• Мәдениет
  • 21 Шілде, 2011

Көкше театрының жеңісі

Жуырда Украинаның Қырым Автономиялық Республикасының Симферополь қаласында өткен антикалық өнердің «Боспорские агоны» атты ХІІІ халықаралық театр фестивалі болып өтті. Фестивальдің басты мақсаты – антикалық заманнан бүгінге дейін мәдени көпір орнату, дәстүрлерді насихаттау және қайта жаңғырту. Бұл сайыстан еліміздегі Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы олжалы оралды. Маусым айының 4-10 жұлдызы аралығында өткен өнер додасына Мәскеудің Малый Бронный, Болгарияның Кырджали қаласы «Димитър Димов» драма және қуыршақ театры, В.Г.Магар атындағы Запорожье академиялық облыстық украин музыкалық-драма театры, Қырым академиялық украин музыкалық театры сынды жер-жердің белді өнер ұжымдарымен бақ сынасқан Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы бұл сайыста Альбер Камюдің «Калигула» трагедиясын ұсынып, «Классиканы жоғары дәрежеде сахналағаны үшін» номинациясы мен «Ника Боспорская» статуэткасын жеңіп алды. Бұл фестивальға біздің еліміздегі театрлар арасында тұңғыш рет қатысып, Қырым елін өз өнерлерімен, шеберліктерімен тәнті етіп қайтқан театр ұжымының қуанышында шек жоқ. Театрдың бас режиссерінің міндетін атқарушы Фархадбек Қанафин: «Біз мұндай үлкен сайысқа тек көгілдір Көкшенің атынан емес, күллі Алаш жұртының абыройын асыру мақсатында барғандықтан, қойылымды бар ынта-жігерімізді салып ойнауға тырыстық. Калигула рөлін сомдаған тәжірибелі сахна шебері Қайрат Мырзаболатов, патшайым Цезония рөліндегі Жанар Құсайынова мен өзге актерлер де театр репертуарындағы сүбелі қойылым болып табылатын «Калигула» трагедиясын аса шеберлікпен ойнап, қазылар алқасының шынайы ризашылығына ие болды. Әсіресе актерлердің ойынына риза болып, қошемет көрсеткен көрермендердің ілтипаты бізге берілген үлкен баға еді», – деп өз ойымен бөлісті. Фестиваль аясында Ресей, Украина, Қазақстан кәсіби театрларының конкурсы, өнер университеттерінің халықаралық кездесуі, «Антика мен драматургия» ғылыми-тәжірибелік конференциясы, фотоплэнер (қойылымдардан түсірілген суреттер бәйгесі), кинопарақ, жас әртістерге арналған шеберлік кластары өткізілді. Осындай дүбірлі додаға қатысып қайтқан біздің өнер жұлдыздарымыз үшін Украина жерінде өткен думанды күндердің естелігі естен кетпейтіні анық. Олар ол додадан өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, өмірлік тәжірибе жинап қайтқандарын да ерекше атап өтті. Бұған дейін Көкше көрермендерінің ризашылығына бөленген қойылымның сонау Қырымды тәнті етуіне режиссер Қуандық Қасымовтың, қоюшы-суретшісі Мұрат Мақсұттың, балетмейстер Эвелина Кешишидидің сіңірген еңбектері орасан болды. Осылайша Қырым жерінде Алаштың атын асқақтатып, абыройын асырған Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы өздерінің бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тартқан тартумыз деп есептейді. А.ҚАБИ

2713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5838

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5499

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3235

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2620

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2582

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2560

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2293

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2276

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы