• Ақпарат
  • 13 Сәуір, 2011

Көп тілегі – кие

Тәуелсіздігіміздің жиырма жылында Қазақстанның дамылсыз дамуында халқымыздың азаматтық санасының да ел болашағына деген адал сеніммен өскені 3 сәуірде өткен Ел Президентін сайлау қорытындыларында айқын дәлелденді. Жаратылысынан өмірге іңкәр, бейнелеп ойлайтын халқымыз елтұтқа тұлғаларын ұрпақтан ұрпаққа құрметтеп, үкілі үмітіне, арман-мұратына бірге жетеміз деген сенімін білдіріп отырады емес пе! Нұрсұлтан Әбішұлының, бүгінгі Ел Президентінің кезектен тыс сайлауында халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне бөленіп, теңдессіз жеңіске жетуін осындай азаматтық адал сана-сезімінің, отаншылдығының жарқын көрінісі деп білемін.

Өйткені халық ғасырлар бойында аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген елдің, мүлдем жас мемлекеттің тізгінін Нұрсұлтан Әбішұлы өз қолына алғалы, Қазақ елі әр аптасы жылға татитын, әр жылы ғасырға тұрарлық қарқынмен өсіп, кемелденіп келеді. Қырық жылдық ұстаздық ең­бегімнің барысында талай-талай сайлаулардың қоғам­дық қолдаушысы әрі куәсі болған­дықтан, кешегі Елбасы сайлауын ерекше мәнді, халықтық сайлау деп айта аламын. Ұстаз – мемлекет өкілі, сондықтан ол қашан да болса барлық сайлауда ынтызарлы көмекші болып табылады. Бүгінде бұл сайлаудың Конститу­ция­мызға толығынан сәйкес, әділ, барынша ашық түрде және сайлаушылардың белсенді қатысуымен өткені баршамызға мәлім. Ол баспасөзде толық жарияланды. Сайлау қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халқымыз бірауыздан Қазақстан Республикасының Пре­зиденті етіп сайлады, Елбасымыз елімізді басқарып келе жатқан сара жолын одан әрі жалғастыруда. Елімізде және бүкіл әлемде оң ниет­те бағаланып отырған сайлаудың жоғары сапалылығы мен Ел Президенті кандидатурасының бүкіл халық тарапынан дұрыс таңдалғандығы, менің өз бақылауымша, төмендегідей негіздерден тамыр алса керек: Біріншіден, Қазақстанның әлемдік өркениет көшіндегі даму стратегиясы табысты және барша халық үшін ізгілікті де игілікті нәтижелермен орындалып келе жатқанына әрбір қазақстандықтың көзі жетіп отыр. Екіншіден, Елбасымыздың 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында қорытылып, тұжырымдалған Тәуелсіздігіміздің жиырма жылында қол жеткен жетістіктеріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей өз басшылығымен, өз жауапкершілігімен жүзеге асқанын халқы, елі оң бағалады. Үшіншіден, осынау ел игілігі үшін дамылсыз дамуымыздың болашақ стра­тегиясының бірден-бір дұрыс анық­талып отырғанына халық сенімінің бе­рік әрі күмәнсіз орныққандығы деп ойлаймын. Төртіншіден, еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін әрбір қазақстандықтың өзінің жауапкершілігін, өзінің қа­тыстылығын сезінген көзқарасы қа­лыптасқанын көрсетті. Бесіншіден, өзара достық, бірлік, келісім, татулық Қазақстан халқының өмір салты болып салтанат құрды. Алтыншыдан, еліміздің бірден-бір жетекші партиясы «Нұр Отан» ХДП-ның платформасы сайлауда жеңіске жетті, оның бағыт-бағдары Қазақстан халқының мүддесін адал қорғайтын күшке және еліміздің дамуында қозғаушы тетікке айналды. Міне, менің ойымша, 3 сәуірдегі сайлау өзінің осынау тамырларының мызғымас беріктігіне негізделгенін әлем­ге паш етті.

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның  Еңбек Ері, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры

2401 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6793

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6008

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3746

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3135

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3093

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3069

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2797

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2782

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы