• Ақпарат
  • 13 Сәуір, 2011

Премьер-министр қызметіне кірісті

Қазақстан Республикасы Прези­дентінің 2011 жылдың 8 сәуі­ріндегі №4 Жарлығына сәйкес Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жар­лықтарымен: Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне; Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне тағайындалды.  *** Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 12 сәуіріндегі №28 Жарлығына сәйкес Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. *** Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа төраға Тимур Асқарұлы Құлыбаевты таныстырды. *** Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республи­ка­сының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне; Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Респуб­ликасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне; Талғат Амангелдіұлы Ермегияев Қазақстан Республи­касының Туризм және спорт министрі қызметіне; Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне; Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Респуб­ликасының Қорғаныс министрі қызметіне; Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республи­касының Байланыс және ақпарат министрі қызметіне; Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Респуб­ликасының Білім және ғылым министрі қызметіне; Салидат Зекенқызы Қайырбекова Қазақстан Респуб­ликасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республи­касының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне; Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы­ның Қаржы министрі қызметіне; Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметіне; Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республи­касының Мәдениет министрі қызметіне; Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республи­касының Мұнай және газ министрі қызметіне; Берік Сайлауұлы Камалиев Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметіне; Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Респуб­ликасының Ішкі істер министрі қызметіне; Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. * * * Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі қызметіне; Ахметжан Смағұлұлы Есімов Алматы қаласының әкімі қызметіне; Сергей Александрович Дьяченко Ақмола облысының әкімі қызметіне; Серік Нығметұлы Ахметов Қарағанды облысының әкімі қызметіне; Сергей Витальевич Кулагин Қостанай облысының әкімі қызметіне; Болатбек Баянұлы Қуандықов Қызылорда облысының әкімі қызметіне; Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне; Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне; Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Павлодар облысының әкімі қызметіне; Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов Ақтөбе облысының әкімі қызметіне; Асқар Исабекұлы Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне; Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев Атырау облысының әкімі қызметіне; Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Батыс Қа­зақстан облысының әкімі қызметіне; Анзар Тұрсынханұлы Мұсаханов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

2498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6723

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5975

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3714

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3103

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3059

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3036

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2765

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2749

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы