• Мәдениет
  • 01 Маусым, 2022

«Balapan» телеарнасында жаңалық көп

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасының логотипі, эфир және эфирден тыс дизайн стилі толығымен өзгерді. Телеарнаның жаңа бейнесі мен әнұраны бүгін «Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі аясында таныстырылады.

«Жаңа брэндбукке сәйкес, балапандар өсіп, тілі шыққан, яғни енді балалармен сөйлесе алады. Арнаның бейнесі 4 түрлі мінезбен ерекшеленеді. Балапандар білімпаз, өнерпаз, спортшы және ерке. Әрбір сипаты заманауи балалардың қызығушылығы мен мінезін бейнелейді. Кішкентай көрермендер жаңа образдардан өздерін танып, виртуалды «дос» таба алады», – дейді арна мамандары.

Телеарнаның эфирі стильді ID-роликтермен толықтырылып, заманауи аранжировкада жазылған аудио-роликтермен сүйемелденеді. Эфирді безендіруге арналған музыканы еліміздің талантты композиторы Ермек Елгезеков жазып шықты. Ал жаңа әнұран авторлары – композитор Серікжан Әбдінұров пен ақын Олжас Қасым.

Телеарна ребрендингіне дайындық жұмыстары жарты жылға созылды. Жаңа логотипті жасауға еліміздің үздік дизайнерлері қатысып, арнайы фокус-топтар құрылды. Бұдан бөлек арна аудиториясы – балалардың және ата-аналардың қалауын жан-жақты зерттеуді қамтыған статистикалық мәліметтер жинақталды. Ребрендинг жасау барысында логотиптің түсі мен қаріпіне де ерекше көңіл бөлінген.

«Заман талабына сәйкес аудиторияның назарын аудару және оның санын ұлғайту үшін контентті трендке сай безендіре отырып ұсыну керек. Осы ретте көрермендеріміздің талғамы мен қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, телеарнаның ребрендингін жасауды жөн санадық. Телернаның жаңа дизайны бүгінгінің балалары түсінетін заманауи «тілде» сөйлесуге мүмкіндік береді және арнаға жаңа леп әкеледі деп сенеміз», – дейді телеарна қызметкерлері.

«Balapan» телеарнасы жаңа телемаусымда көрерменге отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттайтын, қазақ тарихы мен музыкасынан сыр шертетін, отансүйгішттікке баулып, жаңа технологияларды тануға үндейтін қызықты әрі бала пайымына лайықталған 22 жоба ұсынады. Оның ішінде 9 анимациялық сериал мен 13 тележоба бар.

Сондай-ақ, шығармашылық ұжым телеарнадағы тікелей эфирді қайта жаңғыртып, «Кім тапқыр?» бағдарламасын жаңа форматта ұсынбақ. Көрерменмен кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін бұл бағдарлама аптасына 5 рет – дүйсенбі мен жұма аралығында эфирге шығады.

1271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5809

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5479

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3217

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2603

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2564

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2543

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2276

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2258

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы