• Тарих
  • 08 Ақпан, 2012

Халық педагогикасы – тәрбие көзі

Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген, бесіктегі балаға үн қатып, тілге тартқан. Бұл – тәрбиенің басы. Мұндай тәрбие – халық педагогикасы болмақ. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Олардың із-сорабын қазақтың бай ауыз әдебиетінен, сонау Орхан-Енесейден бас­талатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен осы күнге дейін тұрмыс-тіршілігіміздің орын алып келе жатқан салт-дәстүрлерімізден табамыз. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан-бала мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақ­­тың бойына сіңіріп, ізгілікке тәр­бие­леуді армандап: «Шыншыл, әділет­ті, иман­ды болу – атадан-бабадан келе жат­қан дәстүріміз» деп сол дәстүрді бұз­ған­дарға ат-шапан айып тартқызған. Мәсе­­лен, атасы немересін алдымен елі­нің құтты қонысымен таныстырған. Жыл­дың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көше­тінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын баласының санасына сіңіре білген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан жеткіншек ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек. Ал бүгінгі ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына кереғар батыстық үлгіге бой алдыртып барады. Халықтық педагогиканың асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастардың бойына, ең алдымен, ана тіліміз арқылы сіңіреді. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. Өз тіл­­ін­­де сөйлей және ойлай алмайтын ұрпақ­тың бойында өз ұлтына деген құрмет ешқашан­да болмақ емес. Белгілі жазушы, педагогика ғылымдарының докторы С.Ғаббасов «халық педагогикасы дегеніміз – адамның жан дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім» деп тұжырым түюі бекер емес. Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өсек, өтірік, дарақылық тағы басқа сияқты мінездерден сақтандырып келген. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көпті сөкпе, кенді төкпе» секілді мақал-мәтелдер адамгершілікті, білікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу – атадан бала­ға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жат­қан нұсқа. Ол – халықтың ұғымында азаматтың басты белгісі. Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Қазақ ес білгелі өз бала­сының өте тәртіпті, кіші­пейіл, білім­ді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі болғанын қалайды. Ұлтымыз­дың бола­шағы – тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәр­биелі ұрпақ қалыптастырудың бірден-бір жолы – халықтың педагогикасының мәні – еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыту. Заман ағымына орай, ақыл-ойы озық, білімі мен ұлттық рухы күшті, өзін еркін ұстайтын тұлға тәрбиелеу – бүгінгі күннің талабы. Ұрпағымызға өнегелі тәрбие беруде, бойларындағы білім мен өнерге деген құштарлығын арттыруда, өз халқының беделін көтеріп, барын бағалап, жоғын жоқтауына ата-бабаларымыздың тәлімдік тәрбиелері, ғұлама-ойшылдарымыздың ой-толғамдары мен ұстанымдарының ықпалы зор. Ұлттық тәлім-тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды. Осы орайда ұлы ойшыл ғұла­маларымыздың тәлім-тәрбиелік мұра­сына сүйенбеу мүмкін емес. Ендеше, ойшылдарымыздың ой-тебіреністеріне назар аударсақ, Ж.Баласағұнның «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса, бала – солардан». Яғни ата-ана да – адам, сондықтан олардың да қателесетін, ағаттық жіберетін кездерін еске салады және де «Арсыз – адамның қоры, адам өз атын кісілікпен көтереді», деген сөзінде әр адамның ең асыл қасиетінің сақталып, абыройдың төгілмеуін тілейді. Бүгінгі жаһандану заманында, ғылым мен білімнің өркендеген шағында Ж.Баласағұнның «Артық кетсе, түйсік түзер хал-жайды. Ел бүлінсе, білім түзеп талмайды» дегені кемелденген елдің болашағын ойлайтын ұрпақтың саналы білімді, өнегелі болуы, туған жерін, тілін, дінін, тарихын көзінің қарашығындай сақтауы керек деген. Сонымен қатар Ж.Баласағұнның зерделі ойларындай, М.Қашқаридің санасында саңылауы бар, өсіп келе жатқан әрбір жеке тұлғаларымызға психологиялық ойтүрткі боларлық асыл сөздері жетерлік. Әдет және тәрбие тұрғысында «Түріне қарама, тәрбиесіне қара» деп әр нәрсе тәрбиеден басталатынын, тәрбие мен адамның құндылығын, нәзіктігін адамгершілігінен көруге болатынын айтады. Түйіндей келе, ұлы ойшылдардың ғиб­рат, нақыл сөздерінің астарына үңіле оты­рып, жас жеткін­шек­терді психологиялық-педа­гогикалық ілімге сүйеніп тәрбиелеу қажет. Орынша Дүйсенбаева, Чкалов атындағы орта мектептің мұғалімі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылы.

11174 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6886

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6050

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3790

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3177

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3137

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3111

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2825

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы