• Ақпарат
  • 26 Қазан, 2023

«Зафарнама» шығармасындағы қазақ сөзі мен тарихы

Әмір Темірдің әмірлері мен қарсыластарының ұрысы толассыз жүріп жатқан Түркістанда көптеген оқиғалар күн сайын орын алып жатты. Әли Йәзди өлкедегі әр түрлі оқиғаның өз деңгейінде адамның қоғамдық өміріне әсері бар екенін назарда ұстап, өлкеде болып жатқан көптеген ірілі-ұсақ оқиғаларды баяндап отырған. Онда: «Әмір Темірдің әскерінің жеңіс туы желбіреп, ұрандатып Харезмге қарай бет алып келе жатқанда Сыюрғәтмыш хан () Бұхара уалаятында сырқаттанып қалды, бірнеше күннен соң сұңқар () болды. Тәңірінің рақметіне қауышты. Оның мәйітін Кеш жазығының маңындағы Қопқан ағашта () өзінің жаңадан тұрғызған күмбез кесенесіне жерледі. Сол кезде әзірет Саһиб Қыран Харезмді жаулап алып қолы босап, күз маусымында астанасы Самарқандқа қайтып келген еді. Оның жаннат өлкесі астанаға қадам басқанда құт ерлігі көктен жерге енгендей болды. Содан Сұлтан Маһмұт Сыюрғәтмыш ханұлын әкесінің орнына таққа отырғызды. Әлемге мейір мен ілтипат нұрын шашып жарқыратқан пайғамбардың: «некелесіңдер, туып-өніңдер, көбейіп, жан-жаққа қанат жайыңдар» деген өсиеті бойынша қызметкерлер аса белсенділігімен үлкен тойларды () өткізуге құлшына кірісті.  Мемлекеттің барлық тұрғындары асқан қуанышпен қаланы бастан соңына дейін түрлі бұйымдармен әсемдікке бөлеп безендірді. Бейіш бағында аты затына сай етіп көптеген шатыр, күрке орнатып, аспанмен астасты. /1-414/ Ондағы тігілген үйлерге түрлі-түсті кілемдер, көңіл көтеретін дастархан жайылып, алтын-гауһар бұйымдармен сәнін арттырып, салтанатты думанға айналды. 

Әзірет Саһиб Қыран әмірзада Мұхаммед Сұлтан, әмірзада Пір Мұхаммед және бауыры, әмірзада Шаһрохты пәк хор қыздарындай қадірлі жандармен шариғаттың тура заңы­мен некелерін қиып «бейіш бағында» 
() 790 һижра «1388» жылы үйлен­дірді. Бұл істердің бәрі аяқталған соң, Саһиб Қыран қызметке бел буып тұрған қосынға кек алуға аттануға рұқсат берді. Той думаннан босаған әмірзада Мираншаһ Хорасан жаққа бет алды. Әмірзада Омар Шейх Әндіжанға кетті. Әзірет Саһиб Қыран болса, қыс мезгілін Самарқандта өткізді. Мұбарак Саһиб Қыранның Тоқтамыс ханмен шайқасуға аттануы және жаратылыс патшасының қолдауымен жеңіске жетуі, атты әңгімеде: «Тоқтамыс ханның сорлы тағдыры бақытсыздық пен құдайдың қолдауынсыз болып қаламға алынып маңдайына жазылды. Соның кесірінен әзірет Саһиб Қыранның оған жасаған мейір шапағатының хақ-құқығын ұмытып кетті. Және оның нығметтеріне күпір еткен болды. «Су ішкен құдығына түкірген» болып Әмір Темірдің қолдауы мен қорғауының арқасында Жошы ұлысының барлығына билік құрып алған соң солардың барлығынан әскер жинап, Саһиб Қыранға қарсы шығуға кірісіп кетті. Соншама қалың қол әскердің көптігін санау да мүмкін емес, олардың көптігі ағаштардың жапырақтары мен жаңбырдың тамшыларындай есепсіз көрінген. Тоқтамыс ханның қосыны 
() 790 һижра «1388» жылы ұлу жылына сәйкес қыс мезгілінің басында әзірет Саһиб Қыран жаққа бет алды. Әзірет Әмір Темір бұл жағдайдан хабардар болған соң, Самарқанд пен Кештегі әскерлерімен астанадан шығып Сағрәж мекенінде аялдады. Сол мекенде жаушыларды мемлекеттің жан-жағынан жеңісті ұран еткен әскерлерді ордаға жиналуға шақырсын деп төңіректегі аймақтарға жөнелтті. Сол кезде ауа-райының әбден суып кеткен сәтіне тап болды. Сөйтіп, аспан бір тұтас ақ тиынның терісін иығына жауып, жиегіне дейін созып жатқандай көрінді. Ал жер болса ақ тышқанның терісін үстіне жауып алғандай еді. Өлең: 
Жер жүзі қардан ақ қағаз болғандай,
Бұлттан аспан нұрсыз күмбез болғандай.
Ауаның ызғарынан суықтығының әсері,
Қызу қанды жанның тәбетін беймаза етті. 
Осындай табиғаттың тосын жағдайында хабар келді: /1-415/ Тоқтамыс хан қосынының алдыңғы шебі Елығмыш Оғлан () басқарып, қалың қолмен Хожәнд өзенінен өтіп Ажу маңына барып аялдаған екен. Әзірет Саһиб Қыран: «дереу оларға қарай жүріңіз» деп бұйырды. Әмірлер мен нояндар тізе бүгіп, жан-жақтан әскерлер жиналғанша біраз тоқтау керек екенін» асыра сілтеп айтып өтінді. Әмірлердің бұл әңгімесін әзірет Әмір Темір ақыл таразысына салғанда ақылға қонымды келмей қалды. Істі кейінге қалдырудың зардабынан сақ болу уәжіп, оған «бүгіннің ісін ертеңге қалдырма» деген дәлел. Өйткені ертеңгі заман не боларын қайдан білесің. Сол үшін жолға шығу керектігі дұрыс деп санады. Сөйтіп, тәуекелге бел буды, барлық қажет нәрселерді дайындатты. Сосын барлық әскерлердің жиналуын күтпей-ақ жолға шықты. Жол бойы қар аттың төсіне дейін жетіп тұрған болса да жүруді тоқтатпады. Жол бойы бір топ әскер арнайы алда жүріп, қарды таптап отырды. Осылайша, түнгі шабуылға бет алды. 
Әмірзада Омар Шейх Әндіжаннан әскерін жасақтап, Хожәнд өзенінің жағасынан жеделдетіп, Әмір Темірдің мүбарак үзеңгілес әскер тобына барып қосылды. Әлемді жаулау-шы Саһиб Қыран Күнші Оғлан, Темірқұтлық Оғлан, Шейх Әли баһадүр әмірлерін бір топ әскермен жаулардың қашу жолын бөгеттесін деп жөнелтті. Келесі күннің таңғы мезгілінде жеңіс туының көрінісі Анбар төбенің биігінен желбіреп шыға бастап, бүлікші топқа жетті. Содан сүрен салып () шайқасқа жалғасып кетті. Өлең:
Бұлттың миі дауылдың зарына толды,
Семсердің жаны ғажайып суға толды.
Аттың кісінеуінен, аттының айғайынан,
Аттылардың қолдары сілтеуден қажыған.
Соғыс оты батырлардың шабуылының дауылынан өршіді. Сондай-ақ әзірет Саһиб Қыранға жеңіс самалы бақыттың өткелінен есіп тұрды. Жаудың әскері артына қарамастан қаша бастады. Олардың басым көпшілігі абыржыған күйде аяқ астына тапталып, қаза тауып, жоқ болды. Жау әскерінің бір бөлігі семсердің жалынды отынан қорқып, Хожәнд өзеніне сүңгіп жоқ болды. Ал өлімнен аман қалған әскерлер қашатын жерін іздеп кетті. Жаудың қашу жолын жауып тастауға аттанған жеңімпаз әскерлер олардың алдынан шықты, және жеңімпаз әскердің бір бөлігі оларды артынан қуып келді. Сөйтіп, жауды аң аулағандай жан-жақтан ортаға алып, жебе, /1-416/ найза, семсер, ауыр гүрзімен тіршілігін ауыз мұрнынан шығарды. Және өмір тізгінін әзірейілдің қаһарлы қолына тапсырды. Жетіберді Бақсыны тұтқындап, басын кеспек болғанда жан ұшырып өзінің кім екенін айтып аман қалды. Содан оны әлемді жаулаушы Саһиб Қыранның алдына тірідей алып барды. Әмір Саһиб Қыран одан Тоқ­тамыс ханның жағдайын сұрап білді, сосын кешірім шапанын жауып, патшалық ілти­патқа бөледі. Еркіндік алып, Әмірмен үзең­гілес болып, ол мекеннен жолға шықты. Әзірет оны бақытқа бөлеп қайтуға рұқсат берді. Саһиб Қыран ­­(­­) 1389 жылдың сапар айында (сапар айы мұ­сылман күнтізбесінің екінші айы. Мұсылман күнтізбесі пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылын негізге алып түзелген. Олар: 1. Мүһәррәм, 2. Сапар, 3. Рәбиһ-л-әввәл, 4. Рәбиһ-л-сани, 5. Жәмади әввәл, 6. Жәмади сани, 7. Ережеп, 8. Шағбан, 9. Рамазан, 10. Шәввал, 11. Зұлқаада, 12. Зұлһожжәт. Бұл қажылық айы. И.Ж.) Ақар () мекеніне еніп, сонда тоқтады. Көктем әскерінің алғашқы шебі қыс қосынының қылмыскер суығын шегіндірді. Осыдан әмірдің сарбаздары көктемнің қош иісті салтының құрметіне кең даланың жан-жағынан қозғала бастады. Өлең: 
Гүл сұлтаны келгенде өлке жасылдыққа бөленді,
Арықтар төңірегін де қош иісті гүлдер қаптады. 
Сүйкімді жеңімпаз әскер жан-жақтан бір жерге жиылып жатты. Әмірзада Мираншаһ бар қосынымен Хорасаннан әлем жұртына пана болған сарайына келіп жетті. Сондай-ақ Бәлх, Құндыз, Бәғлан, Бәдәхшан, Хәтлан, Һисар (Хисар) және басқа аймақтар, қалалардан әмірдің мүбәрәк қолына қосылды. 
Әлемді жаулаушы әмір Саһиб Қыран әмірзада Омар Шейх, әмір Қажы Сейфеддин, Игі Темірге: «Хожәнд өзенінің жағасына барып қайықтармен көпір салыңыз» деп бұйрық берді. Олар бұйрық бойынша тапсырған шаруаны орындауға сонда барып, бірнеше жерден көпір байлады. Және оның хабарын әмір Саһиб Қыранға жолдады. Содан әмір Саһиб Қыран () 791 һижра «1389» жылдың рәбиһ-л-әввәл айында жылан жылының басына сай аталған жерден көшті. Тәңірінің кепілдік берген амандығымен және жаратылыс падишасының құптауымен жолға шықты. Хожәнд өзенінің жағасына жеткенде жеңіс иелері болған перзенттері және қосынның барлық атақты жауынгерлері өзеннен өтті. Әмір Саһиб Қыран бұдан кейін Темірқұтлық Оғлан, Сүйін­шік баһадүр, Осман баһадүрді қосынның алғы шебіне тағайындады. Олар бұйрық бо­йын­ша аттанды. Олар алға қарауыл () жөнелтті. Қарауылдар жаудың қайда бол­ғанын көріп, ізіне қайтып келіп, хабарын әмірлерге жеткізді. Әмірлер әскерлерімен /1-417/ жасырынып, жаудың көзінен таса жерде тұрды. Қарсы жақ жол-жөнекей ешкімді көр­мегесін, түннің батысымен жайбарақат өздерінің бақытты тынысындай ұйқыға кетті, бірақ мына жайыттан ғапыл болды. Өлең:
Қамсыз соншама ұйқыға кетпеу керек,
Кенет бейхабар халде шапалақ тимек.
Жеңісті ұран еткен әскер атқа қонып, ұйқыдағы жауға түнделетіп шабуыл жасады. Жаудың жауынгерлерінің көбісі қаза тапқандықтан, қалғандары шаршап шалдығып, мың бір тауқымет көріп ілінген иірімнен аман шығып, бет алды қаша бастады. Олар Әзәж () өзенінен өтіп Тоқтамысқа жетті. Оның әскері сол кезде Сауранды () қоршап тұрған еді. Жәнгәрші мен Құсшы шайқасқа кірісіп, ерлене соғысты. Тоқтамыс хан Сауранды жаулап алуға әлі жетпеген соң Йәсіні () тонап, сол даланың аумағында аялдаған еді. Сол жағдайда жеңімпаз әскердің жетіп қалған хабарын естіп, білген соң әмір Саһиб Қыран дәулетінің сән-салтанатынан үрейленіп, қол-аяғы жерге тимей, соншама қалың қара әскері барлық айбаты мен дарындығына қарамастан, тас талқаны шығып, бытырай түсті. Үрейленген әрбір әскер қаша отырып, тоқтаусыз жүріп, быт-шыт болып жан-жаққа тарап кетті. Өлең: 
Әлемді жаулаушы Саһиб Қыран қарсы жаулардың тас-талқаны шыққан хабарын естіген соң, әмір Қажы Сейфеддинді тиісті құрал-сайманмен жабдықтап, Самарқанд жаққа жөнелтті. Ол игі пейілмен жорық жасап, жаулардың ізіне түсті. Қожа Шейх қошын, Топлақ қошын, Қарақан баһадүр, Аманшаһ, Дәулетшаһ жебешіні () таңдаулы қырық жауынгермен қос атты етіп, алдын ала барлауға жөнелтті. Олар Сары өзен () жерінде артта баяулап қалған жаудың қарауылына жетіп, кескілескен шайқас болды. Жаудың көптеген әскері өлім құшты, аман қалғаны қашып құтылды. Жеңіске табан тіреген баһадүрлер қайта оралғанда жол-жөнекей жүз шаңырақпен отырған Қыпте Дәрханға жолығып қалды. Олармен ұрысқа кірісті. /1-418/ Дәулетке бөленген көңілді әскер тайпа басшысы Қыпте Дәрханды тұтқынға алып, оны және оның қауымын, төрт түлік малын иеленіп, Ақсу жеріндегі Саһиб Қыран ордасына жеткізді. Әзірет Саһиб Қыран дәулетті де, бақытты күйде ол жерден жолға шығып, Өрнек Шағыл () жолымен шөлден () өтіп, Ал Қосын () жеріне аялдады. 
«Әзірет Саһиб Қыранның әмірзада Мираншаһты Хорасанға жөнелтуі жайындағы әңгіме»: 
Ал Қосын жерінде тұрғанда Мүлік Сәрбедар мен Қажыбек құрбандықтай және Кәлат пен Тус ордасының барлық әскерлері бүлік шығарды деген хабар келіп түсті. Сол хабарды алған әзірет Саһиб Қыран әмірзада Мираншаһқа әлгі бүліктің лаулаған отынының шұғыласын өшірсін деп бұйрық берді. Шаһзада бұйрық бойынша жеңіс ұрандатқан әскерімен қайта оралып, түн демей, күн демей жүріп отырып Самарқандқа жетті. Мираншаһ Хорасан өлкесінің бұзақылық пен бүлігін басуға міндеттеме алғандықтан Мәлік Пір Мұхаммед Мәлік Ғияседдинұлын және сонда болған екі баласы Зейінеддин бен Маһмұтқа өлім шәрбатын ішкізді. Осымен керт патшаларының ұрпағынан ешкім тірі қалған жоқ. 
Шаһзада Мираншаһ ол жерден тездетіп, Хорасан жаққа жүрді. Жол жөнекей Бәһрабат даласында Мүлік Сәрбедар бір топ жанкешті әскерлерімен жолығып қалды. Олар жандарын алақанына қойып, аса өжеттікпен шаһзаданың әскерлеріне шабуыл жасады. Кескілескен үлкен шайқас басталып кетті. Мираншаһ әскерлері оң қанаттан да, сол қанаттан да алға жылжып, жау әскерлерін қоршауға алынған аңдардай ортаға алды. Осылайша садақтың жебесімен жарақаттап, ол бұзақылардың көптеген адамын жер жастандырды. Күйреген, тұмсығы құмға тиген жаудың көптеген жауынгерлері жарымжан болып майдан жиегінде қалды. Сондай-ақ қосынның атты-жаяу бір топ әскері, басым көпшілігі жарақат алған болса да, Ирак жаққа қаша бастады. Сол кезде әмір Ақбұға Герат жақтан келе жатып бүліктің шығып жатқанын байқап қалып, Тусты қоршап басып алды. Және Қажыбек Әлібектің кіші ұлы құрбандықтай ол жерден қашып Ирақ жаққа бет алды. Бірақ Семнанға жеткенде Садат Һазар Жериб оны ұстап алып қайтарып жіберді. Шаһзада Мираншаһ аталған бүлік шығарған қарсыластарды жеңіп, күйреткен соң ол өлкелерді олардың бұзақы әскері мен жауыз болмысынан тазартып, өзінің сән-салтанат тағына қайтып оралды». /1-419/ Бұл шығарманың бір ғажабы, жазушы сол кездегі қоғамда орын алған саяси психологияның жер-жерден билікке таласқан әмірлер, әкімдер, қолбасшылардың бойынан көрініс тапқанын өте тамаша, егжей-тегжейлі бейнелеп отырады. Оған Әмір Темір және оның бұйрығы бойынша бүлік шығарып жүрген Тоқтамыс ханның қарсы іс-әрекеті аздық еткендей аймақ пен өңірлерде өз халі мен әлін таразылай алмайтын әмір, әкімдері де таққа таласып, бүлік шығара бастаған Мүлік Сәрбедар мен Қажыбек сынды аймақ басшылары бұл уәжімізге айғақ. Түркістан кеңістігіндегі әр өңірде шығып жатқан асаулық, орталық билікке бағынбау салдарынан XIV-XV ғасырлар аясында Түркістан, Қыпшақ даласы, Алтын Орда қол астындағы Кавказ өлкесі де алауыздық өртінен лаулап жатты. Оған әрине саяси билікке таласқандар: біріншіден – саяси сауатсыздығы, екіншіден – мемлекетшіл көзқарастан жұрдай болған билікке таласушылар болды, үшіншіден – жаулаушылық мақсаты жеке мүддесіне жұмсалуы, төртіншіден – жан дүниесінің толымсыз психологиясы салдарынан мендік басқан рухы билікте болуды өзінің үстемдігін көрсетуге негізделген еді. Тарих бойынша аталған төрт себеп, елдің елдігіне және мемлекеттің іргесінің нығаюына ауыр зиян келтіретін факторлар болып келді. Сол үшін ондай билікке мүдделі кісілер іргесі берік мемлекет құрамын деген ойдан ада болғаны үшін күндері ұдайы таққа иелік етуге, билік ауқымын өз мүддесі үшін кеңейтуге бір-бірімен алысып, тартысумен өтеді. Мұндай саяси тартыстың салдарынан Түркістан, Алтын Орда күйрей түсті. Оның бейкүнә халқы зардап шекті. Және ондай саяси, қоғамдық, тіршілік салты күйреу үстінде болғандықтан психологиялық зардабы күні бүгінге дейін болымсыз нәтижелерін беріп келе жатыр. 
Әзірет Саһиб Қыран нақты шешім қабылдап табанды түрде Тоқтамыс ханның ізіне түспек болды. Сондықтан нояндар мен әмірлер Әмір Темірдің алдына келіп тізе бүкті. Олар бар ықылас пен мемлекетшілдік талапқа мүдделі екендігін тілге тиек етті. Сөйтіп мәртебелінің ойын дұрыс деп қабылдады. Сол үшін әзірет Әмір Темір құптап жатса: «әуелі Қызыр қожа оғлан Тоғлықтемір ханға Аңға Тұра жаққа бет алып, олардың ендігі жерде қайтадан бүлік шығаруға батылы жете алмайтындай етіп сазайын беріп, бұл істі тындырып, байыз тапқаннан кейін Тоқтамыс ханның шаруасын біржолата тып-типыл етуге бет алсақ» деген ұсыныс айтты. Әзірет олардың ұсынысын шын көңілмен құптап тыңдады» /1-420/. Әмір Темір әмірлердің берген ұсынысын қабыл алған соң, Қожа Оғлан Тоғлықтемір ханға жорық жасау үшін Аңға Тұра жаққа шығуды шешті.
«Зафарнама» кітабында бұл оқиғаға қатысты бір тарау арналған. Ол тарау: «әзірет Саһиб Қыранның Моғолстанға Қызыр қожа оғлан мен Аңға Тұраға қарай бесінші рет жорығы жайындағы әңгіме», – деп аталады. Әли Йәзди тарихи-әдеби шығармасында Түркістанда және қос өзен арасындағы тарихи оқиғаларды байыпты баяндап отырады. Өйткені Әмір Темір тек қана Тоқтамыс ханның бүлігімен айналысып жүрген жоқ еді. Ол басқа да түрлі аймақтардағы бүлікшілерге қарсы түрлі саяси-әскери іс-шараларын жалғастыра отырып ойының бір шетінде Тоқтамыс ханды бағындыру, қарсы істерін тоқтатпақ еді. Сол үшін қуғында сергелдең күй кешіп жүрген Тоқтамыс ханды қудалауға арнайы бұйрық беріп жүрді. Сондықтан бұл шығарма Түркістан, қос өзен арасындағы халықтардың тарихи романы іспеттес еңбек. 
Тоқтамыс хан Алтын Орда мемлекетінің алауыздықтан туған екі аласапыран кезеңдердің ортасында күйреу мен өрлеуіне бағыт бере алатын хан болды. Бірақ Алтын Орданың екі күйреу кезеңінің ортасында тұрды. Өйткені Тоқтамыс Алтын Орда тағына отырмастан бұрын Бердібек хан (1310–1359) 1357 жылы әкесі Жәнібек хан өлгеннен кейін 1357–1359 жылдары салтанат құрды. Аһмет Шімшіргил аласапыранға толы бұл кезеңді былай: «Бұл кезең Бердібек ханның, әкесі Жәнібек ханмен он екі бауырын және барлық ағайын-туыстарын өлтіруімен басталған еді»,- /11-99/ пайымдайды. Сол кезде жиырма кісі таққа таласып, хан болуға мүдделі болып жүрген болса да, Алтын Орданың бір бөлігі Бердібек ханның күйеу баласы Мамай қолбасшының қолында болған. Осы басталған лаң Тоқтамыс Әмір Темірдің арқасында Алтын Орда тағына отырған 1380 жылына дейін жалғасты. Алтын Орданың саяси билігінің тізгіні 1380–1395 жылдары Тоқтамыс ханның қолында болды. Бұл кезде Тоқамыс хан қалың әскери қолын түрік, орыс, шеркеш, алан, башқұрт, қырым, кафа, азак және моғол сынды түрлі ру-тайпа мен ұлыстардан құрған қосынын жасақтаған еді. Бірақ ондай үлкен қуатты Алтын Орда мемлекетінің ішкі даму жолына жұмсаған жоқ. Керісінше, бұл кезеңді келесі бір ішкі тартыстардың аласапыранына айналдырды. Оған Тоқтамыс ханның Әмір Темірге қарсы жорықтары негіз болды. 
Шарафеддин Әли Йәздидің «Зафарнама» кітабын молынан пайдаланып «Әмір Темір» атты еңбек жазған Аһмет Шімшіргил кітабының төрт тарауын Тоқтамыс ханға бөлген. Олар: 1. Тоқтамыс хан 2. Тоқтамыстың ұрысы 3. Тоқтамысқа екінші жорығы 4. Тоқтамысқа ауыр соққы. Сондықтан Әли Йәзди еңбегі өзінен кейінгі тарихшы мен зерттеушілерге басты әдебиет ретінде негізге алынып келеді. Осыған орай қазақ тарихшылары «Зафарнама» кітабындағы Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның арасындағы қарым-қатынасты парсы тілінен қазақшаға тікелей аудармасын пайдаланса құба-құп болар еді. 
Осы санда: «Әлемді жаулаушы әзірет Саһиб Қыранның екінші рет Тоқтамыс ханға жорығы» жайындағы әңгіме және Әмір Темірдің Тоқтамыс ханға жазған хатын баян етеміз. Сонда олардың арасындағы қарым-қатынасы, саяси көзқарастары, таным өрістерінің қаншалықты айырмасы бар екенін пайымдау қиын болмайды. Әмір Темір Шерван жорығында жүргенде қашып жүрген Тоқтамыс ханның әскері тағы да бүлік шығарып жүргенін естіп, оған қарай жорық жасауға ат басын бұрғанда тағы Тоқтамыс хан Әмір Темірдің оған қарай жолға шыққанын естіп, шайқасқа кірместен, алдын ала қаша жөнелді. Әмір Темір оның бетін біржолата қайырып тастау үшін оған қарсы екінші рет жорық жасауға бұйрық берген еді. Содан: «Қыс маусымының соңғы кезі жасылдық қосыны көктем сұлтаны бұйрығымен құлпыра түсіп, кең далаға қанат жайған еді. Саһиб Қыранның әділет қадамының салтанатынан сән көктемнің әскері көркем салтын орындай бастады. Мемлекеттің гүлденуінің ойымен жүрген әзірет Саһиб Қыран Тоқтамыс ханның қайталап тәкаппарланып, өз шамасынан тыс артық әрекетке бармасын деген ниетпен оны әбден жазалауға бел буып, шешім шығарды.
Содан кейін мәртебелілерге «Әғрәк арқылы Сұлтанияға барсын және Сарай Мәлік ханым, Тұман аға бала-шағаларымен Самарқандқа жолға шықсын» деп бұйрық берді. Чылпан Мәлік аға мен кейбір ханымдар сонда аялдасын. Ал Мұса Рекмалға Сұл­тания қамалының қорғаушысы 
() Таға Әхи Иран шаһтың қолынан қайтарып алуды тапсырды. Ол бұйрық бойынша сол жаққа бет бұрды. Әзірет Саһиб Қыран /1-561/ жамади-әввәл айының жетісі жексенбі күні () 797 һижра (1394) жылында жолға шықты. Игілікті ту тұтқан әскерлер тәртіп бойынша бар ынтамен топ-топ болып жалауын желбіретіп, жанына сыймас кегі маңдайына айбат пен ба­тырлық сомдап жауға қарай бет алды. Олар шығыс пен солтүстікке қарай беттеген соң қосынның сол қанаты жолға шықты. Әзірет Саһиб Қыран да аталған қыстауда бір дәлел­дің қажеттігін сезіп, Тоқтамыс ханға хат жазды.
Саһиб Қыран Шәмседдин Алмағалыны атал­ған хатпен елші етіп Тоқтамыс ханның ал­дына жөнелтті. Шәмс дана, сөзшең, дүние көрген, тәжірибелі адам еді. Ол төренің 
() салт-дәстүр, ережелерін жақсы білетін еді. Сондай-ақ сөзді қалай айтып, әр түрлі жағдайда мақсатын ұғындыра алатын қабі­летке ие тілмар еді. Ол сапар барысында Дәрбәнд (жабық қақпа) қаласынан өтіп, Қыпшақ даласында Тоқтамыс ханға жетті». /1-563/.Осы тұста Шарафеддин Әли Йәзди (1388-1456) «Зафарнама» кітабының авторы Әмір Темірдің өмірі мен саяси тарихына терең зер салып барынша Әмір Темір заманында өтіп жатқан саяси ішкі тартыстар, таққа таластарды жан-жақты шығармасына өзек етіп, қарапайым да көркем тілмен жеткізген.
Аталған кітапта әзірет Адамнан бастау алған тарих Әмір Темір қайтыс болған 807 һижра, яғни 1405 милади жылына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл еңбек екі түрлі бағаға ие. Біріншісі – адамзат жаратылысы мен ислам тарихын көп ғасырлар өткен соң, тарихын жазу дәстүрі сақталған. Екіншіден – бастапқы тарихи дерек есебінде өзі өмір сүрген Әмір Темір заманын көрген, естіген оқиғаларын сомдаған. Сол себепті ортағасырдағы Түркістан тарихын зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды. Өйткені басты қайнар көз ретінде парсы тілінде жазылған пайдалы шығарма. 
Мүйінеддин Нәтәнзидің «Мүйінидің таң­даулы тарихы» (), – атты кітабының екі түрлі нұсқасы бар. Біріншісі – Әмір Темірдің немересі мырза Ескендір (1384–1415) Шейх Омарұлына арнаған нұсқа. Бұл нұсқада әзірет адамнан Әмір Темірдің өлген 1405 жылымен қоса 817 һижра (1414 милади) жылының кейбір оқиғаларын жазған нұсқасы. Екіншісі – Әмір Темірдің ұлы Шаһрох мырзаға (1377–1447) арналған. Нәтәнзи алғашқы еңбегін 817 һижра, яғни 1415 жылы тағы бір рет қарап шығып сол жылғы тарихи оқиғаларды оның мазмұнына енгізіп, Шаһрох мырзаға арнап екінші нұсқа ретінде ұсынды. Алайда бұл кітаптың екі нұсқасы да Әмір Темір және оның әулеттері заманында жазылғаны үшін сол кезеңнің тарихын зерделеуде бағалы шығарма. Бұл еңбекте Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы оқиғалар жазылған. Бұл еңбектің мәліметін тарихшы ғалым Берекет Кәрібай өзінің «Қазақ хандығының күшеюі», – атты монографиясында пайдаланған. 
Тағы бір айтатұғын жайт, Түркістан атауы жайында болмақ. Түркістан атын алғаш рет хатқа түсірген Ибн Хордадбеһ (826–912) географ, музыкант әрі тарихшы өзі­нің әлемге әйгілі «жолдар мен елдер» 
(), – атты араб тіліндегі кітабында жазған. Онда Түркістан елінің шекарасын көрсеткен. Осылай ресми түрде «Түркі елі» бұрынғы «Тұран» атауынан Түркістан атанып хатқа түсті. Тек қана кеңес дәуірінде 1924 жылы Түркістан есімі біржолата тарихи жазбаларда «Орталық Азия» немесе «Орта Азия және Қазақстан»,- деп атала бастады.
Әбілқасым Ибн Хордадбеһ «жолдар мен елдер», – атты кітабын екі рет екі бөлек жылдарда жазған. Біріншісі – 846 жылында жазылды, екіншісі – 885 жылында біраз өзгерістер енгізіп жазған нұсқасын айтуға болады. Жалпы кітаптың негізін 844–848 жылдар аралығында Ирак елінің Салаһеддин провинциясында, Бағдаттың солтүстігі, 125 шақырым қашықтықта Дижла өзенінің жағасында орналасқан Самарра қаласында жазған деседі. Бұл кітаптың бірнеше бетінде Түркістан аты кездеседі. Онда ұлы Түркістан туралы былай деп жазған: «Түркістан: Түрік территориясының тұтастайын қамтыған атауына берілген. Түріктің ең ауқымды бөлігі тоғыз оғыз () жері болған. Оның шекарасы Қытай (), Тибет, Қылық (), Кимак, Ғұз, Шу (),.... болған.», – кітабында.


Ибн Хордадбеһ «Жолдар мен елдер» атты кітабында Тараз туралы да жақсы мәлімет берген. Онда: «Тараз: ғажайып шаһар Испиджаб аймағында Түркістан шекарасына жатады», – деп жазған. 


Испиджаб өзгешелеу Аққала () деп те аталған. Испижаб кейін Сайрам болып аты өзгергенін Маһмұт Кашғари «түрік түсіндірме сөздігінде», жазған. Қазіргі кезде Сайрам Қазақстан Республикасының Түркістан облысының бір ауданы және Шымкент қаласының ауданындағы бір ауыл аты. Бұл еңбекте Әмір Темір мен Тоқтамыс хан, Түркістан, Тараз, Тараз өзені, Тараз бөгеті тағы басқа бүгінгі қазақ еліне қатысты мәліметтер бар. 
Түсініктеме: 1. Түрік халықтарының ежелгі наным-сенімі бойынша дүниеден өткен кісіге «өлді» сөзінің орнына «сұңқар болды» деп айтқан. Әли Йәзди түрік ежелгі нанымы бойынша: «Әмір Темірдің әскерінің жеңіс туы желбіреп, ұрандатып Харезмге қарай бет алып келе жатқанда Сыюрғәтмыш хан () Бұхара уалаятында сырқаттанып қалды, бірнеше күннен соң сұңқар () болды», – деп жазған сөйлемдегі Сыюрғәтмыш ханды өлді демей «сұңқар болды» деп жазған. Демек, түрік қауымы «өлген адамның рухы құс болып көкке самғап ұшады» деген нанымға ие болған. 2. Қазақ тілінде күні бүгінге дейін түріктің «сүрен салу» сөзі қолданыста келеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Сүрен: сүрен жүріс – сапырысқан жүріс, сабылыс. Сүрен қосты – айғайға басты. Сүрен салды – а) бүлік салды, сойқан салды. ә) азан-қазан қылды» деп түсінік берген. /8-752/. Әли Йәзди «сүрен» сөзін сол күйінде қолданған. Онда: () сүрен түркі сөзі, парсының көмекші етістігімен тіркесіп «сүрен салу» мағынада келтірген. 3. Қарауыл 
(). 4. Сары өзен () 5. Ақсу 
(). 6. Өрнек Шағыл (). 7. Шөл 
(). 8. Ал Қосын () жеріне аялдады. 9. Түріктің ең ауқымды бөлігі тоғыз оғыз 
() жері болған. 10. Қопқан ағаш 
(). 11. Сауран (). 12. Йәсі не Иесі (). 13. Жебеші (). 14. Тұраты 
() Тұран атауының балама сөзі. 15. Еділ () өткелі. Еділ (орыс. Волга, тат. Идел, чув. Атăл) өзені (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Уикипедия: ашық энциклопедия. Осы сынды түрік сөздері, жер атаулары әрі адам есімдерін назарға алсақ ортағасырда түркі тілінің зерттеу обьектісінде парсы тілінде түркі тілінің кірме сөздері ретінде зерттеу мен пайымдау барысында қажет болатын шығар. Әсіресі Түркістан, Қыпшақ даласы, Солтүстік және Оңтүстік Кавказдарда түркі аттарымен аталып кеткен жер-су аттары молынан кездеседі. Сол үшін «зафарнама» сынды парсы тіліндегі шығармадағы тегі түркі болған адам және жер-су аттарынан арнайы түсіндірме сөздік жасағаны жөн. Біз «Тарих-и Рашиди» кітабында біршама түркі сөздерінің сөздігін жасадық. Бірақ әзірше оған көңіл бөлген тіл мамандары да болмай тұр. Алайда «Зафарнама» кітабында түркі сөздерінің саны аз ба, не көп пе, аударма барысында сөздігін жасауды ниет еттік.
Ескерту: 1. Қазақ зерттеушілері «Харезм» () қаласын өзбекше транскрипциямен «Хорезм», – деп жазады. Өзбек өздерінің таңбасы бойынша дұрыс жазып отыр. Өйткені өзбек «а» таңбасын «о» етіп жазады. Мәселен, «Қозоқ» ал біз «Қазақ» деп жазамыз. Сол сияқты қазақ ғалымы «Харезм», – деп жазса қазақша транскрипциямен жазған болады. Өйткені парсы әліппесінің таңбасы бойынша Харезм сөзіндегі () «» екі әріптен тұратын таңба бірге «а» болып оқылады. 
2. Қыпшақ даласын парсы тілінде: «Дәшт-и- қыпшақ» (), – деп айтады және жазады. Өйткені «Дәшт» () сөзі парсы тілінде «дала» деген мағынаны береді. Сондықтан қазақшаға аударғанда «қыпшақ даласы» бар қазаққа түсінікті әрі ұғымды болады. Және тілдің әуенділігі сақталады. Мәселен: «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғары» деп жазған тілге зіл және тілдің айтудағы әуенділігін бұзады. Әрі қарапайым қазаққа түсініксіз. Ал соны: «Қыпшақ даласының тарихи тұлғалары» деп жазған жағдайда тілге жеңіл, санаға түсінікті болып миға орныға қалады. Әсіресе кинорежиссерлар, журналисттер, жазушылар және ғалымдар «дешті» сөзін қолданбай «дала сөзін қолдануын ұсынамыз.
3. Келесі сөз «Мауренахр». 
() Бұл күйінде кез келген қазаққа түсініксіз болып ауырсынып тұрады. Бұл жер атауы арабтың екі сөзінен тұрады. «мавәра» яғни «аржағы» + «нәһр» яғни «өзен». Сонда «өзеннің әрғы жағы» болып шығады. Араб халифатымен қолданысқа енді. Олар Иран жағынан есептей отырып Жейһүннің арғы жағын меңзеп (Амудария) «өзеннің арғы жағы» деп ат қойды. Ол Амудария мен Сырдария арасындағы және Қазақстанның оңтүстігінің бір бөлігін қамтитын жер. Иран Мауаронәһр сөзін «Фәра Руд не Фәраруд» деп парсышаға аударып алды. Біз жалпы қарапайым халыққа түсініксіз сөзді «Өзеннің арғы жағы» немесе «Қос өзен арасы» деп аударып алсақ та болады. Сондай-ақ ежелгі аңыз-әпсанада Әмудария сызығы Иран-Тұран шекарасы болған. Халифаттың үстемдігінен кейін Тұранның екі өзен аралығы Мауаронәһр, яғни «Өзеннің арғы жағы» атауымен атала бастады. Бұл атаудың қазақша дыбыстандыру ережесіне сай ең дұрыс үлгісі «Ана тілі» газетінің 12 қазан 2023 жыл №41 (1717) санында былай: «Мәуеренәһр» түрінде берілді. 

Ислам ЖЕМЕНЕЙ,
әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті, 
«Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, 
профессоры

 

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6399

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5818

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3560

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2945

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2904

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2881

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2612

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2596

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы