• Ақпарат
  • 11 Сәуір, 2024

Ән салады әжелер...

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы «Ақтамақ» әжелер ансамблі 2012 жылы құрылған. Ансамбльдің жұмысына мұрындық болған ардагер ұстаз, марқұм Батима Иманқұлова еді. Қазір «Ақтамақ» әжелер ансамблі республикалық, облыстық, аудандық байқауларда топ жарып жүр. Өнерпаз әжелермен тілдесіп, әр жаста да ән мен күй жанды тербей беретініне көз жеткіздік…

«Ардагерлер» ансамблінің мүшесі Сатпаева Науат Шаяхметқызы: «Әлі күнге дейін Әмина Қадірқұлова, Күмісхан Беделбекова, Науатхан Сатбаева, Күләнда Жұмахметова, Ғалия Қастеева т.б. замандастарымыз жастарға өнерді үлгі етіп келеді. Ансамбльдің құрылған сәтінен жалғасып келе жатқан «Қарттарым – асыл қазынам» атты аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орынға ие болып келе жатырмыз. «Қариялар – өмірдің қазынасы» деп айтылғандай, жазиралы Жаркент жерінің қазыналы қарттары елінің, жерінің мәдени өміріне атсалыса отырып, өскелең ұрпақтың рухани бай болып өсуіне зор үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді. 2023 жылдан басталған «Өмірім – өнерім» атты ауданаралық байқау жүріп жатыр. Бұл істе Жаркент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахметолла Тұрлыбаевтың төрағалық етуімен Жаркент қалалық ардагерлер ұжымы өздерінің патриоттық істерімен ел-жұрттың алғысына бөленіп жүр.
Соның бірі – 2023 жылы қаңтарда басталған «Өмірім – өнерім» атты ауданаралық ардагерлер арасында көркем­өнерпаздар байқауы. Бұл іс-шара қазірге дейін жалғасып келеді. Былтыр аудан бойынша болған жарыста 3-орынға ие болып, сыйақымен марапаттады. Ардагерлер арасында байырғы «Әжелер ансамблінде» болған қарт-ардагерлеріміз – Әмина Қадірқұлова, Науат Сатпаева, Күмісхан Беделбекова, Күләндә Жұмахметова, Ғалия Қастеева сынды әжелеріміз көмек қолын созды», – дейді.
Жаркент қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы Рахметолла Тұрлыбаев: «Ансамбльде мәдениет қызметкері Әмірғазы Құдайқұлов, сырнайшы Нұрбақыт Дауыстаев, хор жетекшісі Зинат Рахымжанқызы белсене жұмыс жүргізді. Қазыналы қарттар арасында 88 жастағы Алымжан Ташметов пен 80 жастағы Асиям Амарбакиеваның биіне ел таңдай қағады. Мәрия Оңайбекованың салған әні де көптің көңілінен шықты. Ол облыс көлеміндегі жарысқа қатысып, бас жүлде алып, сыйақымен және алғыс хатпен  марапатталды.
Биыл да «Қарттарым – асыл қазынам» атты аудан арасындағы ардагер-көркемөнерпаздар байқауы қайта жанданды. 45 ардагерден құралған топты 9 түрлі аталым бойынша дайындадық. Жаркент қаласының әкімі Айдар Исаев көмек көрсете отырып, ұжымның жоғарғы дәрежеде өнер көрсетуіне ықпал етті. Концерт барысында ұлт аспаптар ансамблі, ерлер мен әйелдер хоры, аталар мен әжелер ансамблі, би өнері, вокал, жеке дауыста жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, халықтың жоғары бағасын алдық. Әсіресе ұлттық әндерден орындалған попурри триосы, ұйғыр ұлттық «Яркәт садәси» аспаптық тобының әні мен биі және хор ұжымының орындаған шығармалары көптің көңілінен шықты. Аталар мен әжелер құйқылжыта орындаған «Сәулем-ай» әні де жоғары бағаланды. Олар 78–88 жас аралығындағы қарттар еді.
Ал 65–68 жас аралығындағы әжелер вокалы орындаған «Аққулар» әні де көпшіліктің көңіліне қонып, өте жоғары бағаланды. Мың бұралып билеген Ғалия Қастеева, Әлия Баратқызы Майқы бидің шешендік сөзінен монолог оқып, ерекше көзге түсті. Қорытындысында 1-орын алып, сыйақы, ауданның, облыстың алғыс хатымен марапатталды. Жасы үлкен қарттарымыз Аманжол Таубалдиев, Әмина Қадірқұлова, Алымжан Ташметов, Асиям Амарбакиева алғыс хат пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Өнерлі әрі  қазыналы қарттарымыздың алды 85-тен асса, кейінгілер 80, 62 жаста», – дейді.

Әзірлеген 
Ақгүл Айдарбекқызы

141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5947

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5568

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3306

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2690

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2653

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2628

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2362

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2347

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы