• Ақпарат
  • 09 Қараша, 2023

«Зафарнама» шығармасындағы қазақ сөзі мен тарихы

Әмір Темір: 
«Егер кін тудырсаң кек алар боламын,
Егер мейірбан болсаң, мейір шашар боламын.
Саған гауһар керек пе, көк кит керек пе,
Менің теңізімде екеуі де бар деймін.
Саған жұмсақ сөйледім, қатаң да айттым,
Осы екі түрмен сені сынап көрдім.
Осы хатты оқысаң, бір сәт күтпессің,
Маған бейбіт, не соғыс жолын көрсетерсің.
Ғапыл қалмассың қарқынды сел келер,
Бұлт та қайнап тұр, сел боп құйылар.» /1-562/ Тоқтамыс ханға осындай хат жолдап, ол хатты Әмір Темірдің елшісі Шамседдин Тоқтамыс ханның қолына жеткізген еді. «Тоқтамыс хан ілтипатқа толы әзірет Саһиб Қыранның хатын шын көңілден жылы қабылдады. Онымен ымыраға келуді қалады. Және әзіретке жақсы сөздерін айтып, керіс-тартыстан бас тартып, жүрегінің қабылдауымен оған бағынып, достық келісімге келіп, арадағы достыққа кедергі болып тұрған тозаңын тазартып тастағысы келді. Бірақ оның көргенсіз, надан әмірлері араға арамдық жасап, кедергі келтірді. Сөйтіп, олар Тоқтамыс ханның дәулет бұлағы болған әзіретпен бақытқа қайнарын бітеп, басына отырған сорлы тозаңынан арылуға мұрша бермеді. Өлең:
Патшаларға қырсық зиян келіп тұрар,
Надан салтының шарасынан жетіп тұрар. 
Дәулет басынан кеткен адам тіл табысар,
Оңбаған – сұрқия жандармен сырласар.
Тоқтамыс хан анау дәулетсіз әмірлерінің әңгімесінің жолына түсіп, әлсіздік пен тәкаппарлық бағытын таңдады. Осылайша, Әмірдің хатына дөрекі сөздермен жауап қайырды. Өлең:
Саһиб қыранға хат жазды,
Былапыт сөздерді қаламға алды.
Оның елшісі Шамседдин Алмалыға шапан жауып қайтарды. Елші әзірет Саһиб Қыран ордасына Сәмур өзені жағасына жетіп, құрмет керсетіп, тағзым еткен соң Тоқтамыс ханның жауабын жеткізді. Саһиб Қыран оның берген жауабына қатты ашуланды, қосынға жорыққа дайын болсын деген бұйрық берді. «жеңіс ту иесі Саһиб Қыранның бұйрығы бойынша жеңіс нышанды әскерлерінің жорыққа бел буғаны жайында әңгіме».  Өлең:
Діндар Саһиб Қыран әрқашан,
Әлемді жаулауға тағдыр жазған.
Әскерге атқа қосын деп бұйрық берген,
Дәстүр бойынша орда жаққа бет бұрған.
Барлығы жабдықталған атқа қонған,
Әскерлердің қолында қару-сайман сай болған.
Сәмур өзені Фируз тауының () етегін­де орын алған. Ол жерден Құлзым () теңізіне дейін отыз шақырым жол бол­ған. Қосындағы әскерлер бұйрық бойынша атқа қонып төре салды. (). Сөйтіп, әскер­дің сол жақ қапталы Әлбурз етегінде оң қол қапталы Құлзым теңізінің жағасында тау жие­гінен теңіз жағалау­ына дейін сап түзеді. Жауын­гердің тоқымынан ат тұяғының тағасының түбіне дейін сақатастай даяр болған. Өлең жолы:
Жарқыраған толық айдың сәулесіндей!
Көптігінен бұл мөлшерде болмағандай.
Шыңғыс хан заманынан кейін мұншама қалың қол болғандығына ешқандай дерек болғаны жайлы айтылмаған және көрінбеген. Сондай-ақ ол қосынның сән-салтанаты ешбір әлем патшаларының қисса мен хикаяларында ешкім оқымаған. Өлең: 
Есептен тыс қосын санының көптігі,
Әскер сәндігі күн нұрындай сәулелі. 
Барлығы болат-темірге толықтай оранған,
Мыңдап піл құлата алатын жаужүрек 
батырлығы.
Жеңімпаз Саһиб Қыран тәңірінің құптауына жүгініп, жеңісті ұран еткен қолдың сол қанаты мен қосынның оң қанатының ортасынан мұбарак қадамымен жүріп өтті. Жеңісті пана тұтқан әскер тобының алдына келіп тұрғанда жауынгерлер батырларымен тізе бүгіп тағзым ететін еді. Және ықылас тілімен қызмет көрсетуге ұмтылысын білдіріп тұратын, мадақ айтып, жанын аямайтын пейілін көрсетіп жатты. 
Жауға күн туар деп ұран салған әскерлер әрқайсысы дәстүр бойынша тізе бүкті. Әзірет олардың басын сипап, патшалық уәделер беріп, ілтипат көрсетті. Содан күзеттің жанына орданың ортасына қайтып оралды, онда күркі 
(), дауыл мен даңғыра соғып, керней шалып, мүйізге () үрлеп жау әскерінің орта шебі, жан-жағынан, оңынан-солынан, солдан-оңынан семсерлерді қыннан шығарып дұшпанға сілтей бастады. Сүрен салғанда () оның күркірінен тауда сілкініс, теңізде толқыныс пайда болды.
Түмен, мыңдық, қосын әмірлері топ-топ болып өздерінің орнына жайласып алуға аялдаған орнына беттеді. Олар Дербенттен өткенде Эльбурс () тауына жеткенде Тоқтамыс ханның «ақбұтау» деп аталатын оған жақтас болған тайпасы әзірет Саһиб Қыранға пал ашқандай қарсы шығып, ұрысты бастады. Құранның фатиһа сүресі бойынша ол дінсіздерді қару-жарағынан ада етсін деп бұйрық берді. Игі тағдырға бел буған әскерлер кенет олардың басына лап берді. Және жан-жағынан оларды қапыда қоршап алып жандарын шығарғанда мыңнан бірі ғана жанын аман алып шыға білді, олардың бәрін тонады. Олардың ауылдарын өртке орады. Ол адасқандар тозақтың жалынды отына күйіп, тұрақтарында кек шұғыласы лаулай түсті. «Біз күнәһарларға осылай істейміз» (37 - сүре, 34 - аят). Содан Тоқтамыс хан Ортақ () атты бір кісіні елшілікке () әзірет Саһиб Қыран жаққа жөнелтті. Осы арада мүбарак қосынының маңына жетті. Бірақ жеңісті пана еткен әскердің санының көптігін көргенде абдырап, үрейлене бар жылдамдықпен шегініп қайтып кетті. Көріп білген жайтты Тоқтамыс ханға: «Саһиб Қыран әскерлерді тәртіпке келтіріп, қалың қолын алға шығарып қазір жетіп қалады», – деп хабар берді. Тоқтамыс хан бұл хабарды естіп таң қалды. Қазаншыны () қалың әскермен алға жіберді. (). Әзірет Саһиб Қыран Тарақы () мекеніне жетіп аялдағанда Тоқтамыс ханның Қазаншы басқарған әскердің алғы шебі түгелдей үстемдік құрып Хой өзенінің жағалауына тоқтаған екен деп хабар естіді. Мүбарак ниетпен жеңісті ұран еткен Саһиб Қыран әскер санын біраз азайтып жолға шықты, таңғы мезгілде желдей жүріспен өзеннен өтіп, жауға шабуыл жасады. От жаудырған семсердің зақымдаған қарсыластардың өмірін ауыз-мұрнынан шығарды. Осылайша, жаулардың төгілген қандарынан кең даланы қызғалдақ гүліндей етіп қызыл түске бояды. Жасылдықтар семсердің өткірлігінен түп-тамырынан бақыт қауызын ашты. Өлең:
Жау қанынан дала жүзі қызыл түске айналды,
Жау бауырының қанынан семсер де жуылды.
Әлемді жаулаушы Саһиб Қыранның жеңіс нышанды әскері ол жерден жолға шығып, Сүйінж­ () өзенінің жағасына жетіп аялдады. Тоқтамыс хан да өз қосынын Терек өзенінің жағалауында жинап, сиыр, аттардың әр түрінен таңдап, әскерлерге күрке үйді де көптеп дайындап қойған Тоқтамыс хан өзінің тұрған орнында бекем бекініп алып шайқасуға дайын отырған еді».
Бұл жерде аталған «Терек» өзені солтүстік Кавказ тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құйылатын өзен.
 Терек өзенінің жағалауына әскери дайындықпен келген Тоқтамыс ханға қарсы: «Әзірет Саһиб Қыран әскери сапын түзеп жау маңына жақындады. Оның тұрақты үкімет құрылымындағы әмірлері, әлемді жаулаушы әскері өз айбынымен Тоқтамыс ханның іргелі шаңырағына үрей селін ағытты. Жаудың әскері төтеп бере алмайтынын сезген соң, артқа қарай жүріп кетті. Сөйтіп, қашу әуеніне үйлесіп шегінді. Саһиб Қыранның жеңісті қосыны өзеннен өтуге өткелін тауып, Терек өзенінен өтті, Сол кезде Тоқтамыс хан да Құдди өзеніне жетіп тоқтаған еді. Ол жерде жан-жаққа бытырап кеткен сарбаздарын жинауға кірісті. Жеңімпаз әскердің азық-түлігі азайып қалғандықтан, әзірет Саһиб Қыран өзеннің жағалауынан Жұлат () уалаятына қарай бет алды. Онда әскерлері сондағы астықтан азық-түлік алып, жаны тыныш тауып жауға қарсы айбаттана шабуыл жасап, оларды жоюға кірісетін ойы болды. Осы аралықта қарауылдардан: «Тоқтамыс хан қайтадан әскерін жасақтап өзеннің жағалауынан төмен қарай жүріп, жеңімпаз әскердің артына түсіп алған», – деген хабар жетті. Ол хабарды естіген әзірет Саһиб Қыран қосынның оң қанаты, сол қанаты, орта шебі, жан-жағын ретке келтіріп қайта оралып, өзеннің жоғары жағына қарай олар тоқтаған жаққа бет алды. Екі жақтың ара­қашық­тығы бір-біріне жақындай түскенде () 797 һижра 1395  жылдың жамади сани айының жиырма екісі, сейсенбі күні доңыз жылымен сәйкес болатын. Екі жақ бір-біріне қарсы сап түзеп бетпе-бет тұрып аялдады. Жеңісті пана тұтқан әскердің жаршылары () бұйрық бойынша әскерлердің тұратын орнын анықтап берді. Әскерлер жан-жақтан жеңіс ордасының төңірегіне ор қазып, шарбақтап (), қамалдар тұрғызды. Ордың сыртына тағы ор қазып қорғанысты күшейте түсу керегін жеткізді. Сол түні әрбір жауынгер өз орнында тұрақтап, артық іс-әрекет жасамай, жаудың кенет түнгі шабуылынан сақ болу керек болды. Бірде бір тірі жан сес шығармай, айғай-шудан аулақ болу керек еді. Бәйіт:
Бұйырды кімде кім от жақпағай,
Қоңырау дауысы да шықпағай.
Жоғары мәртебелінің бұйрығы орындалды. Түн мезгілінен біраз уақыт өткен соң Тоқтамыс хан түнгі шабуылға шығуды ойлап, осылай мүбарак ордасының арасына аласапыран тудыра алармын деген ниетпен күркі соғып, даңғыра қағып, у-шу шығарып, сүрен сала бастады. Бірақ игі істің әскерлері бұйрық бойынша тым-тырыс, үнсіз оларды мүлдем сезбегендей, бір кісіден де дауыс шықпай орындарында қимылдамай жатты. Жақындап келген жау олардан мүлдем өзгеріс байқамаған соң жүректеріне үрей ұялады. Сонда алға жылжуға батылы жетпей амалы құрып, артқа шегінді.
Саһиб Қыран көк қуатының сәулесін шығыс күнінің қалауымен әскерін реттеп, жеті қолын () тәртіпке келтірді. Қосын басшысы батырларға төрелік () берді. Сөйтіп, қосынның жаяу әскерлері қоршау жасауға алда тұрды. Әмірзада Мұхаммед Сұлтан үлкен қолдың қолбасшысы болып тағайындалды. Ол қолды жан-жақтан жаужүрек, жау сапын күйретуші батырлармен қорғауға алуға бекіндірді. 
Мүбарак әзіреттің бұйрығымен жиырма жеті әскери бөлім толық жабдықталды. Қарсылас жауда қарсы алдында әскерін соғысуға дайын­дап, тәртіпке келтіріп, жалауларын көкке желбіретіп тұрды. Осы арада бір кісі қосынның сол қанатынан: «қарсы әскердің оң қанатынан Күнші оғлан, Бек Барақ оғлан, Ақтау, Дәуіт сопы, Атыркі толықтай үстемдік құрып жеңімпаз әскердің сол қанатының алдына шыққан»,– деп хабар жеткізді. Бұл хабарды ести сала Саһиб Қыран дереу әскерін жасақтап, сол жаққа бет алып, шабуыл жасады. Жау әскері игі тағдырдың әскерінің айбатын көрген соң сырт айналып, қаша бастады. Әзірет Саһиб Қыранның жиырма жеті қосынының бір бөлігі жауды қуып, ізіне түсті. Қашып бара жатқан жау өз қолдарына жеткенде қайта оралып, қуғыншы топқа шабуыл жасап, оларды әзірет Саһиб Қыранның алдына дейін шығарып салды. Олардың кейбірін өлтірді, кейбірі әр жақтан қашып кетті. Осылайша, қосынның тәртібі бұзылып, әбігерге түсті. Бұл жайтты көрген жау әскері батылданып, алға жылжыды. Сөйтіп, әзірет Саһиб Қыран жаққа шабуыл жасайды. Әмір Шейх Нұреддин қожайынының жанпидасы болған жан тәуекел етіп әзіретке құрмет көрсетіп, жаулардың жанына барып, жанындағы елу кісімен аттан түсті. 
Мұхаммед Азат, Әли шаһ оның бауыры, Тәуе­кел Бауыршы () әрбіреуі қарсыластың арқан артқан арбасын алып келіп Саһиб Қыранның алдына қоршау етіп, шарбақ () құрып, бір-біріне байлап қойды. Қожайынға берілген жан деп танылған Алладат өз әскерімен көмекке келіп, Шейх Нұреддиннің жанынан орын алды. Үсейін Мәлік қошын да үрім-бұтағымен бірге келіп қосылды. Әмір Зирәк Жәкі де өз қосынымен келіп, олармен тіл табысты. Қосын қолы жалауымен келіп, күркі соғып, даңғыра шалып, сүрен салып, бірінен соң бірі келіп қосынға қол қосып еніп жатты. 
Жаудың әскері топ-топ болып келіп, қанша көп тырысып, ерлік көрсетсе де жеңісті пана тұтқан әскерлер аттан түсіп, қатарласа оқ жаудырған соң өз орындарынан қимылдай алмады. 
Құдадат Үсейни қосынның сол қанатының жамбасында болған. Күнші Оғлан қарсы жақтың оң қанатының жамбас жағынан қоршаудан өтіп, сырт жағынан шығып, әзірет Саһиб Қыранның алдына тұрып, соғысқа кірісіп, оған оқ жаудырып жатты. Сол жағдайда әмірзада Мұхаммед Сұлтан тарапынан түгел жабдықталған алты қосын көмекке келді. Олар әзірет Саһиб Қыранның сол жағынан кіріп, шайқасуға кірісті. Олардың барлық баһадүрлері қосыла бірден шабуылдап, жау әскеріне лап берді. Әбден қайраған семсердің кескірлігі және оттай болған найзаның соққысынан дұшпанның оң қанатын күйретті. Әмір Қажы Сейфеддин оң жақ қанатының жамбасын тізгіндеп келе жатқан күйінен қиындау халге түсті. Ал қосынның сол қанат қапталын қолында ұстап келе жатқан әмір Иса Бивәхшы Қожаға үстемдік құрып, одан өтіп, оны төңіректеп қоршап алды. Ол да жанкештілік жасап, өз түменімен аттан еніп қорған құрып, опыр-топыр жауға қарсы тұрып, батырлық көрсетіп бекем тау сияқты тіреніп, ерлене тырысып, қарсы жаққа қаншама әскери көмек келіп жатса да төзімділік танытып найза, семсерін сілтеп шабуылдап тұрды. Оларды қарсы жақ найзамен жарақаттап қайтарып тұрды. Және оларға шабуылдап соғысты үдетіп жатты. Өлең:
Абыржыған темір гүрзі қолға 
ұстаған арыстандар,
Екі жақтан жаудырған жаңбырлата 
оқ пен семсер.
Найза, тастан ашып қойған бұлқындатып 
қан бұлағын,
Одан мықты жебе берер жүздеп тоғай 
өсіп шыққан.
Жебе деген де бәрі қызыл түсті 
гүлдей болған,
Қан гүлі оның тікендерінен өсіп шыққан. 
Ақықтай қанның соңы у болып ескен,
Бұл қанның қотыры қаптап батырқан жан.
Ақыл иесі, ел жаулаушы болған екі нұрлы жау аулаушы арыстандар бір-біріне арқа сүйеп біріккенде күшейе түсіп қарсы тұрған қосынның сол қолының жамбасындағы әскер тобын күйретіп салды. Ақбұғанның Темір Қожасы да ұмтылып, ерлене мәрттік жасап қарсыластың сол жағынан барлығын артқа шегіндірді. Әмірзада Рүстем Омар Шейх өз түменімен найзағайдай жауға лап берді, олардың тәртібін бұзып, қырманының берік күйін өртке орап, қашырып жіберді. Ол сондай сәбилік жасында ерлігімен даңқты әкесінің атын тірілтті. 
Иәғлі Би Бәһрейін Тоқтамыс ханның жақын және оның ішкі қызметкерлерінен болған еді. Ол өзбек қосынының баһадүрлері мен өз қолын біріктіріп алға шықты. Өлең:
Өзін мақтап айтты, міне менмін,
Пілді құлататын арыстан менмін.
Алабарысты тауда паршалайтын мен,
Қолтырауын теңізден жеп салатын мен.
Қапталдан салған найзаны 
кіндіктен шығарамын,
Бұл шайқаста көрерсің сен, 
артық айтпаймын.
Осылай айғай салып Осман баһадүрді шайқасқа шақырды. Әмір Осман оның көпірік сөзінен қайрат оты лаулай түсіп, бір сәт күтпей майданға шықты. Осман баһадүр өз қосынымен оларға жеткен кезде, екі жақ қабысып, бір-біріне аяусыз семсер, гүрзі, найзаны сілтеп жатты. 
Ең соңында Осман баһадүрдің қаһарлы ­қуаты жеңіске жетті, қарсылас жауды күйзеліске ұшыратты. Басқа да игілік армандаған әскерлердің әмірлері мен баһадүрлері әрқайсысы өз орындарында ерлік көрсетіп, Саһиб Қыранның бақытқа оранған мұбарак шарапатынан, әлсіздік байқатпай жаудың қосынын күйретіп, барлығын жан-жаққа таратып күйзелтті. Тоқтамыс хан Жошы текті шаһзадалар, әмірлер, нояндармен бірінен соң бірі арты-артынан бытырай, қаша түсті. Және көптеген әскері қаза тапты. Шаһзадалар, әмірлер, нояндар тізе бүгіп құттықтап, мақтап жатты. Әзірет Саһиб Қыран сондай сән-салтанатты жиында оларға алғыс айтты, жеңісті ұран жалауымен ол жерден жолға шығып, жеңіс жаққа бет алды. Өзенінің жағасына жеткен кезде аялдап, қоныс тепті. Сол жерде біраз үзеңгілес дос-жарандарды патшалық ілтипатқа бөлеп, көңіл аулады. Әмір Шейх Нұреддин шайқаста көп жангештілік жасаған еді. Оған айрықша мән беріп, қадір-мәртебесін көтерді, ат, алтынмен зерленген киім-кешек, безендірілген белдік сыйға тарту етті. Және жүз мың динармен толықтырды. Осылайша басқа да әмірлер, баһадүрлерге көрсеткен батырлық пен ер жүректігі үшін бәріне сый берді, және әр түрлі патшалық мейірге бөлеп, мерейлендірді». Әли Йәзди еңбегіндегі Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның арасындағы ұзын сонар қарсы шайқастарын баяндап, талдап бірде қара сөз, бірде өлеңдетіп барынша түсінікті, тартымды сомдау­ға тырысып келеді. Ал Тоқтамыс хан жеңілістен жеңіліске ұласып жатса да «жеңілген күрестен тоймайды» деген мақалға сай қашып-пісіп жүріп қарсылық көрсетуден айнымай келеді. Және әр жерде аяғы сүрініп, әр жерге ұрынып өмір жолын жалғастырып келеді. Сөйтіп келесі бір мезетте Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның қашан, қалай бетпе бет келерін күтейік.
Осы тұста маңызды бір жайтты айтқан жөн. Ол Әмір Темірдің ерекше дағдысы болмақ. Әмір Темір билік құрған соңғы жылдарында өз қызметінде болған қаламгерлерге күнделікті оқиғалар мен хикаяларын жазып тұруға бұйрық берген. Сөйтіп, сарай қаламгерлері күнделік деп жазылған жазбаларды «Әмір Темір Бағдат тұрғыны жазушы Низам Шәмс деген кісіге тапсырып, асыра сілтемей оның салтанат құрған жылдарының тарихын жаз деген ниетпен 1400 жылы тапсырған. Оны Әмір Темірдің өлімінен бір жыл бұрын аяқтап «Зафарнама» атымен Әмірге тапсырған екен. Ол кітап жалғыз нұсқа ретінде «Британия» музейінде сақталып тұр. Бірақ аталған нұсқаны ешкім аудармаған». 
  Ал енді Әмір Темір туралы алғаш рет кітап жазған Мұхаммед Фәзлоллаұлы «дұрыстау тарихтар» () атты кітап 1412–1414 жылдар аралығында жазылған. 
Енді бір тарихи шығарманы Әмір Темір жанында қызметте жүріп «зафарнама» атты еңбек жазған Низамеддин Шами. Ол 740–807 (1339–1404) Тәбриз қаласында туған, сонда қайтыс болған. 
 Низамеддин Шамиден кейін Әмір Темірмен замандас болған тарихшы Хафиз Әбру 763–833 һижра (1361–1430) «Зүбде әл-тавари» (таңдаулы тарих) атты кітабын 1423–1424 жылдары жазған. Бұлардан кейін Шарафеддин Әли Йәзди 1424 –1425 жылдары әйгілі «Зафарнама» кітабын Әмір Темірге арнап жазған. 
 Шаһабеддин Аһмет ибн Арабшаһ (1389–1450) () кітабы Әмір Темір туралы жазылған еңбек.
 Әбу-Талиб Үсейни Торбәти Әмір Темірдің түрікше жазбаларын 1637 жылы парсышаға аударған. Оны «Темірдің әңгімелері» 
() деп атаған. Оны Әмір Темір 1369–1404 жылдары жазған немесе түркі тілінде әңгімелеп берген өмірбаяны. Онда оның жеті жасынан жетпіске дейін өмір жолын қамтыған.
 Әмір Темірге қатысы өз заманында жазылған еңбектің бірі – Испанияның елшісі Ruy González de Clavijo тарапынан жазылған «клавихо сапарнамасы» атты кітап. Клавихо 1403–1406 жылдары Самарқандта елшілік қызмет атқарды. Аталған сапарнамасын 1406 жылы жазды, 1412 жылы Мадрид қаласында қайтыс болды. 
Әмір Темірмен оның тарихи кезеңін танып, зерттеуге сарайда жазылған күнделіктер және кейінгі бес тарихшының тарихи шығармалары, және Клавихо сапарнамасы негізгі құнды басты қайнар еңбектер. 
Түсініктеме: 1. Фируз тау (). Фируз «парсы сөзі, жеңімпаз мағынасында. Ал – куһ сөзі тау деген мағынада». Әли Йәзди символ ретінде жаңімпаз тауға теңеп қолданған сияқ­ты. Сондай-ақ «Құлзым» сөздікте Мысыр еліндегі қызыл теңіздің ескі аты деп берілген және Мұса пайғамбарды қуып тұтқынға алмақ болған перғауын сол теңізге батып кеткен деген аңыз бар. Сол себепті Құлзым атауы да символдық ма­ғынада қолданылған шығар. Әйтпесе Кавказда Фируз, Құлзым деген тау мен теңіз жоқ». 2. Бұл кітап «күркі» және «бұрғы» деген түрік ха­лықтарының екі түрлі музыка аспабымен ата­лады. Бұл жайытты анықтау әрине музыка зерт­теушілердің еншісінде. 3. Тауашы 
() сөзі түркінің ежелгі сөзі қазіргі қазақшада «жаршы» хабар беруші, жеткізуші мағынада қолданыста. 4. Шепер () ескі түркі сөзі. Қазір қазақшада: шарбақ, қоршау, қаша деген мағынада қолданылып келеді. 5. Күнші 
() түркі адам есімі. 6. Бауыршы () түркі адам есімі. 7. Төре салды (), бұл сөз тіркесі қазақ әдебиетінде қолданыста жоқ түркі сөзі + парсы етістігі. 8. Маңдай () қосынның алғы шебі. 9. Ортақ () адам есімі. 10. Елшілік (). 11. Қазаншы () адам аты. 12. Тарақы () мекен аты. 13. Сүйінж 
() өзенінің түркі аты. 14. Қол (), әскер, жауынгер, жасақ.15. Төрелік (). 16. Қап тауы (). Абай «Әзім әңгімесі» жырында «Мың бір түннен» оқып, қап тауын жырына өзек еткен. «Ол өзі-бұлт емес, Қаптың тауы, Бір бөлек үлкен таудың бергі бауы». 17. Мәтіндегі құран сүре-аяттарын аудару барысында анықтап келемін. Әли Йәзди анықтамаған. 

Ислам ЖЕМЕНЕЙ,
әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті 
«Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу 
орталығының директоры, 
филология ғылымының докторы, 
профессор

355 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6429

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5829

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3571

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2956

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2916

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2892

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2623

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2607

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы