• Білім және ғылым
  • 14 Сәуір, 2022

Ғылым жолы университеттерден басталады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев ғылымды қаржыландыруды едәуір ұлғайтуды тапсырды. Мәселен, 2020–2022 жылдары ғылымды қаржыландыру  көлемі екі есеге ұлғайды, ал 2025 жылға қарай ғылымға жалпы ішкі өнімнің 1%-на  дейін  бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ғылымды дамыту мәселесіне ерекше тоқталып, Үкіметтің алдына белгілі бір міндеттер қойды, оның бірі: жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымды тағылымдамадан өткізуге жағдай жасау.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқу орны ретінде студенттерге білім берумен шектелмей, ғылыми жетістіктер негізінде жаңа білімді игеруге күш салады. Ғылыми ізденіске оқытушылар ғана емес, университеттің көптеген студенттері, магистранттары мен докторанттары тартылған. Қазір Жетісу университеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері аккредиттеуден өткен инновациялық типтегі университет.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2020–2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-тех­никалық жобаларды гранттық қар­жыландыру шеңберінде жалпы сомасы 194,7 млн теңге болатын 6 жоба орындалып жатыр.

Университеттің оқытушылары жыл сайын халықаралық, республикалық және басқа да гранттық бағдарла­маларға, ұлттық конкурстарға қаты­сады. 2022 жылдан бастап университет Horizon 2020 European Union funding for Research and Innovation бағдарламасы шеңберінде Еуропалық комиссияның қаржыландыруымен H2020 MSCA-RISE «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және бизнес орта (Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia)» жобасына қатысатын болды. Жоба Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, басқару және іскерлік орта арасындағы өзара байланыс туралы жаңа білім мен саяси идеяларды игеруге бағытталған.

Сонымен қатар 2022 жылы ­І­­.Жан­сүгіров атындағы Жетісу университеті базасында QS World University Ranking 2022 рейтингісінде үздік 70 жоғары оқу орны қатарына кіретін Цюрих университетінің Әлеуметтік және мәдени антропология департаментімен (Швейцария) бірлескен орталық құру жоспарланған.

Педагогика және психология жоғары мектебінде Қ.Ыбырайым­жановтың жетекшілігімен Таяу Шығыс уни­верси­тетінің (Түркия) профессоры, доктор Хусейн Узунбойлумен бірлескен «Білім берудің жаңартылған мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» гранттық қаржыландыру жобасы орындалып жатыр.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғалымдары, ғылыми-зерттеу тобының мүшелері, ғылыми кеңесші ретінде бөгде ұйымдардың ғылыми жобаларын іске асыруға жиі шақырылады. Олардың ішінде Г.Тулешова, З.Канаева, Д.Нұрғабыл, А.Абдухаирова, А.Тынысханова сынды ғалымдар бар.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas Galym – 2021» және «Jas Galym – 2022» кон­курстарының қорытындысы бойынша ақпараттық технологиялар (IT); агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану; экология; туризм бағыттары бойынша университетте жалпы сомасы 17 млн теңгеге 15 жоба орындалған.

2021 жылы университеттің 5 оқы­тушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде жүзеге асырылатын «500 ғалым» жобасы бойынша жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды: Б.Оксикбаев, Г.Сеитова – Хаджеттепе университеті, Ж.Есенбек – Нью-Йорк Кино Өнері Академиясы, А.Беделбаева – Омск мемлекеттік техникалық университетінде және Д.Калдияров – Вашингтон университе­тінде тағылымдамадан өтуде.

Университет оқытушылары Р.Тасболатова, А.Алдабергенова, М.Джакып­бекова және Д.Бекежанов «ЖОО үздік оқытушысы – 2021» республикалық конкурсындағы жеңісі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қолынан төсбелгі алды. «ЖОО үздік оқытушысы» атанған әрбір жеңімпаз 2000 АЕК (6 млн теңге) көлемінде сыйақы алды. 2021 жылы университет тарихында тұңғыш рет философия докторы (PhD) Л.Қарашолақова дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.

Университеттің ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту үшін заманауи құрылғы­лар­мен жабдықталған, маманданды­рылған зертханалық кешен салмақшымыз. Мемлекетіміз индустриялық-инно­вациялық даму сатысына қадам ­басып отыр. Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, бұл кезең қазіргі заманғы экономикалық талаптарға сәйкес ғылыми жүйені қайта бағдарлаумен си­патталады, демек, тиісті нормативтік көр­сеткіштермен реттелетін ғылымды дамыту, құрылым­дық, ұйымдастырушылық, кадрлық, инфрақұрылымдық және қар­жылық қамтамасыз ету түбегейлі өзге­рістерге жеткізуге тиіс.

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,

І.Жансүгіров атындағы

Жетісу университетінің

Басқарма төрағасы – ректор,

г.ғ.д., профессор

1596 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7067

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6138

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3876

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3268

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3222

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3197

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2925

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2913

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы