• Ақпарат
  • 20 Қаңтар, 2012

Адал еңбекті бағалай білейік

«Еңбек туралы» заңды жұмыс берушілердің өздері бас болып бұзатынын көріп біліп отырсақ та, ешқандай шара қолданбайтынымыз қалай? Бізде адамды жұмысқа қабылдағанда келісімшарт жасаспайтын жеке фирмалар көп-ақ. Ол жерде істейтін жұмыскерлерге жаның ашиды. Еңбек өтілі төленбейді, зейнетақы төлемдері де аударылмайды...Азын-аулақ тиын-тебен алғандарына мәз болып, жүре береді. Жұмыс беруші болса, олардың құқықтарын аяққа таптап, күні ертең жалақы төлемеу мәселесінен дау шыға қалса, ешқандай келісімшарт та жоқ екені анықталып, жұмысшы еткен еңбегінің ақысын да заң жүзінде талап ете алмайды. Міне, осы мәселеге мемлекеттік тиісті органдар қашан назар аударып, талаптағыдай шешері белгісіз. Бұл жайлы аз айтылып келе жатқан жоқ. Біздің қалада «Юпитер» деген фирма бар. Соған офис-менеджер болып орналасқан А.Сақтағанова 2011 жылдың 28 маусымынан 8 тамызға дейін жұмыс істеді. Еңбекақы төлемеген соң жұмыстан шығуға мәжбүр болды. Айлық төленбегеніне наразы болған ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне арыз берді. Тексеріс болды. Нәтижесінде, фирма басшысы В.Пашковский, бас есепші А.Қазиева: «А.Сақтағанованы білмейміз, танымаймыз», – деп ат-тондарын ала қашып, жауапкершіліктен жалтарды. А.Сақтағанованың жұмыс істегенін дәлелдейтін ешбір құжат та жоқ. Жұмысқа келісімшартсыз қабылданған. Бүгінгі тілмен айтқанда, «Юпитер» фирмасы А.Сақтағанованы сыртқа «лақтыр­ған». Өкінішті жағдай, әрине. Қайта ол жұмыстан тезірек кетуге талпынған. Әйтпегенде алмаған айлық жалақысы ай сайын өсе түсіп, арты орны толмас өкінішке айналар еді. Мұндай мысалдар аз ба өмірде? Айлап, жылдап істеген еңбектеріне жалақыларын ала алмай, сандалып жүргендер қаншама? Не заң жүзінде өз құқықтарын да қорғай алмайды. Себебі қолдарында ешбір құжат жоқ, тіркелмеген. Көп жағдайларда жұмыс­шының әділет іздеп соттасып жүруіне қаражаты да болмайды. Ер-азаматтардың кейбіреуі талай табалдырықты тоздырып, ең соңында араққа салынып, отбасында ұрыс-керіс басталады, шаңырағы шайқалады. Олардың бір бөлігі ең ақырында көшедегі баспанасы жоқтар санын көбей­теді. Менің айтарым, жұмыс беру­ші­лердің адам құқығын таптауына қандай да бір шара қолдануға болмас па екен? Өйткені қазір не көп, жеке шаруашылықтар көп. Ауылда шаруа қожалықтары қарамағындағы адамдарға жылына екі рет қана еңбекақы береді, ол – егін сепкеннен кейін және егінді жинап алғаннан кейін. Сонда басқа уақытта олар не істеуі керек? Ал қалалық жерде жеменшік жұмыс берушілер жұмысшылардың тәуелділігін пайдаланып, уақытында еңбекақы төлемейді немесе өзі қалаған уақытта жұмысшының келісімінсіз ақысыз демалысқа жібереді, қысқасы, не істегілері келсе, соны істейді. Мұндайда жұмысшының отбасы қандай жағдайға тап болатыны белгілі. Марал Зейнел-Ғабиқызы, журналист Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2863 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7076

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6142

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3881

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3273

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3226

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3202

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2929

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2917

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы