• Мәдениет
  • 08 Ақпан, 2012

«Жыр әуені» осындай атпен ақын Әнуәрбек Әуелбектің шығармашылық кеші өтті

d0b0d0bdd183d0b0d180d0b1d0b5d0ba-d0b0d183d0b5d0bbd0b1d0b5d0bad0bed0b2Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде ақын Әнуәрбек Әуелбектің 50 жасқа толуына орай «Жыр әуені» атты сазды-шығармашылық кеші болып өтті. Әнуәрбек Әуелбек – поэзия әлемінде өзіндік үні бар, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар қарымды қаламгер. Ақынның жүрегін тербеген жыр жолдары оқырманын да бейжай қалдырмайды. «Ақ жауынды шақ», «Жаныңмен жаз сырыңды» атты жыр жинақтарындағы өлеңдер мына өмірге ерекше жылылық сыйлайтындай: Сезiм боп туған екенмiн, Жүрегiң – менiң мекенiм. Ән болып қалқып ұшқанда, Қондырмай қойсаң не етемiн, Қона алмай қайтiп кетемiн? – дейді ақын. Әнуәрбек Әуелбектің шығармашы­лық жолы – бір шеті поэзиямен байланысты болса, екінші қыры – публицистикалық да­ры­ны­мен өріле түскен. «Аралым – арым», «Бал­қа­шым – бағым», «Қызыл қырғын», «Қажы­мұқан қағанаты», «Азаттық аңсағандар» атты жинақтарына енген мақалалары осы сөзіміздің дәлелі іспеттес. Сөз өнерін жаста­йынан серік етіп, саналы ғұмырын журна­лис­тік өнерге арнап келе жатқан қаламгер­дің кезін­де «Хабар» телеарнасында ұйым­дас­тырған «Солай болған...» атты авторлық бағ­дарла­масы да көпшілік есінде. Қаламгер­дің қолы­нан туған әсерлі мақалалары респуб­ли­калық басылым беттерінде жарияла­нып келеді. Өзі кезінде қызмет жасаған «Еге­мен Қазақстан», «Жас Алаш», «Түркістан» тәрізді белді басылымдардағы айшықты жазу мәнері де көзіқарақты оқырманын қуантып келсе, бүгіндегі «Алматы ақшамы» газетіндегі еңбегі – бір төбе. Ердің жасы елуге келіп, осы күнге дейінгі жеткен жетістігін көрерменге ұсынуды қалаған ақын: «Елдің алдына шығып, шығармашылық есеп бергім келді», – деп ағынан жарылды. Шығармашылық кеш Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық оркестрдің орындауындағы «Сарыарқа» күйімен ашылды. Ақынның мерейтойына арнайы келген Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ө.Айтбайұлы, белгілі сатирик К.Әмірбек, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қ.Сәрсенбай, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Б.Шаханов, әдебиет зерттеушісі, ғалым Т.Тебегенов, ақын Б.Шарахымбай, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Х.Оңғаров және басқалар сөз сөйлеп, кеш иесіне арнап өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ақынның шы­ғармашылық кешіне ән мен жырды ерекше бағалайтын жұртшылық көп жиналды. Бұл кеште біз ақынның сөзіне жазылған әуезді әндерді тыңдасақ, одан кейін ақынның өзі шығарған бірнеше лирикалық әндеріне де тәнті болдық. Д.Төлебаев

3452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7049

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6128

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3866

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3259

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3214

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3188

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2916

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2904

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы