• Ақпарат
  • 06 Қаңтар, 2012

Жаңа жылда жалғасқан дода

Өткен жылдың соңғы кезеңінде ел Парламентінің Мәжілісі өз жұмысын тоқтатып, көппартиялы Парламент жасақтау туралы шешім қабылданған еді. Сөйтіп, кезектен тыс Мәжіліс сайла­уын өткізуге белді бекем будық. Сонымен, бұл саяси додаға сегіз саяси партия өз үміткерлерімен тіркелгенін білеміз. Енді сайлау науқанында партиялардың үгіт жұмыстары қалай жүріп жатыр? Соған аз-кем тоқталып өтсек... ОСК-ға ең алғашқы болып тіркелген «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын желтоқсан айының ортасында бастап жіберген. Олардың Ақмола облысының Ақкөл ауданы Наумовка селосында алғаш болып өз сайлаушыларымен кездескенін білеміз. «Қазақстан. 2017 мақсат­тары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы басымдықтарының бірі – ауыл­ды дамыту мәселесі болғандықтан, пар­тия өкілдері өз кездесулерін ауылдан баста­ғанды кездейсоқтық санамады. Жалпы, «нұр­отандықтар» өздерінің сайлауалды тұғыр­намаларын елге жан-жақты таныстырып, басында Елбасы басшылық ететін партиямен бірге болса, халықтың әл-ауқаты артатынын айтып, сайлаушылардың назарын аударуда. Қазіргі таңда партия өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде түрлі іс шаралар өткізіп келеді. *** Қазақстан коммунистік халық партиясы да сайлау науқанына қызу кіріскен. Қазіргі таңда партияның жер-жердегі өкілдіктері қарқынды жұмыс істеп жатыр. ҚКХП өкілдері өңірлерде жастардың қатысуымен түрлі шараларды қолға алды. Облыс аймақ­тарында жаңажылдық флешмоб ұйым­дастырып, қызыл қалпақ киген жастар көше­де жаңажылдық құттықтауларымен үгіт қағаз­дарын таратты. Дәл осындай мерекелік акция Тараз қаласында да өтті. Осылайша, «Халық­тың болашаққа деген құқықтарын қайта­рамыз» атты сегіз міндеттен құралатын сай­лауалды бағдарламасын ұсынған, саяси тұғырнамасында қоғамдық дамудың жаңа жағдайларына бейімделген маркстік-лениндік идеологиясы бар ҚКХП-ның белсенділері Парламент Мәжілісінен қалайда болсын орын алуға күш салуда. *** «Әділет» демократиялық партия­сының да сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев Жаңаөзенде орын алған оқиғаға қатысты өз пікірін білдіріп, Елбасыға ашық хат жолдады. Жамбыл облысында партия белсенділері БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің көкейтесті мәселелерін талқылады. Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Шымкент қалаларында «Әділет ардагерлер үшін!» атты акция өткізді. Жалпы, партияның жүзеге асырғалы отырған жұмыстары он жеті қадамға бөлінген. «Әсіресе, әлеуметтік мәселелер, жемқорлықпен күрес, мемлекеттік тіл және дін жағдайына аса назар аудару керек», – деп санайды партия белсенділері. *** Халықтың әлеуметтік жағдайын басты назар­ға алып, Алматыда үгіт-насихат жұмыстарын баста­ған Қазақстан Патриоттары партиясының жер-жерде­гі өкілдіктері де өздерінің саяси дода алдында­ғы жұмыстарына белсене кіріскен. Өңірлердегі өз сайлаушыларымен кездесу бары­сында партия белсенділері шағын және орта бизнесті түбегейлі қолдай отырып, қуат­­ты экономикалық кеңістік жасауды қалай­тын­дықтарын жеткізуде. Жергілікті тұрғындармен кездесуде «патриоттықтар» мүгедектер қоғамы­ның өкілдерімен де кездесулер өткізді. Үгіт-наси­хат кезінде олар елдегі экономиканың бар­лық саласында жаңғыртулар жасап, әлемдік интег­рацияға бет бұруға сөз беруде. Еліміздің аймағында жұмыс істеп жатқан барлық шетел инвесторларын экологиялық стандарттар­ды сақтауға шақырып, мұқият қадағалау керектігін де назарға алған. «Ақ жол» партиясының бұл сайлаудан үміті зор. Бұл додаға «ақжолдықтар» сақадай-сай дайын. Тұғырнамасы да көңіл көншітерлік 10 бағыттан тұрады. Партия көбіне, әлеуметтік мәселелерді шешуді ұйғарыпты. Жұмыссыздықпен күрес, тұрғын үй мәселесі мен өңірдегі халықтың ахуалын көтеру – басты міндеттерінің бірі. Оның үстіне, кәсіпкерлерді қолдау да партия тұғырнамасында ерекше орын алған. «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы өткен жылдың соңғы күндерінде жұмысын қыздырды. «Ақжол­дық­­тар» «қазақстандықтардың ең төменгі күнкөріс көлемі 58 мың теңге болуы керек» деген бастама көтеріп отыр. Олар­дың айтуынша, ең төменгі күнкөріс көлемі мен ең төменгі тұтыну бюджеті қазақстандық­тардың шынайы сұранысы мен сауда болмысы­на сай емес. Сондықтан партия қатарындағы кәсіпкерлері «ІЖӨ 11 мың долларды құрайтын елімізде барлық әлеуметтік стандарттар қайта қаралуы керек» деп есептейді. *** Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы өздері жоспарлағандай, барлық ауылдарда үгіт жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесу өткізуде. Осы сөзімізге дәлел ретінде, сәрсенбі күні «ауылдықтардың» Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуін атауға болады. «Аты «Ауыл» деп аталғанымен, біздің партия қала мен далаға ортақ проблемаларды қамтиды. Себебі елімізді азық-түлікпен қамтып отырған ауыл шаруашылығы екені даусыз. Ендеше, ауыл тұрмысы, ондағы өзекті мәселелердің күрделі жолдарын бірлесіп шешу керек», – дейді «ауылдықтар». *** Алғашқылардың бірі болып Жаңаөзен мен Шетпедегі жағдайға байланысты тәуелсіз қоғамдық комиссия құру қажетті­гін мәлімдеген Жалпыұлттық социал-демок­ратиялық партиясы да өз жұмыстарын жандан­дыруда. Өңірлерде өз жақтастарымен кездесу­лер өткізуді бастаған партияның сайлау­ал­ды бағдарламасында баға мен тариф­тің өсуін тоқтату, баспана мен сапалы медицинаға қолжетімділік, шағын және орта бизнесті салықтан бес жылға босатып, жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету се­кіл­ді шаралар айтылған. «Партия Парла­мент­тен орын алған жағдайда зейнетақы, жәр­демақы және шәкіртақыны үш есеге өсіру жолын қарастырамыз», – дейді үміткерлер. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6312

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5762

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3502

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2884

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2846

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2825

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2555

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2540

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы