• Ақпарат
  • 02 Маусым, 2011

Қызмет көрсету зерделене түспек

Өткенде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, құжатты бірқатар түзетулерімен Мәжіліске қайтарды.

Заң жобасының негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып, Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады. Заң жобасы, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ХҚКО-лардың қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету, олардың жұмыс істеуін бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру өкілеттіктерін береді. «2005-2009 жылдар аралығында ХҚКО Әді­лет министрлігінің құзырында болып, 2010 жылы жергілікті атқарушы органдардың қарама­ғы­на берілді. Қазіргі таңда осы Орталықтар­дың қызметін жақсарту үшін қажетті норма­тивтік база қалыптасты. Мемлекеттік қызмет­тер көрсету стандарттары мен регламенттері бекітілді. Әділет министрлігі қысқа мерзім­де орталықтардың жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыра алды. Бірақ оларды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру халыққа қызмет көрсетудің сапасына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қызмет көрсету орталықтарының функцияларын Байланыс және ақпарат министрлігіне беруді тапсырған болатын» дейді заң жобасы бойынша бастамашылық жасаған депутат Айгүл Соловьева. Рас, кезінде Әділет министрлігі жанынан ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 2010 жылдың бірінші қаңтарында жергілікті атқару органдарының басқаруына берілген болатын. Жергілікті атқару органдарының қарамағына өткен халыққа қызмет көрсету орталықтары сол кезден бері көпшіліктің үдесінен шыға алмай келеді. Қазір елімізде 337 орталық бар. Онда 67 құжат түрі дайындалады. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағына өткен ХҚКО-лардың қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша қалаулылардың сауалына жан-жақты жауап қатты. Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазіргі кезде елімізге барлығы қанша халыққа қызмет көрсету орталығының қажет екендігі зерттелуде. «Дегенмен енді халыққа қызмет көрсету жұртшылықты қаншалықты қамтитыны туралы мәселенің стандарттары сараланып жатыр. Мұндай стандарттау жұмыстары өткен соң, елге қажетті ХҚКО саны анықталады» дейді министр. Бұдан бөлек, Үкімет құрған арнайы комиссия ХҚКО-ларға табысталған әрбір қызмет түрлеріне де сараптама жүргізбек. Себебі орталықтарда бір құжат алу үшін қосымша машақаты көп бірнеше құжаттарды дайындауға тура келеді. Бұл өз кезегінде қағазбастылықтың орын алуына жол ашуда. Арнайы комиссия осындай халықты әбігерге салатын қосымша құжаттарды қысқарту үшін құрылған. «Әрбір қызмет зерделеніп, басы артық анықтамалар қысқартылады. Ал қалған анықтамаларды мәліметтер базасынан қарауға жағдай жасайтын боламыз. Бұған шама жетеді. Сонда ғана бұл үдерістер ашық бола түседі» деді Асқар Жұмағалиев. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы­ның Байланыс және ақпарат министрлігі қолдан-қолға өткен ХҚКО-лардың қызмет көрсету сапасын арттыра түседі деп сенеміз. Сондай-ақ орталықтардың қызметін жетілдіру бойынша шаралар кешені қолға алынып, көптеген азаматтың еш кедергісіз құжаттарын рәсімдеу мүмкіншілігі болатынына үміт көп. C.ҚАДЫРБЕК

2476 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5820

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5486

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3224

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2610

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2571

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2550

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2283

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2265

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы