиясына тигізер игі әсеріне тоқталған Мемлекет басшысы жолдар салынатын жерлерді заңсыз иеленгендердің өз еріктерімен оны мемлекетке қайтарулары керектігін ескертті.

3910 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5863

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5515

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3252

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2636

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2597

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2575

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2309

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2292

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы