• Мәдениет
  • 03 Наурыз, 2022

ӘН АРҚЫЛЫ ТІЛ ҮЙРЕНУ

Ұрпақ болашағына алаң көңілмен қараймын. Себебі ана тілін білмейтін балалар көп. Сізге өтірік, маған шын, кейде осы мәселе мені толғандырғаны соншалық, еріксіз көзіме жас аламын. Иә, рас, көз жасыңды төккеннен пайда бар ма? Бізге қол қусырып отыруға болмайды. Әрбір адам өз баласының қазақша сөйлеуі үшін барын салуы керек.

Меніңше, қазақ тілін орыс сыныптарында үйретуді ауыз екі тілден, яғни үйде күнделікті қолданылатын сөздерден бастау керек. Ата-аналар балаларымен бірге қазақ тілін үйренсе нәтижесі болады.  Сонымен қатар қазақтың әні арқылы тіл үйрету әдістемесін жазып, оны қолданысқа енгізгім келеді. Баспасөз бетінде тіл тақырыбында жарияланатын мақалалардың басым көпшілігінде «қазіргі жастар тіл білмейді» дегенді ғана айтады, ал оларға тіл үйренудің жолдары туралы, жалпы мемлекеттік тілге байланысты қордаланған мәселелердің шешімін, тығырықтан шығар жолды ешкім ашып айтпайды. Меніңше, әркім қолынан келгенше, барынша алдымен өзі бас болып әрекет жасауы керек. Өз басым тіл маманы ретінде балаларға арналған қысқа әңгіме, тақпақ, ертегі жазып, сөзжұмбақ құрастырамын. Соңғы жылдары ән шығарып жүрмін. Ондағы ойым «мың баланың ішінде бір балаға болсын өз септігімді тигізсем» деген ниет. Осы ниетімді жүзеге асыру үшін «Қазақша сөйлеуді Рауша әдісімен үйренейік» деген әдістемелік жинақты құрастырып жатырмын. Онда баланың ой-санасына лайықты, тілді тез әрі оңай үйренуге арналған ән, ертегі, сөзжұмбақтар бар. Қазақ тілі бала тілі болмай,  ана тілі бола алмайды.

Мысалы, мына «Астанада тұрамын» өлеңін ата-анасы баласымен бірге үйреніп, сосын бұл өлеңнің сөзімен тілдесу құрастырып, бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап берсе, тез үйреніп кетеді. Дәрігер мамандардың айтуынша, ән айту денсаулыққа пайдалы.  Жалпы тіл үйретуді баланы ананың құрсағынан бастаған жөн. Әрбір ана балаға аяғы ауыр кезінде ана тілінде ән айтып жүрсе, денсаулыққа да, тәрбиеге де өте пайдалы. Әсіресе осы құрсақ көтеріп жүрген ана Алладан қандай тілеу тілесе, сол тілегі қабыл болады екен. Ертеде әжелеріміздің бесік жырының өзінде қаншама тәлім-тәрбие бар. Жасырары жоқ, құлағына қазақша ән сіңіп өскен бала өскенде де өз тілінен жерімесі анық. Жалпы ән арқылы балаға тіл үйретудің пайдасы өте зор. Адам әдемі әуезге елти отырып, ой санасы әп-сәтте әннің сөзін дереу жаттап алатыны бар. 

Ғалымдардың айтуынша, адам клетка­сының қимылы арқылы неше түрлі әуен естуге болады. Мысалы, Бахтың симфонияларынан, қазақтың  ән-күйінен шексіз сұлулық тұнып тұр. Сонымен қатар ән үйрету арқылы бала грамматиканы да тез үйренеді. Грамматиканы жедел үйрену үшін септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар мен етістіктің түрлерін жақсы білу керек. Әннің сөздері арқылы әңгіме, сұхбат, сөзжұмбақ құрастыру керек.

Кейбір елдерде тарих, география ән мәтіндері арқылы үйретеді. Ғалымдардың пікірінше, кез келген тілде сөйлеуді үйренбес бұрын, сіз осы тілде музыка тыңдауыңыз керек, есту тілдік ортаға үйренуі керек. Ән айтқан денсаулыққа пайдалы. Себебі әр дыбыстың ағзаға өзіндік жақсы әсері бар екен. Мысалы, «А» дыбысы – жүректі, тамақты, кеудені емдейді, «О» дыбысы – асқазан, іш-құрылысын емдейді, «У» – бас, бауыр, тамақты емдейді, «Н» – миды емдейді, «В» – нерв жүйесін емдейді, «Е» – адамның ағзадарын тазартады, «М» – ана мен баланы қосатын дыбыс және бауырды емдейді, «Рэ» – стресті, қорыққанды емдейді, «Тэ» – жүрек пен жүрек тамырларын емдейді, «Су» – кеуденің төменгі жағын емдейді, «Я» – бұл дыбыс психологиялық құбылыстардың резонаторы мен генераторы. «Ха-ха», «хо-хо» – ауруды қуады. Адам күлгенде адамның тәні тазарады.

Мен төменде өзім жазған әндерді нотаны ұсынып отырмын. «Тіл үйренемін» деген балдырғандар мен олардың ата-аналары өз қажетіне жаратады деп ойлаймын.  

Рауша МҰҚАНОВА,

Қазақ, ағылшын және неміс

тілдерінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, бірнеше әдістемелік құралдарының авторы,

 балалар жазушысы

2242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5810

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5480

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3218

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2604

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2565

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2544

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2277

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2259

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы