• Ақпарат
  • 25 Сәуір, 2024

«СӨЗ ЗЕРГЕРІ – ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафед­расының ұйымдастыруымен жазушы, фольклоршы, баспагер, этнограф, аудармашы Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасын, сондай-ақ баспа ісіндегі  өзекті мәселелерді зерттеу мен талдауға, талқылауға арналған «Қазақстандағы баспа ісі және Зейнолла Сәніктің баспагерлік, редакторлық қыры» атты рес­публикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 


Жиында баспа ісінің қазіргі замандағы дамуы, Қазақстандағы электронды кітап нарығы: ізденістер мен іркілістер, Зейнолла Сәніктің шығармашылық  мұрасы, баспагерлік қыры, редакторлық шеберлігі сөз болды. Конференцияға зия­лы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, Зейнолла Сәніктің отбасы, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысты.
Конференция барысында Зейнолла Сәнік атындағы «Баспагерлік – редакторлық орталық» ашылды. Оған қоса «Үздік баспасөз жарияланымы», «Үздік ғылыми жұмыс», «Дизайн өнерінің үздік туындысы» аталымы бойынша студенттер арасында ұйымдастырылған байқау қорытындысы шығып, «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» демеушілігімен байқау жүлдегерлеріне арнайы шәкіртақы тағайындалды.

58 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6811

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6018

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3757

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3145

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3103

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3079

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2807

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2792

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы