• Руханият
  • 24 Ақпан, 2011

«Ізгілік анасы»

Ислам әлеміндегі иллаһи әулие, «Ізгілік анасы» (Ұмм-ол-хейр) деген атпен танымал Ысмайыл Адови Алғисаның қызы Рабиға анамыздың жүріп өткен өмірі үлкен тағылымдық маңызға ие. Ерте орта ғасырлардағы Ислам ғалымы Фәрид-ед-дин Әттардың «Тәзкерат-ол аулийа» атты шығармасында жазылған Рабиға анамыздың қанатты сөздері мен ойлары, кереметтері мен басынан өткен оқиғалары исі мұсылман халықты тәнті етпей қоймайтыны анық. Ендеше, хикаялар желісіне кезек берсек. Рабиғаның дүниеге келуі Рабиға – «төртінші» деген мағынаға ие. Әулеттегі төртінші қыз болғандықтан, ата-анасы сәбиге осындай ат қояды. Рабиғаның әке-шешесінің кедей болғандығы соншалықты, ол дүниеге келген түні үйлерінде нәрестені құндақтайтын жөргек те, кіндігін майлайтын бір тамшы май да, шам да болмаған. Рабиғаның шешесі күйеуін көршінің үйіне майшам алып келуге жұмсайды. Ал әкесі болса, Құдайға оның еш пендесі­нен ешқашан ештеңе сұрамай­мын деп серт берген болатын. Бірақ осындай мүшкіл күйде тұрғандықтан, амалы құрып, көршінің үйіне барды. Әйтсе де, қанша тырысқанымен есікті тоқылдатуға қолы бармайды. Сөйтіп, басы салбырап, үйіне келіп, әйеліне «көршілер ұйықтап жатыр екен» дейді. Рабиғаның шешесі қапаланып, әкесі де уайымға батып, ұйқыға кетеді. Түсінде пайғамбар аян беріп, былай дейді: «Ей, азамат! Қайғырма! Сенің бұл қызың менің жетпіс мың үмбетіме шапағаты тиетін үлкен адам болады. Қазір Бәсренің әмірі Иса Раданға бар да, менің атымнан былай де: «Әр кеште маған жүз салауат, жұма күнгі кештерде төрт жүз салауат арнайтын едің. Бүгінгі жұмада өзіңнің әдетіңнен жаңылдың. Сол күнәңнің өтемін менің сәлемімді жеткізуге бер». Рабиғаның әкесі ұйқысы­нан оянған кезде өзінің түсін­дегі көрген оқиғаны көзі жасқа шыланып қағаз бетіне түсіре­ді. Хатты Иса Раданның үйіне апарып, «әмірге табыс ет» деп біреуге береді. Бәсренің әмірі хатты оқыған кезде егіліп жылап, пайғамбардың оны елеп-ескеріп еске алғанына рахмет айтып, мың дирхам садақа береді. Рабиғаның әкесіне де төрт жүз динар жіберіп, мынадай сәлем жолдайды: «Үйге енгенің жөн еді, өзіңді көрсем деп едім. Бірақ пайғамбардың сәлемін жеткізген жоғары дәрежелі елшісі менің жаныма қайдан келсін... Өзімнің бауырыма рұқсат бер, қадам басқан жеріңді кірпігіммен сыпырып шығайын...». Рабиғаның әкесі сол ақ­шамен тұрмысын түзе­тіп, кішкентай Рабиға пай­ғам­бардың көмегімен келген ақ­шамен күн көріп, бойжетеді. Дос үйіндегі ұры Бір түнде Рабиға ұйықтап жатты. Үйіне ұры түсіп, орамалын алып шығып кетейін десе, шығар есікті таба алмайды. Орамалды орнына қояды. Бұл жолы есікті табады. Тағы да орамалды алып шығайын десе, тағы да жолды таба алмайды. Бұл әрекетін жеті рет қайталайды, бірақ еш нәтиже шықпайды. Кенеттен үйдің бұрышынан үн естіледі: «Ей, адам! Өзіңді босқа әурелеме! Ол өзін Құдайға бағыштағанына көп жыл болды. Оған жақындауға шайтанның да батылы жетпегенде, орамалына ұры қайдан жақындай алсын! Босқа әуре болма! Өйткені достың бірі ұйқыда болса, екіншісі ояу». Үлкен қайғы Бір ер адам қайғылы түрде байбалам салды: «Қайғыға душар болдым!» Рабиға оған: «Еш қайғым жоқ де... Өйткені, шын мәнінде, жүрегің қапалы болса, айғайламақ түгіл, тыныс алуға да батылың жетпес еді!» депті. Ғашықтық қайғысы мен дүниенің байлығы Бір жолы Рабиға ораза тұтып, жеті тәулік бойына нәр сызбайды. Сегізінші күні түнде аштық оны жеңеді. Нәпсісі оған айғайлап: «Ей, Рабиға! Қашанға дейін мені қиындықта ұстамақсың?» – дейді. Кенеттен біреу есік қағып, тамақ толы кесе әкеледі. Рабиға қуанып, шам әкелмек болып, тамақты бұрышқа қоя тұрады. Мысық шыға келіп, асты төгіп кетеді. Рабиғаның өкініштен іші удай ашып: «Су алып келіп, оразамды ашайын», – дейді. Бірақ орнынан тұра бастауы сол екен, шам сөніп қалады. Су ішейін десе, қолынан көзесі түсіп, сынып қалады. Рабиғаның қатты күрсінгені соншама, тіпті үйді төңкеріп жіберер ме екен дер едің. – «Ей, Пәруәрдігерім! Мен бейшараны неге осынша қинадың?» Құлағына үн естілді: «Егер дүниенің бар байлығын саған берсін десең, өзімнің қайғымды жүрегіңнен қайтып аламын. Өйткені менің саған дарытқан қайғым мен дүниенің байлығы бір жүрекке сыймайды. Ей, Рабиға! Сенің нәпсің басқаны қалайды, мен басқаны қалаймын. Менің қалауым мен сенің қалауың бір жүректен орын ала алмайды». Рабиға бұл үнді естіген соң тынышталып, Құдайдың бұйрығы мен ырзығына ризашылық білдіреді. «Әулиелер шежіресі» кітабы бойынша әзірлеген Сандуғаш Хамзаева

3314 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6420

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5826

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3568

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2953

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2912

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2889

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2620

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы