• Ақпарат
  • 20 Қаңтар, 2012

Болашақ үшін берілген дауыс

d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2-111Жексенбі күні, яғни 15 қаңтар күні еліміз саяси маңызы бар оқиғаға қадам басты. Көппартиялы Парламент жасақтауға бел буған Қазақстан халқы ел Парламентінің Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына таңдау жасап, өз дауыстарын берді. Бұл күні астаналықтар да қарап қалған жоқ. Саяси маңызы бар додада әркім өзі қалаған партиясына таңдау жасады. Ал отандық және шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері болса, ол күні таң алакеуімнен Есілдің сол жағалауындағы Ұлттық академиялық кітапханаға қарай ағылды. Өйткені, мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді. Сонымен қатар, Есіл ауданының №182 сайлау учаскесі орын тепкен бұл академиялық кітапханаға Сығанақ, Сауран, Достық, Қабанбай батыр көшелеріндегі үйлердің тұрғындарымен бірге Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов және басқа да беделді де белгілі тұлғалар дауыс берді.  Айта кеткен жөн, Есіл ауданына қарайтын бұл сайлау учаскесінің есігі сайлаушылар үшін таңғы сағат 6-дан ашылып, үміткерлерге дауыс беру үрдісі сағат 7.00-де басталды. Сайлау учаскесінің саяси науқанға айрықша ыждағаттылық танытып, жоғары ұйымдастырушылықпен келгені байқалып тұрды. Демалыс күні­не қара­мастан, бозала таңнан сайлау учаске­леріне мерекелік көңіл күймен беттеген ел­ор­да­­лықтардың саны бірер сағатта көбейе түсті. Негізі, №182 сайлау учаскесіне 2700-ге тарта азамат тіркеліпті. Бұл күнгі таңғы сағат 10-ның шамасында өз таңдауын жаса­ған сайлаушылардың саны 200-ге жетсе, 11-ге қарай олардың қатары 300-ден асып жығылды. Ұлт көшбасшысы сайлау учас­кесіне өз таңдауын жасау үшін сағат 10-ға жақын келді. Өз таңдауын жасап, мөр ба­сы­лған қос бюллетенін зал ортасындағы үлкен жәшікке салғаннан кейін, есік алдында күтіп тұрған БАҚ өкілдерімен брифинг өткізуге беттеді. Елбасы Мәжіліс пен мәс­лихат депутаттарын сайлау Қазақстан хал­қының бірінші рет өткізіп отырған сайлауы емес екенін тілге тиек етті. «Ашық және таза сайлау өтуі үшін барлық қажетті жағ­дай жасалды. Біз үшін бұл – үлкен сынақ. Бүгін бізде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам байқаушы жұмыс істеуде. Мен қазақстандықтар өздерінің болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін, біздің ортақ Отанымыздың тыныштығы үшін, көпұлтты Қазақ­­стан халқы үшін дұрыс таңдау жасай­ды деп сене­мін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев брифинг барысында. Мемлекет басшысы ұлттық академиялық кітапханада дауыс беріп жатқанда, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астана қаласының №2 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісінің де­путаттығына кандидаттар мен мәслихат депутаттары сайлауына дауыс берді. Аталған сай­лау учаскесіне ол зайыбымен және кіші қы­зы Сарамен бірге келді. Сайлау коми­с­­­сиясының мәліметіне қарағанда, К.Мәсі­мов дауыс берген №2 сайлау учаскесіне 13 бай­қаушы тіркелген. Олардың арасында ЕҚЫҰ, ТМД байқаушылар миссиясының, АҚШ елшілігінің, «Ақжол» партиясының, сон­дай-ақ бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері бар. Сағат 9:00 кезінде аталған сайлау учас­кесінде тіркелген 2 463 сайлаушының 100-ге жуығы дауыс беріп үлгерген. Ал ҚР Пар­­ламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мә­ми елордадағы №3 сайлау учаскесінде Парла­мент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен мәслихат депутаттары сайлауына да­уыс берді. Осы жерде Сенат төрағасы 2012 жыл­ғы Парламент сайлауы әділ өтетіндігіне се­нім білдірді. «Мен сайлау барысымен күн са­йын танысып отырдым. Көптеген сайлау бай­қаушыларымен кездестім. Электоралды кезең өте әділ, тең өтіп жатыр. Бүгінгі сайлауда да сол әділдік, теңдік сақталады деп ойлаймын», – деді Қайрат Мәми журналистерге берген сұхбатында. Дәл осы сайлау учаскесінде Президенттік мәдениет орталығының директоры, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков те дауыс берді. Ол өз сөзінде: «Бұл – әрбір азаматтың құқығы ғана емес, ел алдындағы міндеті. Сондықтан осындай құқығы мен міндеті бар кез келген азамат бейтарап қалмай, дауыс беруі тиіс. Сондықтан мен бүгін келіп, өз қалауымды білдірдім. Болашақ үшін дауыс бердім», – деді. Иә, елдің тағдыры таразыға түсіп жатқан саяси додаға астаналық тұрғындар үлкен мән-маңыз беріп, қызығушылық танытып жатты. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін сайлау учаскелерінде бір кісідей жұмылып, өз талап-тілегіне сай таңдауларын жасады. Ол күні дауыс беру еліміздің барлық өңірлеріндегі 9,7 мың сайлау учаскесінде, таңғы сағат 7.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жүрді. Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру құқығы бар 9,2 миллион қазақстандық енгізілген екен. Дәл осы мезетте елден жырақ жүрген ел азаматтары республикамыздың шетелдегі өкілдіктерінде ашылған 56 сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкіндігіне қол жеткізді. Сайлау комиссиясы тарапынан ынталандыру мақсатында, ең алғашқы болып келіп, дауыс берген және кәмелеттік жасқа толып, бірінші рет таңдау жасап отырған сайлаушыларға, сондай-ақ бірінші болып дауыс берген ардагер мен туған күн иесіне тұрмыстық заттар түрінде сыйлықтар берілді. Сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сайлау учаскелерінде күй күмбірлеп, әуезді ән әуеледі.

2928 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7273

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6235

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3976

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3366

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3325

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3294

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3022

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3010

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы