• Ақпарат
  • 09 Ақпан, 2012

Діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтеді

Таяуда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының қатысуымен ҚР Дін істері агенттігінің 2011 жылғы жұмысының қорытындыларын және биылғы жылға қойған негізгі мақсат-міндеттерін талқы­лауға арналған алқа мәжілісі болып өтті. Жиын басында 2011 жылдың негізгі қорытынды­ларына тоқталған агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп былтырғы жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының еліміздің дінаралық саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға тың серпіліс бергенін атап өтті. Агенттік төрағасының айтуынша, жаңа заңнама бұрын қарастырылмаған бірқатар қағидатты да маңызды ережелермен бекітіліп отыр. Мәселен, құжатта діни бірлестіктерді тіркеу кезіндегі жаңа сандық параметр­лер енгізіліп, миссионерлер қызметін реттеу, дінтану сараптамасын жүзеге асыру шаралары заңдық тұрғыдан қарастырылған екен. Сондай-ақ жаңа заң бойынша биылғы жылдың 25 қазанына дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер қызметі сот шешімімен тоқ­татылады. Осылайша, биылғы жылы еліміздегі барлық діни бірлестіктер толықтай електен өтетін болды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, құқықтық негізде саны аз 579 діни топтың қызметі тоқтатылды. Нәтижесінде, діни бірлестіктердің жалпы санын жүйелеудің жағымды өзгерістері байқалып отыр. Бүгінгі күні діни бірлестіктердің саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда 13 пайызға қысқарды, яғни былтыр Қазақстанда 4551 діни бірлестік болса, қазір 3972 болып отыр», – дейді Қ.Лама Шәріп. Соңғы жылдары дін мәселесінің мемлекетімізде күрделене түскені баршаға аян. Қазақстан аумағында деструктивті ағымдардың астыртын үгіт-насихат жұмысы қарқын алып, діни экстремистік идеялардың қоғамымызда тарай бастағаны жасырын емес. Өткен жылы Ақтөбе облысындағы, Атырау, Тараз, Алматы қалаларындағы террорлық әрекеттер еліміздегі тыныштықтың шырқын бұзуға бағытталған шаралар болғаны анық. Осы орайда радикалды ағымдардың жұмысына тыйым салу үшін ақпараттық қауіпсіздік­тің маңызы зор. Қ.Лама Шәріптің пікірінше, агенттік еліміздегі ақпараттық кеңістікті үздіксіз қадағалап отыруға көшкен. Мәселен, 2011 жылдан бері 1174 интернет-ресурсқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде, сот шешімімен діни экстремизмді насихаттап келген 58 сайттың жұмысы тоқтатылған. Алқа мәжілісін Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед қорытындылады. Мемлекеттік хатшы ҚР Дін істері агенттігінің былтырғы жылғы жұмысына оң бағасын беріп, агенттіктің алдағы уақытта атқарар міндеттеріне тоқталды. Мемлекеттік хатшы «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» заңда қамтылған әр­­бір ба­­пты сапалы әрі толық жүзеге асыру қажет екенін атап көрсетті. Со­­­ны­­мен қа­­тар түрлі діни бірлестіктермен, оның ішінде Қа­­зақ­­стан мұ­сыл­­мандары Діни басқармасымен жұмыс­ты жа­­ңа арнаға түсіру керек. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Расында, еліміздегі ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау үлкен маңызға ие екенін ескерсек, агенттік пен діни басқарманың бірлесіп атқарар жұмысы аз емес. Жиын соңында Мемлекеттік хатшы елімізде діни білім мен тәрбие мәселесінің төл руханиятымызбен үндесуі шарт екенін айтып, агенттікке нақты тапсырмалар жүктеді. Сұлтан Қадырбек

2382 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6395

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5816

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3558

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2942

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2901

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2879

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2610

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2594

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы