• Ақпарат
  • 28 Наурыз, 2024

ҚЫР АССАҢ, ҚЫТАЙ ТҰР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28–29 наурыз күндері Қытай Халық республикасына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. 


Сапар аясында Қытай Халық Рес­публикасының астанасы Бейжің қаласында Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімі өтеді. Делегация мүшелерінің қатарында билік өкілдерінен бөлек, әншілер, күйшілер, бишілер, сонымен қатар әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген танымал спортшыларымыз да бар.
Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысуға қазан айында Бейжіңге барғаны белгілі. Форум аясында екі ел басшылары келіссөз өткізіп, бірқатар құжатқа қол қойды. Осы кездесуде 2024 жыл – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жария­ланған еді.
Осыған орай Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қытайдың ірі қалаларында бірқатар маңыз­ды іс-шара өткізу тұжырымдамасын ұсынып, еліміздің Қытайдағы туризм жылына байланысты ауқымды іс-шараларды өткізуді қолға алды. Атап айтсақ, Қытай Халық республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу жоспарын және туризм саласындағы өзара ынтымақтас­тықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылаған болатын.
«Қытай Қазақстан үшін басым туристік нарық пен маңызды серіктес­тердің бірі саналады. Өйткені екі елдің географиялық орналасуы, Жібек жолы бо­йын­дағы тарихының терең байланысы барлық салада өзара ықпалдастыққа оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы турист саны пандемияға дейінгі көрсеткішке қайта көтеріліп отыр», – деп атап өткен еді Ермек Маржықпаев.
Мәселен, қытай туристері былтыр Қазақстанға ең көп келген ТОП-5 елдің қатарына енді. Статистика деректері бойынша, өткен жылдың 9 айында Қазақстанда 75 мыңнан астам қытайлық туриске қызмет көрсетілген. Ал Қытайдан Қазақстанға келушілердің жалпы саны 200 мыңнан асты.
Ведомство басшысы былтыр екі ел арасында визасыз режим енгізілгенін және биыл тікелей рейстер санын аптасына 30-ға дейін ұлғайту жоспарын ескере отырып, туристің одан әрі артуы мүмкін екенін атап өтті. Министрдің мәлімдеуінше, биыл Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық туристік орындар таныстырылады.

Б.Балаубаева

70 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6020

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5614

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3352

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2735

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2698

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2674

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2407

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2392

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы