• Мәдениет
  • 28 Шілде, 2011

Мәдениет – рухани әлеует көрсеткіші

Жуырда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет отырысында мәдениет саласының жай-күйі талқыланды. Осы мәселе бойынша ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасап, қазіргі кездегі мәдениет саласы дамуының белестерін саралап берді. Мұхтар Құл-Мұхаммед сөз басында осы салаға Елбасының әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанына тоқталып, соңғы 3 жылдың көлемінде отандық мәдениеттің нормативтік-құқықтық базасы айтарлықтай жетілдірілгенін атап өтті. «Өткен жылдың басында «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Осы заңның аясында министрлік әрбірі отандық кинематография, музей және кітапхана істері саласындағы мәселелерді реттейтін 13 нормативтік-құқықтық актіні әзірледі. Қазіргі таңда олардың 11-і қабылданып та үлгерді. Тұтастай алғанда, саланы дамыту үшін барлығы 70-тен астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалып, бекітілді» деген министр соңғы жеті жыл аясында «Мәдени мұра» бірегей стратегиялық жобасы табыспен іске асырылып келе жатқанына тоқталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Египет, АҚШ және Батыс Еуропа елдеріне жасалған ғылыми-іздестіру экспедицияларының нәтижесінде елімізге қазақ халқының тарихына, этнографиясына, өнеріне қатысты 5 мыңнан астам айрықша құнды мұрағат құжаттары қайтарылды. Осы кезең ішінде 40 археологиялық және 26 ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Олардың барлығы ғылымға мыңнан артық артефакттар берді. Тарихымыз бен мәдениетімізде аса маңызды орны бар 73 ескерткіш қайта қалпына келтірілді. Бұл нысандардың басым бөлігі ұлттық брендке айналды. Екі ескерткіш – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне енді», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Министр тарихи-мәдени мұра нысандары туралы сөз қозғай отырып, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында министрліктің алғаш рет еліміздегі ескерткіштерді толыққанды түгендеуге қатысты ауқымды жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Қазір елімізде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітіліп, оған 218 республикалық, 11 277 жергілікті маңыздағы ескерткіштер еніп отыр. Елімізде мәдени мұраларымыздың инфрақұрылымы да кеңеюде. Мәселен, 2008 жылдан бері екі мемлекеттік мұражай – Алматы облысындағы «Есік» және Шығыс Қазақстан облысындағы «Берел» тарихи-мәдени қорықтары ашылды. Мәдениет министрлігі мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді де даму аясында бір мезет назардан тыс қалдырған емес. М. Құл-Мұхаммед осы ауқымды міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сарапшылармен, азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, жуыр­да Елбасы бекіткен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленгенін тілге тиек етті. Министрдің айтуынша, мәдениет саласындағы жұмыстың келесі аса бір маңызды бөлігі – ұлттық киноөндірісті одан әрі дамыту болып отыр. «Мен қазақ киносының дәл бұлай өркендеуі тәуелсіздік жылдарында ғана емес, тіпті «Қазақфильмнің» құрылғалы бергі уақыттарда да болмағанын нық сеніммен айта аламын. Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштеріне арналған 20 деректі фильмнің, Мемлекет басшысы мен еліміздің танымал қайраткерлерінің қызметі мен өмірі туралы 20 деректі фильмнің түсірілімі аяқталып, қараша айын­да «Қазақ елі» атты 20 сериялы анимациялық фильмнің тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар студияда «Қазақфильмде» өндірілген барлық фильмдердің сандық кітапханасы жасалуда», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Бұдан бөлек, М.Құл-Мұхаммед тәуелсіздік жылдарында 17 театр ашылғанын және Елбасының тапсырмасымен Астанада 1250 орындық Классикалық опера және балет театрының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өтетін мерекелік шаралардың бір парасына тоқталған министр жақында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Менің Қазақстаным!» мерейтойлық пойызының туры бастау алатындығын айтты. Ал Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жиынды қорытындылап, мәдениет саласының даму бағытына көңілі толатынын айтты. Әр қоғамның рухани әлеуетін дамытатын мәдениет саласын қаржыландыру ісіне тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік комиссия отырыстарында дұрыс назар аудару керектігіне мән беріп, нақты тапсырмалар берді. С.Тайғарин

3547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6360

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5793

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3534

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2916

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2877

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2856

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2586

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2571

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы