• Ақпарат
  • 20 Қаңтар, 2012

Айман Мұсаходжаева: Немерем орысша түсінбейді...

d0b0d0b9d0bcd0b0d0bdЕлімізде «Айман Мұсаходжаева» деген есімді білмейтіндер аз. Әйгілі скрипкашы Айман – Қазақ­станның халық артисі әрі «Әлем артисі» (ЮНЕСКО, 1998 ж.) деген атақтың иегері. Сонымен қатар Халықаралық шығармашылық академиясының академигі. Бүгінде Астанадағы Қазақтың ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Қожабекқызы – «Өзімізден бастайық» айдарының кезекті кейіпкері. – Айман Қожабекқызы, бізге екі минутыңызды қия аласыз ба? Бірер сауалымыз бар еді... – Иа, қия аламын. – Отандық қазақтілді басылымдарды оқып тұрасыз ба? – Мен «Айқын» оқып тұрамын... Тағы да «Қазақ әдебиеті»... – Қазақтың қандай салт-дәстүрін ұстанасыз? – Мен жұма-жұмаға дейін мешітке барып, жеті шелпек істеймін. Оларды үлестіріп... Тағы да ас берем көп жағдай болса. Сосын бізде интернат бар. Онда көп балалар бар. Ол жерде бізде 60 жетім бала бар. Соларға да Құрбан айтта құрбан шалып, тамақ беремін. Үш-төрт жыл болды, Қызылту деген ауылда «Қожабек ата» мешітін саламыз күйеуіміз екеуміз. Оған менің папам аты беріледі. Сонда да біз ас береміз халықты шақырып. – Ал перзенттеріңіз қай жерде оқиды? – Менде бір перзент бар. Қазір КИМЕП-ті бітірді... Бұрын скрипкада ойнаған. Өнер акаде­мия­сында. Сосын оныншы жасқа кеп айтады. «Мама, мен сендей бола алмаймын. Сенде – үлкен талант, менде ондай талант жоқ. Мен папам сияқты экономист боламын», – деді маған. Қазір Лондонда магистратурада оқып жатыр. – О-о-о, Лондонда деңіз. Жақсы екен. – Ол уже үйленді. Немереміз бар. – Бала-келініңіз елде жүргенде қай тілде оқып еді? Немереңіздің тілі қай тілде шықты? Ол қазір қайда? – Лондонда. Келін – қазақ қызы. Алматыда қазақша оқыған. ҚазҰУ-да шетел тілдерді оқыды. Немерем қазақ садикте жүріп жатыр. Жалпы, ол қазақша сөйлейді. Орысша түсінбейді, айтпайды. Менің күйеуімде «неге орысша білмейді, оған қиын болмайды ма» деген ой болған. Мен айттым: «Қазақша сөйлесе дұрыс. Орысша кейін сөйлеп кетеді ғой. Біздің халық бәрі орысша сөйлейді ғой» (күліп алды – Д.І) – Апай, қандай мақалды жиі айтасыз? – Мен таңғалам, бізде көп адам көп мақал біледі. Мен мақалдар білмеймін... Бізде «үлкенді сыйла» деген дәстүр бар. Ол басқа халықта жоқ. Басқа халыққа қарасаңыз, өздері үлкенді сыйламай, тастап... Шетелде сондай дейді ғой. Ал бізде үлкенді сыйлау сияқты жақсы дәстүрлер бар. – Жақсы. Рақмет! Сау болыңыз! Сұхбаттасқан Д.ІЗТІЛЕУ

7846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7259

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6230

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3971

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3361

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3320

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3289

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3017

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3005

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы