• Ақпарат
  • 31 Наурыз, 2011

Сайлай білуіміз үшін таңдай білуіміз керек

Елдің елдігі сын сағаттарда сыналады. Сондай бір сындарлы сәтке санаулы күндер қалды. Алда – сайлау. Ұлт тағдырын сеніп тапсырып, ел тізгінін ұстатар жанды жазбай тану... Үшінші сәуір күні сайлау учаскесін бетке аласыз ба? Бұл күні «уақытым жоққа» салып, саяқ кеткен жөн болмайды. Керісінше, бұл «уақыты жоқтық емес», «тамағы тоқтық, көйлегі көктік» қана болар еді. Өйткені сайлау – еліңнің тағдыры, сенің тағдырың. Тойған жерімізде тоқмейілсіп отыруға жол жоқ. Мемлекет тағдыры таразыға түсіп жатқанда жеке бастың шаруасын жиып тастап, ойыңды ортаға салу қиын емес. Сондықтан саналы азамат ретінде сайлауға асыққанымыз жөн. «Не үшін?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Біріншіден, сайлау – бүгіннің батыл қадамы, ертеңгі кемел келешектің кілті. Ал ертең – біздің, балаларымыздың өмірі. Ендеше, балаларымыздың бақытты болашағы үшін батыл қадам жасау біздің қолымызда тұрса, қалайша одан бас тартуға болады? Екіншіден, «менің дауысымсыз-ақ бәрі шешіледі» деуге әсте болмайды. Бұл сөздің астарында ол жанның өзінің ішкі «МЕНІ» жоқтығы жатса керек. Әркім әлденені өзгерте алатынына, тым құрығында, өзгеруіне ықпал ете алатынына сенімі болса, сол үшін саналы қадам жасай алса ғана ол АДАМ деген үлкен атқа лайық. Бұл – оның азат ойлы азамат екенінің бұлтартпас айғағы. Ендеше, өзіміздің ерікті екенімізді сезініп, еңсемізді тік ұстаудан неге қашамыз? Үшіншіден, сайлау – тәуелсіздік тақылеттес ұғым. Азаттығыңның айнасы. Ал Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы. Ендеше, Тәңір сыйына мың мәрте алғыс айту керек. Мұндайда бодандықтың бұғауынан босай алмай жүрген елдер көз алдыңда мұндалап тұра қалады. Азаттықты аңсап арманда кеткен арыстар қанша... Демек, ерікті екеніміздің дәлелі егемендіктің тағы бір белгісіндей болған сайлауға бір кісідей атсалысып, сәуірде сайлау учаскесіне сап түзегеніміз дұрыс. Сайлау – ел еркіндігінің кепілі. Сайлауға қатысу – кәмелеттік жасқа толған әр азаматтың ел, тарих, ар алдындағы борышы. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Елдің елдігі танылар, мемлекет тағдыры талқыға түсер сында жұдырықтай жұмылсақ керек. Сайлай білуіміз керек. Сайлай білуіміз үшін таңдай білуіміз керек. Кім біздің тереземізді өзгемен теңестіре алады? Кім Алаштың абыройын асқақтата алады? Алысты шолар қырағы қыран-көз кімде? Ел басына күн туған сындарлы сағаттарда елді сүріндірмес сұңғылалық қасиет қайсысынан сезіледі? Сайлау бізден білек күшімізді біріктіруімізді қажет етпейді. Сайлау жүрек пен сана ояулығын талап етеді. Таңдауымызды тағы бір мәрте таразыға салатын сын. Ал таңдауымыз талғамымызды білдіретіні айдан анық. «Президент – ұлттық болмыс-бітімнің жиналған образы». Қала берді, «Президент – үлкен тағдырды өз жүрек қалауымен қабылдаған жан» деген баламалар ел басшысының қандай болуы керектігін аңғартса керек. Бұл бағалаулардың үдесінен кез келген үміткердің шықпасы анық. Ал елдің қандай ел екені оның Елбасының кім екеніне де байланысты екенін түйсігі барға түсіндірудің өзі артық. Ендігі кезек – таңдауда, яғни Сізде. Талғамға талас жоғы тағы бар. Дауыс беру арқылы Сіз ел ертеңін таңдайсыз. Бұдан бөлек өз болашағыңызға бағыт-бағдар жасайсыз. Ендеше, сайлау – ұлы мақсат. Ұлы мақсатқа ұйытқы болайық, ағайын! Д.Серікқызы

2558 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6003

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5605

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3344

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2727

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2690

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2666

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2399

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2384

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы