• Тарих
  • 02 Маусым, 2011

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»

Ақмол ауылындағы «Алжир» мұражай мемориалдық кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым: «АЛЖИР – КАРЛАГ» атты халықаралық жоба аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті.  Шараға солақай саясаттың зардабын тартқан жандардың ұрпақтары, ҚХА-ның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, елшіліктердің өкіл­дері, тарихшы ғалымдар мен мұра­жай қызметкерлері қатысты. Қонақтар алдымен мұражай кешені маңында орналасқан, «АЛЖИР – КАРЛАГ» лагерьлерінің адам төзгісіз қиыншылықтарын бастан кешіріп, өмірден озған нәзікжанды әйел аналардың есімі жазылған еске алу қабырғасы­на гүл шоқтарын қойды. Бұл қасірет қақпасына сол зұлмат заманның азапты күндерін бастан өткізген сегіз мыңға тарта қыз-келіншектердің есімдері жазылған. Гүл шоқтарын қою рә­сімінен кейін бір минут үнсіздік жарияланып, қаралы митинг ұйымдастырылды. Сосын шара қонақтары қасіретті жылдардан хабар беретін кешеннің ішін аралап, қанды қырғын кезеңі жайында мұражай қызметкерлері жинап, топтастырған құнды деректер экспозициясымен танысты. Одан әрі шара қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтарымен кездесу мақсатындағы дөңгелек үстелге ұласты. Сол зұлматты аласапыран уақыт кімге болса да жақсылық әкелген жоқ. Зобалаң жылдың ащы дәмін татқандардың қатарында 1937 жылы Қарағанды теміржолында саяси нұсқаушы болып қызмет атқарып жүріп, репрессияның құрбаны болған Қапан Мұхамеджановтың қызы Күлпараш Қапанқызы да болыпты. Күлпараш апа өзінің басынан өткерген қасіретті күндерін көзіне жас ала отырып есіне алды. «АЛЖИР» лагерінде тұтқында болған Лидия Френкельдің немересі Дарья Виоли­на, «ГУЛАГ»-тың залалын көрген Сергей Павловскийдің шөбересі Сергей Павловский де касіретті 37-нің өшпес із қалдырған естеліктері туралы көңілге түйгендерімен бөлісті. Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен мұражай кешенінен Астана арқылы Қарағандыға бет бұрған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым: «АЛЖИР – КАРЛАГ» автошеруі бастау алды. Автошеру ұйымдастырушысы, «Астана Бәйтерек» әйелдер клубының жетекшісі Тамара Лавриенкоға Қарағанды облысының Долинка ауылында ашылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына беру үшін «Алжир» мұражай мемориалдық кешені атынан құнды материалдар табысталды. Б.Әбдіғапарқызы АСТАНА

3689 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5881

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5524

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3261

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2645

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2607

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2584

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2318

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2301

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы