• Ақпарат
  • 06 Сәуір, 2011

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет ми­нистр­лігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңі­нен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыстілді басылымдарда насихатталу бел­сенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурс өткізеді. Бұл конкурсқа еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті материалдар жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады.Конкурс төрт номинациядан тұрады: – «Үздік журналист» (баспасөз бойынша ) ; – «Үздік журналист» (телеарна бағдарла­малары бойынша); – «Үздік журналист» (радио бағдарламалары бойынша); – «Үздік журналист» (сайт материалдары бойынша). Конкурс 2011 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан арнайы сайттарды қамтиды. Конкурс материалдары жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиокассеталар түрінде) 10 маусымға дейін қабылданады. Қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған жүлдегерлердің есімі 2011 жылғы 25 маусымда анықталады. Бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2011 жылғы 10 маусымға дейін мына мекенжайға поштаға жолдануға тиіс: 01000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсына. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-01-84, 74-05-08 (тел/факс) E-mail: ahaeva@mki.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті

2754 рет

көрсетілді

36

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5975

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5586

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3324

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2708

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2671

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2646

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2380

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2365

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы