• Ақпарат
  • 02 Маусым, 2011

ҚАЗАҚСТАН БАС РЕДАКТОРЛАР ФОРУМЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бас редакторлардың бірін­ші фо­румының делегаттары ҚР Конс­титу­циясының және сөз бостан­дығының ха­лық­аралық стандарттарының базалық негіздерін ұстана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентін мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шақырады:1. «БАҚ-ды мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң қабылдау қажет. Ол заңда мынадай мәселелер қарастырылсын: а) отандық баспа және электрондық БАҚ үшін ҚҚС-ын толық алып тастау; б) таралымына және көрермендер (оқырмандар) аудиториясын нақты қамтуына қарамастан, барлық БАҚ-ға мемлекеттік субсидия беру; в) жаңа басылымдарға және әлеу­меттік маңызы зор медиа жобаларға бір жолдық мемлекеттік субсидиялар бөлу; г) «Қазпошта» АҚ-на барлық отандық мерзімді басылымдарды (әсіресе, ауыл тұрғындарына) оқырмандарға жазылу және жеткізу шығындарын өтеуге дотация бөлу; д) 18 жасқа толған барлық қазақ­стан­дықтар, сондай-ақ әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін бір отандық басылымды (таңдау бойынша) тегін жаздыру бағдарламасын әзірлеу; е) БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау іс-шараларын іске асыру: журналистерді әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланатындардың тізіміне қосу (сыйақы, баспана беру, ипотекалық жеңілдіктер), білім беру саласындағы мемлекеттік тапсырысқа (грант) аудандық газеттердің журналистерін оқыту мен білімін жетілдіруді қосу, зейнетақы тағайындағанда журналистердің кәсіби санатын анықтау, Әлеуметтік сақтандыру қорынан науқас парақшасындағы төлем төлеу тәртібін анықтау. Ескерту: Мемлекеттік қолдаудың тармақталған моделі, тиімді формалары мен әдістері Франция, Швеция, Финляндия, Норвегия, Голландия, Канада және басқа да бірқатар әлемдегі дамыған елдерде табысты қолданылады. 2. Қазақстан 2010 жылы қабылдаған БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес, жала жабу және ар-намысқа тиюді бұрынырақ еліміздің медиа қауымдастығы Қылмыс­тық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге ұсынған түзетулерге сәйкес декриминализациялау. 3. Қазақстан Республикасының 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттерінің Ұлттық жоспарына сәйкес, ар-намыс пен абыройды қорғауға қатысты шағымдардың мерзімін 1 жыл етіп заңды түрде белгілеу. 4. Қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға БАҚ-ды мемлекеттік тіркеу және қайтадан тіркеу механизмінің ашықтығын арттыратын түзетулер енгізу. Заңнамалық деңгейде хабарлама-рұқсат беру принципі мен тіркеу және қайтадан тіркеу процедураларының мерзімін нақты белгілеу, соның ішінде бұл процедураларды өкілетті органнан өту сияқты шектеулерді алып тастау. 5. Жарнама нарығындағы бәсе­келестік жағдайларды тұрақтандыру үшін және отандық телерадиокомпанияларды (құқық иеленушілерді) қолдау мақсатымен құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал ресейлік және шетелдік телеарналарды ретрансляциялайтын қазақстандық жарнамалық бөліктерді кабельдік теледидар желісінде трансляциялауға қатысты мәселелерді зерттеу. Ретрансляцияланатын кабельдік арналардың эфирінде қазақстандық жарнаманы трансляциялау оны кабельдік ТД операторларының пайдасына жаратып, отандық тележарнаманың сег­ментін жасанды жолмен шектейді. Осыдан кейін, қазақстандық телерадио­компаниялардың жарнамалық табысы төмендейді. 6. Авторлардың, қазақстандық фильмдерді, баспа және фотоматериал­дарды, фонограммалар мен бейне­бағдарламаларды шығарушылар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау саласында тәртіп орнату. Кабельдік теледидар желісінде шетелдік БАҚ-ға қазақстандық авторлық заңнамаларды сақтауды қамтамасыз ету. 7. Парламенттегі ақпаратқа ерікті түрде қол жеткізу туралы заң жобаларын талқылау мен қабылдауды тездету. Қоғамдық маңызы бар ақпарат құпия болмауы қажет. Жеке адамға немесе коммерциялық ұйымға қатысты ақпаратты алуға және таратуға қойылған заңнамалық шектеулер қысқартылуы керек. Ақпаратқа қол жеткізуге заңсыз шектеулер (тіркеу, ведомстволық нұсқау­лар мен ережелер) енгізетін, сондай-ақ мемлекеттік құпия туралы заңда бекітілген нормаларды өз еркімен пайдаланатын шенеуніктердің жауапкершілігі жөніндегі мәселені тездетіп көтеру. 8. Мемлекеттік органдардың қыз­метіне қатысты ақпар жариялау және БАҚ-да мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін қазір қолданылатын тендерлер өткізу тәжірибесін реформалау. Атап айтқанда, лоттардың тақырыбы, тиімділік критерийлері және жарияланымдар шеберлігі нақты көрсетіліп, тендерге қатысуға барлық БАҚ-тардың бірдей мүмкіндіктері болуы шарт. Заңнамамызда «Ресми бұқаралық ақпарат құралына» заңдық анықтама беріп, оған жұмсалатын шығындар сызбасы жасалуы керек. 9. Елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде табиғи монополист болып отырған «Қазпошта» АҚ-на балама ретінде бөлшек сауда жүйесі бар баспа-басылымдарды тарататын және қайта жолдайтын жаңа компания құруды Үкімет деңгейінде қолға алу. 10. Заңға сәйкес, БАҚ тек меншік иесінің немесе соттың шешімімен ғана жабылуы мүмкін. Осыған орай, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі соттық дауларда БАҚ-ның шығынға батып, жабылуына апарып соғатын жағдайларды болдырмау үшін 100 АЕК мөлшерінде моральдық шығын өндіру сомасын шектеу қажет. 11. Азаматтық тұлғаның бейнесін жариялауда оның құқықтарын қорғауға қатысты БАҚ-қа және сөз бостандығына қойылатын шектеулер отандық заңнамада нақты айқындалып жазылуы керек. Адамның жеке өмірінің және фотобейнелерін жариялау құпиясы құқығы қоғамдық қызығушылық болғанда Азаматтық кодекс нормаларына дәйекті түзетулер енгізу қажет. 12. Қазір Үкіметте әзірленіп жатқан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің жаңа редакциясында заңнаманы процедуралық тұрғыдан бұзғандағы әкімшілік жазалар заң бұзушылық әрекеттің ауырлығына сәйкестендірілуі керек. БАҚ-тың шығарған өнімдерін және жабдықтарын тәркілеуге, процедуралық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін БАҚ-тың қызметін тоқтатуға жол берілмейді. Бұл халықаралық стандарттарға қайшы келеді және заңнамамыздан алынып тасталуы керек. 13. Журналистің құқықтарын қорғау, орын алған жанжалдарды шешу және БАҚ туралы заңды орындау мақсатымен ҚР-ның Бас Прокуратурасының жанынан БАҚ жөніндегі Қоғамдық кеңес құруға ұсыныс жасау. 14. Баспа өнімдерді таратушылардың тарапынан болатын қаржылық заң бұзушылықтарды және олардың көтерме-бөлшек сауда нарығын монополизациялауын болдырмас үшін мерзімдік басылымдарды тарататын заңды және азаматтық тұлғалардың қызметін реттейтін нормаларды заңдық актілерге енгізу. 15. Бұл мәлімдеменің тармақтарын атқарушы билік құрылымдарында іс жүзіне асыру үшін – делегаттардың ұсынысымен жұмыс органы – Форумның атқарушы комитетін құру. Сондай-ақ ірі корпоративтік жарнама берушілермен арадағы мәселелерді реттеу үшін Форумның уақытша жұмыс тобын құру. 16. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнан бір облыстағы ақпараттық қызметті басқа облыстағы баспа БАҚ-тың жеңіп алуына мүмкіндік беретін тендерлерді алып тастау. 17. Орталық мемлекеттік органдардың деңгейінде МКҚК формасында жұмыс істейтін баспа-басылымдарды 51 пайыздық мемлекеттік үлесі бар ЖШС-іне ауыстыру процедурасын пысықтау. Астана қаласы, 25 мамыр, 2011 жыл

2751 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5867

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5516

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3253

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2637

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2598

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2576

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2310

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2293

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы