• Мәдениет
  • 27 Қаңтар, 2012

«Дала әуендері» суретші Табылды Мұқатовтың көрмесі осындай тақырыппен өтті

d182d0b0d0b1d18bd0bbd0b4d18bҚазақстан Суретшілер одағының галереясы және «Ұлар» арт-агенттігінің ұйымдастыруымен Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Бүкілодақтық кітап өнері байқауының дипломанты, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Табылды Мұқатовтың «Дала әуендері» атты жеке көрмесі болып өтті. 2009-2011 жылдар аралығында гуашпен салынған абстрактілі композияциялар мен ұлттық сюжеттер көрермен назарына тұңғыш рет ұсынылды. Көрменің ашылу салтанатына суретшінің әріптестері, жақын достары, өнерсүйер қауым қатысты.  Сурет өнері түсіндіруді қажет етпейтін, «көзбен көріп, ішпен білетін» өнердің бір түрі екені белгілі. Бұл өнерді әркім өзінің дүниетанымы тұрғысынан әрқилы қабылдайтыны да сондықтан. Тарихы тереңде жатқан өнердің бұл түрі елімізде кеңінен өріс алып, жақсы дамы­ғаны белгілі. Қазақстанның кәсіби сурет мектебі Әбілхан Қастеевтің есімімен тығыз байланысты болса, одан бергі уақыт­та талай таланттар бұл өнерге өзіндік қолтаңбасымен қарыштай қадам басты. Солардың бірі – көпшілікке танымал суретшіміз – Табылды Мұқатов. «Көрмеге соңғы екі жылда жасалған жұмыстарымды қойып отырмын. Негізгі тақырыптары даланың хикметтері, дала құбылыс­тары. Туындыларымда адам­дар­дың тұрмыс тіршіліктерін, қам-қарекет­терін беруге тырыстым», – дейді суретші. Табылды Мұқатов – қылқалам өнері­нің хас шебері. Оның суреткер­лік фан­тазия­­сы, қоршаған ортаны көре білу қасие­ті өзге суретшілерден бөлек. Қан­дай тақырыпты арқау етсе де, байыбына ба­рып, реңін кіргізіп, өңін ашады. Табыл­ды Мұқатовтың тақырыптары әр алуан. Ол бірде – ауылдың тұнық кешін салса, бірде – қоңырқай тірлікті, енді бірде өмір­­­­дің жарқын сәттерін бейне­лейді. Туындылардың атаулары да тартымды: «Жүйрік», «Түйелер», «Жылқылар», «Түйеші», «Екі бейне», «Аттылы», «Тыныстау», «Дала әуені», «Сауыншы» болып жалғаса береді. Көп тақырыптар­дың іш­ін­де қазақтың қыршын кеткен атақ­ты жас ғалымы Серікбол Қондыбайға арнал­ған портрет те сәтті шыққан екен. Жалпы ал­ған­да, әрбір сурет – өз тілінде үн қата­ды. Мән бере көз салсаңыз, қылқалам шеберінің өзімен тілдескендей боласыз. Ол өзінің көрген-білгенін, ойға түйген­дерін сурет арқылы жеткізген. Суреттері сөй­­леп тұр. Міне, шеберлік деп осыны айтуға болады! Асылында, суретші­лік өнердің шыңы да осы болуы керек – қолмен салған суретің әлдебір образды ашып, шынайы бейнені көрсете білуі тиіс. Әйтпесе, өнер – өнер бола ма? Табыл­ды Мұқатовтың шығармашылығы, бір қарағанда, қарапайым болып көрінуі мүм­­кін, ал тереңіне бойлап, әрбір бояуға мән берсеңіз, бұлай жасау әркім­нің қолы­нан келе бермейтінін іштей мойындайсыз. Сурет өнерінің ғажайып үлгісін, дара болмысын қалыптастырған Табылды Мұқатов шеберліктің шыңына шықса да, тал­май ізденіп, маңдай терін сылып тас­тап еңбек етуде. «Өзіңіздің салсам деп армандап жүрген суреттеріңіз бар ма?» деген сауалымызға: «Өзімнің замандастарымның портрет­терін жасасам ба деген ойым бар», – деді суретші. Құптарлық ой. Табыл­ды Мұқатовпен аралас-құралас болып жүрген абзал азаматтар аз емес. Солардың портреттерін салып, қалың көрерменге тарту етсе, ғанибет істің бірі болар еді. Дәуіржан Жұмажанұлы

4468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7107

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6154

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3893

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3285

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3240

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3214

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2942

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2929

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы