• Ақпарат
  • 09 Ақпан, 2012

Қазақ руханиятының жаңа өрісі

d0bcd0b8d0bdd0b8d181d182d180d0bbd0b5d180Жуырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен министрліктің былтырғы жылғы атқарған жұмыстары мен биылғы жылы атқарылар іс-шаралары сараланған алқа мәжілісі болып өтті.– Тіл саласында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қамтамасыз етілген. Бірінші кезеңінде тілдік біліктіліктің стандарттарын жетілдіру басталып, екі жүзден астам аталым бойынша баспа өнім­дері әзірленді және шығарылды. Олар­дың ішінде 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» түсіндірме-сөздігі бірегей басылымы бар. Мұндай басылымның түрі соңғы рет 25 жыл бұрын, яғни 1986 жылы шыққандығын атап өткім келеді, – деген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бұл сөздіктің қазіргі заманғы ғылыми-теориялық талаптарға сәйкес келетін аса құнды лексико­графиялық еңбек екенін ерекше атады. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің ықпалымен барлық жастағы бала­­ларға арналған 15 томдық «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» кітаптар сериялары, «Әлемдік классика» атты әлемдік классикалық әдебиеттердің 25 томдығы, аудио­­кітаптар, инновациялық оқу-әдістеме­лік бағдарламалардың шығарылғандығын да айтайық. Ендігі міндет – 2020 жылы қазақ тілін меңгергендердің қатарын 95 пайызға жеткізу. Бұл министрліктің алдына қойып отырған ең басты міндеті. Бұл орайда Дархан Мыңбай тәуелсіздік жылдары жарық көрген оқу құралдары мен оқыту әдістемелеріне лабораториялық сараптама жасап, оларды сынақтан өткізудің жүйесін енгізу де маңызды іс деп санайды. Алайда мұны бір комитеттің немесе министрліктің ғана шаруасы деп қарауға болмайды. «Осы орайда барлық шығармашылық ұйым­дар, кәсіптік бірлестіктер тарапынан атқарылатын шаруа жетіп-артылады. Ол үшін, Қазақстан Жазушылар, Суретшілер, Композиторлар, Театр қайраткерлерінің одақтары тарихи мұра мен бүгінгі рухани дүниемізді, бүгінгіміз бен ертеңгі мұратымыздың арқауын үзбей, ұштастыра дамытуда белсенділік танытса», – деді Д.Мыңбай. Ал енді жалпы мәдениет саласында қан­дай істер тындырылды екен, саралап көрсек. Өткен жылы мәдениет пен ақпарат саласының нормативті-құқықтық базасын жетілдіру шеңберінде министрлік 79 нормативті-құқықтық акт әзірлеп, бекітіпті. Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алу және материалдық емес мәдени құндылықтарды қорғау туралы екі Конвенция ратификацияланып, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» және «Теле-радио хабарларын тарату туралы» заңдар қабылданған. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын іске асыру, негізінен, аяқталып, бүгінде 73 тарих және мәдениет ескерткіштері толығымен қалпына келтірілген. Ғылымды мыңдаған артефактілермен байытып, ұлттық тарих туралы көрініс беретін 30-дан астам ғылыми-қолданбалы және 40 археологиялық зерттеулер жүргізіліпті. 2011 жылдың тағы бір айтарлықтай жаңалығы – бұл баға жетпес «Қазақтың дәстүрлі мың күйі», «Қазақтың дәстүрлі мың әні» қатарына қосылған «Қазақтың батырлық жырлары» жобасы. Елбасының бастамасымен жүзеге ас­ырыл­ған жоба одан әрі де өз жалғасын та­бады. Отандық киноиндустрияны дамыту мақсатында «Қазақфильм» акционерлік қоғамы толығымен жаңғыртылды. Ақпарат­тық саладағы мағлұмат бойынша бүгінгі күні елде 2,5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы қызмет атқарса, олардың 84 пайызы (2 301) – мемлекеттік емес, ал 16 пайызы (439) мемлекеттік БАҚ болып табылады екен. Ұлттық цифрлық спутниктік желінің іске қосылуы өткен жылдың ауыз толтырып айтар жетістігі болды. Жылдың басты оқиғаларының бірі – «Қазмедиа орталығының» ашылуы болды. Баспа қызметі саласында былтырғы жылы жалпы таралымы екі миллионға жуық дана құрайтын әлеуметтік маңызы бар әдебиеттің 467 атауын шығару қамтамасыз етілді. Ұлттық мұрағат қоры жаңа құжаттармен толықтырылды: мұрағаттарға әртүрлі тасымалдағыштарда құжаттаманың 693 мың сақтау бірлігі келіп түсті. Міне, Мәдениет пен ақпарат саласындағы қол жеткізген табыстарымыз осындай. Айтқандай, биыл «Қазақстан» республикалық теле-радиокорпорациясы» АҚ бірқатар жобаның тұсауын кеспекші екен. Мәселен, Ресейдің «Бірінші» телеарнасымен бірлесіп қолға алынған жоба – «Еуразия бірінші» арнасы ақпанның 10-ынан бастап қазақ және орыс тілдерінде хабар тарата бастайды және «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің жаңа сайты іске қосылады. Аталған корпорация телеарна арқылы құқық қорғау органы қызметкерлерінің жағымды бейнесін қалыптастыруды да жоспарлап, сериал түсіруді бастапты. Алла бұйыртса, ол сериалды көгілдір экраннан осы жылы көре бастаймыз. Алқалы жиынды қорытындылаған Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед министрлік ұжымына бірқатар міндеттер жүк­теді. Соның бірі – елімізде отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін фильмдер түсі­ру­ге қатысты «Қазақфильм» АҚ-қа тапсырма берілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармашылық байқауы жалғасатын болды. Сонымен қатар Қазақстанның әрбір азаматында үйінде отырып-ақ Ұлттық кітапхананың сайтына кіріп, өзіне қажетті кітаптарды да пайдалану мүм­кін­дігі болуы керек. Бұл мәселені Үкімет­тің алға қойып отырған «Электронды үкімет» бағдарламасымен бірге жүргізу жүктелді. Бұдан былай республика аймақтарындағы, халықтық деңгейдегі мәдени ошақтарға сала министрлігі қолдау көрсететін болады. Мәдениет саласына әбден қанық Мемлекеттік хатшы: «Өкінішке қарай, министрлік осы жұмысты біршама бәсеңдетіп алды және біз мұны мойындауымыз керек. Жалпы, облыстық деңгейдегі мәдениет департаменттерінің басшыларын облыс әкімі тағайындайды. Ал біз жағдай осылай болды екен деп, аймақтардан қол үзіп қалмай, оларға да тиісті қамқорлық көрсетуіміз керек», – деді. Қуа­­нар­лық жайт, бұйырса алдағы уақытта таза қазақы мәдениет тудырып отырған домбырамыз бен қобызымызда, сыбызғыда орындалатын күйлер мен айтыс өнері ЮНЕСКО-ның «Материалдық емес мұраларды қорғау жөніндегі» конвенциясына енуі мүмкін. Онымен қоса, бұл игіліктердің арасында қазақтың спорттық ойындарының бірі – «Көкпар» сияқты материалдық емес мұралары да бүкіл дүниежүзі халықтары құндылықтарының тіз­бе­сіне енгізілмекші. Мұхтар Абрарұлы министрлік­ке осы бағытта жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауын насихаттауға мемлекеттік емес БАҚ-тар да тартылатын болды. Оның айтуынша, бізге қазір жаңа медиажоба жасау керек және ол елімізді, экономикамызды жаңғырту ісін толық қамтуы тиіс. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы Астана

2583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6481

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5852

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3594

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2979

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2939

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2915

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2646

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2630

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы