• Ақпарат
  • 06 Қаңтар, 2012

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Өткен жылы Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы Декларация қабылданғаны көпшілікке мәлім. Біртұтас экономикалық кеңістік 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысына кірісті. Осы орайда ортақ экономикалық мүдде үшін Кедендік одаққа біріккен үш ел ынтымақтастығының жаңа сатысын саралап көрсек. Бір мезет соңғы жиырма жылда жүзеге асқан посткеңестік елдердегі интеграциялық құрылымдарға шолу жасасақ. Бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін ТМД елдерінің одан әрі экономикалық дамуының бір бағы­ты интеграциялық бірігу болатын. Себебі бұрынғы экономикалық қатынастарды қалпына келтіріп, оны одан әрі өрлету үшін өзара ынтымақтастық керек еді. Сондықтан еліміз егемендік алған жылдардан бастап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерін интег­рация­лау жөніндегі бастамаларды көтер­ді. Ең әуелі, Қазақстан өзіне бауыр­лас халықтары Орталық Азия мемлекет­терінің басын біріктіріп, осы елдердің одағын құруды ұсынды. Осының нәти­жесінде 1994 жылы осы елдердің эконо­микалық қауымдастығы құрылып, ол біраз жылдар бойы өз нәтижесін берді. Тәуелсіз Қазақстанның мем­лекеттік саясатының екінші бағыты – ТМД елдерінің басын бірік­тіріп, бірлескен экономикалық қауымдастық құру болды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясаты мен табандылығының арқасында 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан елдерінің Кеден одағы құрылып, оған 1998 жылы Тәжікстан қосылды. Бұл Кеден одағы 2000 жылы Еуразиялық экономикалық ынтымақтастыққа ( ЕврАзЭС) ұласты. Өкінішке қарай, бұл құрылған интеграциялық құрылымдардың қызме­тінен әртүрлі себептерге байланысты айтарлықтай нәтиже болмады. Осындай интеграциялық бастамалардың нәтижесіз болуына байланысты біздің Елбасымыз Ресей және Беларусь басшыларына жаңа тұрғыда Кеден одағын құруды ұсынды. Міне, Қазақстанның бастамасымен 2010 жылдан бастап үш елдің Кеден одағы құрылып, өз қызметін бастаған болатын. Былтырғы жылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағы толық көлемде өз жұмысына кірісті. Біздің елдеріміз арасында біртұтас кеден аумағы жұмыс істей бастады. Ал 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Кеден одағының келесі ықпалдастық сатысы – біртұтас экономикалық кеңістік өз жұ­мысын бастап отыр. Еліміз үшін жаңа интеграциялық құрылымға қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер болып жат­қаны – заңдылық. Сол себепті көпшілікке аталған құрылымның жұмыс істеу механизмін жан-жақты түсіндіру қажет. Өткен жылдың 19 желтоқсанында Мәскеуде өткен басқосуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Дмитрий Медведев және Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия құру туралы келісімшартты бекіткен еді. Сол келісім бойынша Кеден одағының атқарушы органы – Еуразиялық эконо­микалық комиссияның құрамы анық­талды. Оның құрамына әр елден өкілдер енгізілетін болды. Еуразия­лық экономикалық комиссия төрал­қасының төрағасы болып Виктор Хрис­тенко бекітілсе, Қазақстан жағынан төралқа мүшесі болып Даниал Ахметов тағайындалды. Сол кездесуден кейін журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары еуразиялық эко­номикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейінде өткен алғашқы отырысына тоқталып, былай деді: «Біз Еура­зиялық экономикалық интегра­ция жөніндегі Декларацияға қол қой­дық. Бұл құжатта Кеден одағының жет­кен жетістіктері көрсетілген және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біртұ­тас экономикалық кеңістік қалыптас­тырудың тәжірибелік үдерістерін бастауға деген біздің ынта-ниетіміз көрініс тапты. Өзара ықпалдасудың келесі сатысы саналатын Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесіне көшу жайы, соған қатысты мақсат-міндеттеріміз айқындалды». Қазіргі таңда Одақ аясында үш елдің экономикалық бағыттағы бастамалары жүзеге асырылып, болашақта атқарылар жұмыстар турасындағы келіссөздер жүйелі түрде өз жалғасын табуда. Алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық кеңістіктің ұлттық органына айналады. Бас-аяғы 5 жылдық мерзім ішінде аталған органға 175 ұлттық қызметтік мүмкіндіктер өкілеттігі берілмек. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, 17 үшжақты келісімшарт жүзеге асырылатын болады. Олар Біртұтас экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық арқауын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар еуразиялық интеграцияның сапалық тұрғыдағы жаңа кезеңін анықтауға негіз болмақ. Ендеше, Біртұтас экономикалық кеңістіктің еліміздің экономикалық дамуына тың серпіліс әкелетініне сеніммен қарауға болады. Сұлтан Қадырбек

2611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6310

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5761

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3501

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2883

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2845

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2824

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2554

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2539

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы