• Ақпарат
  • 25 Сәуір, 2024

Қолөнер де кәсіптің көзі бола алады

 

Қазақ ұлттық тігін өнері мен киім дәстүрін жаңғырту және насихаттауды қолға алған жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Кәсіпкер Әлия Дәулетбаева арнайы сән дизайны, құрақ көрпе тігу ісінің арнасын кеңейтіп, шағын цехын іске қосты.   


«Бала кезден анамның кездеме-маталарын қырқып, іске алғысыз етіп, кейде бірдеңе тігіп алатынмын. Арманым тігінші болу еді. Бір жағынан, аналарымыздың ісін жалғау  перзенттік парызым деп есептеймін. Анам да шебер болған. Оның үстіне қазақтың қөлөнері – әлемдік  өнерден орын ала алатын, ықылым заманнан жақсы дамыған сала. Осы саланы замануи өнермен ұштастырып, жаңа заманға лайықты дамытуды әуелден-ақ ойлап жүргенмін. 
Орта жасқа да келіп қалдық. Білгенімізді қыз-келіншектерге үйретіп, жұмыс істеуге, тіпті бизнес бастауға ықпал етіп, жол көрсете аламыз деген ойым да бар. Сондай-ақ ата-бабамыздан қалған өнердің мәртебесін асқақтата аламыз деп сенемін. Бұл кәсіпті жалғыз өзім бір тігін машинасымен бастадым. Қазір тынымсыз әрі жаныма рақат сыйлайтын еңбегімнің арқасында түрлі тігіспен тігетін 70-тен аса тігін машинасын алдым. Екі жанды жұмыспен қамтып отырмын. Енді қазақтың қолөнерін дәріптеуге, яғни о бастағы мақсатыма жетуге материалдық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да дайынбыз деп ойлаймын.
Әрине, әйелге кәсіп ашу, оны дөңгелету оңайға соқпайтыны анық. Дегенмен қиындық бар, кедергі бар деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Сондықтан ойға алған істі қорықпастан қолға алу керек. Мақсат қойдың ба, демек, бойыңда соған жеткізетін күш бар. Сол күшті пайдалану қажет. Мені бала арманым адастырмай, мақсатымды айқындап берді. Мақсатым айқын болғандықтан, алға жылжып келемін. Сіздердің де ойыңыз жеткен жерге қолыңыз жетсін деймін», – дейді тігінші Ә.Дәулетбаева.
Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан журналист Гүлзейнеп Сәдірқызы: «Ісмер, шебер, іскер жанның Алматыдай кіндік шаһардың дәл ортасында өз тігін цехын ашып, арманының орындалғанына куә болып қайттық. Қазақ халқында шикізатты да өзі өндіріп, өздері тігіп, отбасы мүшелерін ғана емес, ауыл-аймағын киіндірген қолы шебер аналарымыз болғанын білеміз. Ал Әлия – сол аналарымыздың ісін де, ізін де жалғас­тырушылардың бірі. Әлия ашып отыр­ған цехтың ерекшелігі – мұнда заманауи киім-кешек тігіп қана қоймайды, сонымен қатар кесте тігу, құрақ көрпе тігу, тоқыма, текемет сияқты ұлттық  өнерімізбен айналысады. Жалпы, адамның қолынан не келеді, не істеуге болады – соның бәрін қамтыған. Солардың үлгісін жайнатып көрме жасап қойған. Оны көріп өте риза болдық. Жалпы, қолөнерге  де, тігу өнеріне де шығармашылық жұмыс деп қарауымыз керек. Себебі онда адамның қиялы, таланты немесе  тегінен келе жатқан ісмерлік қасиет болмаса, ол істі бастағанмен, оны алып жүру, істің баянды болуы екіталай. Ал Әлияға, оның ісінің болашағына сенемін. Алғашқы кездерде Әлия үйден тапсырыс алып бастап, өзінің еңбекқорлығы, ізденімпаздығы, уақытпен санас­пайтын қасиеті арқылы тігін цехын ашып отыр. Сондай-ақ өзі қалаған мамандығына берілген, жақсы көретін, адал жан. Сондықтан сүйікті, жаны қалаған іске ешқашан сатқындық жасамайды, сапаға жұмыс істейді. 
Тағы бір қуанарлық жағдай – осындай игілікті істің басына Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының басшылығы келіп, қолдау көрсетуі. Олар да талғамға сай жабдықталған тігін цехын, ондағы тігін машиналарын, өнімдерді – бәрін көріп, алдағы жоспарларын ортаға салды. Бұл үкіметіміздің шағын орта бизнеске деген оң көзқарасын білдіреді. Осындай жайттарға қанық болып, куә болғанымызға қуандық. Отандық өнімдерімізді әлемге танытуына тілекшіміз», – дейді.

Мөлдір ҒАБИТҚЫЗЫ

79 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6822

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6023

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3762

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3150

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3108

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3084

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2812

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2797

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы