• Ақпарат
  • 20 Қаңтар, 2012

Ана тіліміз депутаттарға аманат

d0bdd183d180-d0bed182d0b0d0bd2

Елімізде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау барысында жариялылық, ашықтық салтанат құрды. Қазақстан халқы тұрақтылық пен тыныштықтың, татулық пен тұтастықтың одан әрі үстем бола беруі үшін дауыс берді. Енді көпшілікті толғандыратын не нәрсе? «Өзіміз жасақтаған Парламентіміз қазақша сөйлесе екен» дейді. Бұл мәселенің де айтылып жүргеніне көп болды. Расында да, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде, ең алдымен, жоғары билік, әсіресе Парламент пен Үкімет үлгі көрсетуі тиіс. Сонда, шын мәнінде, мемлекеттің тілге деген жанашырлығы мен қамқорлығы айқын аңғарылар еді. Кеше Елбасы «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша Парламенттің бірінші сессиясы ертең, яғни 20 қаңтарда сағат 10-да Астана қаласында шақырылатын болды. 2012 жылдың 15 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы көпшілік қауымды бейжай қалдырмағаны анық. Жексенбі күні қазақ елі үшін маңызы зор саяси дода өз мәресіне жеті. «Парламентке кім барады? Қай партиялар жеті пайыздық меже­ден өтіп, Мәжілістің төрінен орын алады?» – деген сауалдарға соңғы нүкте қойылды. Өткен сейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтиже­сінің соңғы қорытындысын жария­лады. Сонымен ҚР Парламент Мәжілісіне 80,99 пайыз дауыс жинаған «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, 7,47 пайыз дауыс салмағымен «Ақ жол» демократиялық партиясы және 7,19 пайыз дауыс салмағымен Қазақстан Комунистік Халықтық партиясы өтті. Ал жеті пайыздық межеден өте алмаған басқа партиялардың нәти­же­сіне келсек, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 1,68 пайыз; Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы – 1,19 пайыз; Қазақстан патриоттары партиясы – 0,83 пайыз; «Әділет» демократиялық партиясы сай­лаушылардың 0,66 пайыз дауысын жинаған. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов: «Сайлау туралы» заң бойынша хаттамаларды жет­кі­зуге екі күндік мерзім беріледі. Хат­тамалардың түсуіне қарай біз сайлаушылардың сайлауға келуі бойынша, сондай-ақ дауыс беру нәтижелері бойынша мәліметтерді нақтылайтын боламыз», – деген еді. Енді, міне, нақты мәліметтерден көргеніміздей Мәжілістегі 83 орын – «Нұр Отанға», 8 орын – «ақ­жолдықтарға» және 7 орын «кому­нистерге» тиесілі болды. Осылайша, елімізде үшпар­тиялы парламент жасақталатын болып отыр. Жалпы, осы сайлауда рес­пуб­ликадағы 9 миллион 300 мың сай­лаушының 75,45 пайызы дауыс берген. Бұл 6 миллион 980 мың адам­ның сайлауға қатысқанын көрсете­ді. Аймақтар бойынша сайлауға қаты­суда 92,6 пайыз көрсеткішпен Алма­ты облысы топ бастап тұрса, төменгі көрсеткіш – Алматы қаласының үлесінде. Мұнда сайлаушылардың 41,4 пайызы сайлауға қатысқан. Ел астанасында сайлауға қатысу көрсеткіші 53,3 пайызды құраса, бұл көрсеткіш Ақмола облысында – 78 пайыз, Ақтөбе облысында – 78,4 пайыз, Атырау облысында – 83,6 пайыз, Шығыс Қазақстанда – 80,2 пайыз, Жамбыл облысында – 80,8 пайыз, Батыс Қазақстанда – 71,9 пайыз, Қарағанды облысында – 75,2 пайыз, Қостанайда – 84,8 пайыз, Қызылордада – 81 пайыз, Маңғыстауда – 74,2 пайыз, Павлодар облысында – 71 пайыз, Солтүстік Қазақстанда – 80,7 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда 78,8 пайыз болды. Бұл рекордтық көрсеткіш алдыңғы Парламент сайлауынан әлдеқайда жоғары екендігімен ерекшеленеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қа­зақстанның шетелдердегі азаматтары өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру үшін барлық жағдайды жасады. Жалпы, шетелдерде жүрген Қазақстан азаматтары үшін әлемнің 18 елінен қосымша 21 сайлау учаскесі ашылды Осылайша, еліміздің шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінің саны 56-ны құрады. Ал еліміздегі осы саяси оқиғаны қалт етпей қадағалауға Орталық сайлау комиссиясы 819 халықаралық байқаушыға рұқсат берген. Оның ішінде ең ауқымды делегацияны Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы жол­дапты. Сайлауда ЕҚЫҰ-ның Демократиялық ин­с­титуттар және адам құқығы жөніндегі бюросы мис­сиясының 309 өкілі болса, тағы 46 адам ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясынан келген. Ал 262 байқаушы ТМД елдерінен келген. Атап айтсақ, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясынан 15 байқаушы, ШЫҰ байқау­шылары миссиясынан 11 адам, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен – 9 өкіл, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан – 7 өкіл, Түр­кі­тілдес елдер Парламенттік ассамблеясынан 10 адам және 29 шет мемлекеттерден 150 байқаушы келген екен. Мұның сыртында еліміздің Сыртқы істер министрлігі де шетелдік БАҚ-тың 155 өкілін тіркепті. Айта кетерлік жайт, бар­лық байқаушылардың жұмыс істеуіне елімізде то­лықтай жағдай жасалған. Қорыта айтқанда, биылғы сайлауда елімізде партиялық тізім бойынша дауыс беру үдерісі екінші мәрте жүзеге асып отыр. Сондай-ақ саяси дода кезінде қатысқан барлық партияларға сайлауалды тұғырнамаларын халыққа барынша жеткізуге теңдей мүмкіндік жасалды.

2366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7223

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6209

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3949

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3340

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3298

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3267

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2995

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2984

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы