• Cұхбаттар
  • 10 Маусым, 2021

Азаматтардың белсенділігі артады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан болатын. Жуық арада ауыл әкімдерінің сайлауы өтпек. Осы орайда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қыз­меткері Ермек Тоқтаров бұл сайлауға қатысты бірқатар сұрақтарымызға жауап берді.

 

– Ауыл, кент және ауылдық округ әкім­дерінің сайлауын өткізуге қоғам дайын ба? Сайлау туралы, сайлаудағы таңдау мен кандидатураны белгілеу туралы шарттар қоғамға қалай таныстырылып, ұсынылуға тиіс?
– Жергілікті әкімдерді сайлау механизмі бұрын да болған. Бірақ сол сайлаулар жанама түрде өткізілген. Бұрын ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін аудан әкімі ұсынған және жергілікті қоғам­дастық жиналысымен келісілген кандидаттардан аудан мәслихаты сайлайтын еді. Енді «Қазақстандағы сайлау туралы» қонституциялық заңға өзгерістір енгізген соң  жергілікті әкімдерді азаматтар тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни әкімдерді жергілікті жерлерде мәслихат депутаттары емес, азаматтардың өздері таңдайды. Әрине, мұндай реформаны жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар. Азаматтарымыздың саяси мәдениеті мен сауаттылығы жеткілікті деңгейде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған әкім­дерді сайлау реформасы жергілікті мем­лекеттік басқару және өзін-өзі басқару орган­дарының бірегейлігін нығайуына әсер етеді.
– Қазір, әсіресе оңтүстік өңірлерде ауыл биі, ауыл ақсақалы институттары белгілі бір дережеде қалыптасып қалғаны мәлім. Ауыл әкімін сайлауда сондай институттар «бақылаушы» рөлін атқара ала ма?
– Сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістер азаматтар мен жергілікті қауымдастықтарды саясатқа тартуды талап етеді. Бұл реформа кандидаттар арасында бәсекелестікті тудырып, жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жандандырады деген сенім мол. Сонымен бірге жергілікті әкімдерді тікелей дауыс беріп сайлау өзін өзі ұсынатын кандидаттардың белсенділігінің арттыруына, сондай-ақ саяси партиялардың аймақтардағы жүзеге асырылатын жұмысын ынталандырады. Әрине, жергілікті деңгейде әр азаматтың, қоғам белсенділерінің, сондай-ақ жергілікті қауымдастық өкілдерінің даусы сайлау нәтижесіне әсер ете алады.
– Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау азаматтық қоғам институтына қандай өзгерістер әкелуі мүмкін?
– Қазір жергілікті деңгейдегі өз-өзін басқару органдарының қабылданатын саяси шешімдерге әсері айрықша. Ауылдардағы жергілікті қауымдастықтар заң бойынша төртінші деңгейдегі бюджеттерді басқаруға қатысып жатыр. Бұл ауыл тұрғындарына жергілікті бюджетті қандай мәселелерді шешу үшін жұмсау керек деген шешімге әсер етуге мүмкіндік береді. Сайлау ­туралы заңға қатысты қабылданған өзгерістер жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының дербестігін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістердің соңында азаматтарды жергілікті деңгейдегі саясатқа тарту жөніндегі зор әлеует тұр.

Әңгімелескен 
Ақжыға Жұмағали 

6647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7049

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6128

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3866

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3259

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3214

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3188

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2916

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2904

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы