• Ақпарат
  • 28 Наурыз, 2024

Жер бусанды, ел білек түрді

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында көктемгі егіс жұмысына дайындық барысы қаралды. Тақырып бойынша Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, 2023 жылы табиғаттың ауыр климаттық жағдайы шаруалардың қаржылық жай-күйіне әсер етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Үкімет тарапынан барлық қажет шара қабылданды. 

 

– Бүгінгі таңда 2024 жылға арналған басты міндет – көктемгі егіс жұмысын уақтылы және сапалы жүргізу. Бұл үшін министрлік барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Керекті мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарын тарта отырып, өңірлерде көктемгі егіс науқанын жүргізу жұмысын үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды, — деді Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігі салада ауқымды талдау жүргізген, оның ішінде орын алып отырған проб­лемалар және оның пайда болу себептері анықталды. Жұмыстың нәтижесі бо­йынша бірқатар жүйелік проблема анықталды. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуын тежеп тұрған мәселелердің бірі – өсімдік шаруашылығында әртараптандырудың дұрыс жүргізілмеуі. Ол үшін министрлік бұған дейін облыс әкімдіктеріне әртараптандыру бойынша индикаторларды берген болатын, олар бақылауда болуы керек.
Осы жұмысты ескере отырып, облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша биыл 23,8 млн гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жоспарланып отыр, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 209,6 мың гектарға аз. Мысалы, бидайдың егістік алаңы өткен жылмен салыстырғанда 13,3 млн гектар болады деп жоспарланып отыр, яғни 429,2 мың гектарға қысқартылды. Қысқартылған алаңдарда әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарланып жатыр.
Мәселен, облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңы 60 мың гектарға ұлғайтылады. Бұдан басқа қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 12 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
Үкімет тапсырмасын және вегетация кезеңінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңын қысқарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл, өткен жылмен салыстыр­ғанда, мақта алқаптарының 16 мың гектарға қысқаруы болжанып отыр, күріш алқаптары 6,4 мың гектарға азаяды. Жалпы астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік өңірлерінде егіс жұмысы жүргізіліп жатыр, 33 мың гектарға дәнді дақылдар, көкөніс, азықтық, майлы дақылдар егілді. Көктемгі егіс жұмысы және вегетациялық кезеңде ауа райы жағдайы маңызды.
– Сонымен бірге Қазгидрометтің болжамды деректеріне сәйкес, елдің оңтүстігі мен шығысын қоспағанда, республиканың көп аумағындағы ылғал қоры оңтайлы. Фермерлердің қар тоқтату  жұмысын жүргізгенін айта кету керек. Алайда көктемгі егіс жұмыстарының басында топырақтағы нақты ылғал қоры көктемнің қалай болатынына қарай айқындалатын болады. Сондықтан тұқымдарды таңдау, себу мерзімі, тыңайтқыштарды қолдану, егу алдында топырақты өңдеу және басқа да қажетті іс-шаралардан бастап, барлық агротехникалық іс-шараның уақтылы және дұрыс жүргізілуіне ерекше назар аудару қажет, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Маңызды мәселелердің бірі – тұқымдық материалмен қамтамасыз ету. Облыстар әкімдігінің жедел деректері бойынша, 2024 жылғы егінге 2,4 млн тонна тұқым қажет, осы жылдың 26 наурызына 97 пайыз тұқымдық материал бар. 2024 жылға облыстардың жергілікті бюджетінде тұқым шаруа­шылығын дамытуды субсидиялауға 12,8 млрд теңге көзделген.
– Сонымен қатар өңірлерге ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарының үлесі бойынша жоспар жеткізілгенін атап өткен жөн, ол биыл 9,4 пайызды құрайды. Осыған байланысты облыстар әкімдігі бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет», – деді ол. 
Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында барлық өңірге тыңайтқыштарды қолдану бойынша индикаторлар жеткізілді. Осы жылы шамамен 1,5 млн тонна тыңайт­қыш енгізу жоспарланып отыр, бұл ғылыми қажеттіліктің 46 пайызы.
Өз кезегінде, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті шара қабылданап жатыр. Бірінші және ең маңызды мәселе – қаржыландыру мәселесі. Жыл сайын тыңайтқыштың құнын арзандату бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының тапшылығы сақталуда. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін бүгінде отандық тыңайтқыштарды субсидиялау көзделген, бұл жерде субсидиялар тікелей отандық зауыттарға беріледі. Бұл – субсидиялаудың мүлде жаңа тетігі, онда шаруалар алдын ала арзандатылған тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін болады.
– Сондай-ақ фермерлердің қаржы­лық жай-күйін ескере отырып, қазіргі уақытта тыңайтқыштарды зауыттардан әкімдіктердің кепілдігімен бөліп төлеу­ге беру мәселесі пысықталып жатыр. Жалпы, бұл шаралардың барлығы тыңайт­қыштарды қолдану көлемін арттыруға ықпал етеді, — деді Айдарбек Сапаров.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бүгінгі таңда фермерлерге барлығы 147,5 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, 173,4 мың тоннаға шарттар жасалды. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс тек Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ғана жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты облыстардың әкімдігі бұл мәселені бақылауға алып, фермерлерді тыңайтқышпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдетулері қажет. Сондай-ақ егінді сақтап қалу үшін егістіктерге химиялық өңдеуді уақтылы жүргізу қажет. Осы мақсаттар үшін мемлекет пестицидтердің құнын 50% мөлшерінде субсидиялау түрінде қолдау көрсетеді, бұл саламатты фитосанитариялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.
Көктемгі науқанды техникалық қамтамасыз етуге келетін болсақ, егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруа­шылығы құралымдарында 149,9 мың трактор, 5 мыңға жуық жоғары өнімді егіс кешені, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдеу құралы бар. 
– Бүгінгі таңда өңірлердің ақпараты бойынша, техниканың дайындығы шамамен 85 пайыз, жаппай егіс жұмыстарының басталуына бұл техника 100 пайызға дайын болады. Бұдан басқа өткен аптада министрлік кеңес өткізгенін атап өткім келеді, онда отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілермен қосалқы бөлшектерді уақтылы жеткізу және оған қолайлы баға белгілеуді қалыптастыру мәселелері талқыланды, – деді Айдарбек Сапаров.

Еркін ҚАЛДАН

88 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6077

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5644

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3385

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2766

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2729

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2705

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2437

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2423

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы